ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Макуова Нуршат Аманкосовна Ақтөбе қаласы,Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі,п.ғ.магистрі Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек. Ахмет Байтұрсынұлы ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан да жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Ол үшін білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын құрауыштардың қатар қамтылуына назар аударылуы тиіс. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Біз ұстаздар қауымы педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен қабылдауымыз керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Макуова Нуршат Аманкосовна

Ақтөбе қаласы,Бауыржан Момышұлы атындағы 62 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі,п.ғ.магистрі


Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.
Ахмет Байтұрсынұлы

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан да жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Ол үшін білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын құрауыштардың қатар қамтылуына назар аударылуы тиіс. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Біз ұстаздар қауымы педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен қабылдауымыз керек.

Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Қоғамның дамуы келешек  ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.   Қазақстан Республикасында білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.

  Бұрын оқытуда  оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту,   іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер:  «Миға шабуыл», «Әткеншек», «ЖИГСО», «Кубизм», «Бес сұрақ», «Ыстық орындық», «Өрмекші торы», «Ойлан – жұптас – бөліс», «Еркін микрофон», «Серпілген доп» әдістері, «Ментальді карта», «Рөлдік ойын», «АВС»  стратегиясы, «Венн» диаграммасы, «Текстологиялық карта», «Семантикалық карта», «Галерияға саяхат», «Болжау» стратегияларын  қолданған өте тиімді.



Жаңа тақырыпты оқуға арналған белсенді әдістер:

1.«Интерактивті дәріс»

Орындалу барысы

А.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.  Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет.

 ВОқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінедіОқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді. 

С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады.  Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

2.  Фильмдерді көру және оны талдау 

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.

       Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес,  сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.

3.«Мозаика»

 Өткізу кезеңдері

А.  Үзінділерге  бөлінген,  тапсырмамен жұмыс істеу үшін  оқушылар 4-6  адамнан   құрылған  топтарға   ұйымдастырылады  (логикалық немесе  мағыналы блоктар).  Шағын топтың әр бір мүшесі  өз бөлімі бойынша материал табады.

В. Содан кейін  бір сұрақты  зерттейтін,  бірақ әр түрлі  шағын топтарда тұратын  оқушылар  осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты,  кездеседі  және осы ақпаратпен алмасады.     Бұл «сарапшылар  кездесуі» деп аталады.   

С. Ары қарай сарапшылар  өздерінің шағын топтарына  қайтады  және  басқа шағын топтардың мүшелерінен  үйренген барлық  жаңа  білгендерін үйретеді.    Яғни,  өз кезегінде,  өз  тапсырмасының бөлігі туралы   баяндайды  (бір  араның тіліндей). Өйткені материалды  барлық фрагменттерімен  меңгерудің  жалғыз жолы,   серіктестерін  команда  бойынша  мұқият тыңдау  және жазып отыру,   мұғалім тарапынан  ешқандай қосымша күш  талап етілмейді.   Оқушылар  жолдастарының  өз тапсырмаларының  адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл  олардың  қорытынды бағаларына әсер етеді.   Барлық  тақырып бойынша  әр қайсысы  және барлық команда толық жауап береді.

Д. Қорытынды кезеңде  мұғалім  осы тақырып бойынша  кез келген сұрақты команданың   кез келген мүшесінен  сұрайды.  

4. «Аквариум»

Мақсат:  оқушыларға   проблеманы  талқылауға  еркін кіруге  және шығуға  мүмкіндік береді.

Өткізу кезеңдері

Оқушылар мұғаліммен бірге  екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі  (белсенді қатысушылар). Ішкі шеңбердің мүшелері   мұғаліммен ұсынылған  сұрақты талқылауға  белсенді қатысады.  Басқа оқушылар  бақылайды және  олардың қайсысының   нұсқасы  қызықтырғанда ғана  сөз сөйлейді; олар толықтырады,  сұрақтар қояды,  нақтылайды.  Сонымен қатар   оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы»  белсенді қатысушының қасына  тұруға тиіс.Бір проблеманы (сұрақты)  талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар  шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар  шеңберде болуы керек.  

5. Кейс-стади

Сase-study өткізу кезеңдері

 Кесте  1

Кезеңдер. Мұғалімнің әрекеті.          Оқушының әрекеті

Сабаққа дейін

А.  Кейсті алады ( нақты жағдай).

В.  Оқушыларды дайындау үшін  көмекші материалдар мен  негізгілерді анықтайды .

С. Сабақтың сценариін өңдейді.

А. Ұсынылған әдебиеттің  тізімі мен кейсті  алады.

Д.  Жағдайды талқылауға  дайындалады.

Сабақ барысында        

А.  Кейсті алдын ала талқылауды ұйымдастырады.

В.  Сыныпты топтарға бөледі.

С.  Кейсті топшаларда   талқылауды жетекшілік етеді,  оқушыларды қосымша  мәліметтермен  қамтамасыз етеді.          

А.  Кейсті және проблеманың түсінігін  тереңдететін  сұрақтарды қояды.  

В.  Шешімдердің нұсқаларын өңдейді,  басқалардың ойларын назарға алады.

С.  Шешімдерді қабылдауға қатысады.

Сабақтан кейін        

А.  Оқушылардың жұмыстарын бағалайды.

В.  Қабылданған шешімдерді және  қойылған сұрақтарды  бағалайды.  Берілген үлгі бойынша  сабақ туралы жазбаша есеп  құрайды.  

6.Құрылымдалған қайшылықтар  әдісі

Өткізу кезеңдері

А. Төрт адамнан  шағын топта  оқушылардың екі жұбы  айқындалады.  

В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы  проблемаға  айшықталған  және  қарсы  шешімі бар тапсырма алады.   

С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру  үшін   қажетінше көп материал жинау мақсатында,  әр бір жұп  проблеманың бір жағын талқылайды.

Д. Содан кейін әр бір жұп  проблеманың қарсы жақтарын  талқылайды.

Қорытындысында  барлық шағын  топтың  проблемаларын  біртұтас шешу   болуы қажет.  

  7.«Алаңдардағы белгілер» әдісі

Оқушылар  мәтін алады және  оған тиісті белгілерді қояды:  

+” –  сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге сәйкес болса, алаңға қойыңыз;

-” – сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге қарсы болса немесе бұны білемін деп ойласаңыз, алаңдарға қойыңыз;

V” - сіздің оқып отырғаныңыз   жаңа болып табылса, алаңдарға қойыңыз;

?” - сіздің оқып отырғаныңыз, түсініңсіз болса немесе  бұл сұрақ бойынша сіз нақты  мәліметтерді алғыңыз келсе  алаңдарға қойыңыз.  

Осылайша,   мәтінді оқу барысында оқушылар   өз білімдері мен түсініктеріне сәйкес  алаңдарға  төрт түрлі белгі қояды. Жұмысқа уақыт  мәтіннің көлеміне қарай бөлінеді.

8.«Бес сұрақ» әдісі  

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.

Жұмыс алгоритмі

  Үлкен қағаз бен маркер керек.Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады. Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.  Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.

9.  Ойын жинақтау әдісі

Түсінік- бұл   логикалық түрде ресімделген   зат туралы жалпы бір нәрсенің идеясы.Ойын жинақтау әдісі  оқытылатын пән немесе  зат құбылыс туралы  терең және толық  мәлімет береді.  

Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі.

1) Мұғалім ұғымдар  сипаттамаларына кіріспе береді.  

Бұл сипаттамалар бойынша  оқушылар  қандай түсінік туралы әңгіменің өрбігенін.

2) Мұғалімнің  ұғымға қосымша мінездеме  енгізу.

Сипаттамалар  осы ұғымға жататындығын оқушылар анықтауы қажет.  

3) Сабақта әлі айтылмаған  оқушылар өздерінің сипаттамаларын беруге тиіс.

Осы ұғым бойынша оқушылар  қорытынды жасайды.  

10. «Сүйсіну» әдісі.

«Жағымды» тарихи  қайраткерлерді оқығанда  қолданады.   Өзіңе ереше

ұнайтын  қасиеттерді табу, оларды атау не үшін екенін түсіндіру.  

Әр оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар дайындау қажет. Ол үшін әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді болуы керек.Мұғалім сабақ барысында берілетін тапсырмаларды өмірмен байланыстырып алғанда ғана оқушы кез келген қиындықтардан жол тауып шығуды үйренеді, өмір сүруге бейім болады. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой – өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше. Міне осындай белсенді әдіс-тәсілдерді  оқу – тәрбие үрдісінде пайдаланудың арқасында оқушылардың белсенділігі артып, жан – жақты дамиды, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі деп өз ойымызды білдіргіміз келеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек.Менің қазіргі таңдағы жаңартылған білім беру мазмұнына қосар үлесім, осы белсенді әдістерді тиімді сабақтарымда пайдалана білу болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:

1.Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Алматы, 2005.

2.Әлімов А.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы.-Алматы,2013.

3.Н.М. Сламбекова Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. – Алматы, 2001.

4.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау.

5.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,55-108 бет.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі