жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Бабан Айсәуле Жалғасқызы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Аңдатпа. Бұл мақалада жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың қазақ тілі мен биология пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Функционалдық сауаттылық оқушылардың өз бетімен ойлау және логикасын дамытып қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кілт сөздер: функционалдық сауаттылық, логикалық ойлау, Халықаралық зерттеулер, жаңартылған білім мазмұны, жаңа технологиялар.
Аннотация. В данной статье рассмотрены вопросы формирования функциональной грамотности учащихся по казахскому языку и биологии в условиях обновленного содержания образования. Функциональная грамотность способствует не только развитию логики и самостоятельного мышления учащихся, но и творческой работе.
Annotation. This article discusses the formation of functional literacy of students in the Kazakh language and biology in the conditions of updated content of education. Functional literacy contributes not only to the development of logic and independent thinking of students, but also to creative work.
Keywords: functional literacy, logical thinking, international research, updated content of education, new technologies.
КІРІСПЕ
Білім бepу кeңіcтігіндeгі түбeгeйлі өзгepіcтep – тapиxи oбъeктивті пpoцecc. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі заманауи басқарудағы инновациялық қадамдар мен педагогикалық тиімді әдіс – тәсілдерін тәжірибемде қолданудың маңызы зор. Бұл бағытта оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, ұжымда, топтарда жұмыс істеу барысында логикалық, шапшаң есептеу қабілеттерін, сыни ойлауын, функционалдық сауаттылығын дамытып, оқушылардың алған білімдерін іске асыра білуіне, танымдық белсенділігін арттыруға септігі тиеді. Және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың қадамы сынды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ҧйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді [Жолдау, 31 қаңтар 2017.Рavlodarnews.kz.]. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Әлемдік тәжірибелер білім беруді реформалау жағдайында білім беру процесі сапасын арттыруда және сарапшының кәсіби мәдениетін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. сарапшының кәсіби мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын түсіне отырып, өзінің бейнесін білім беру сапасы мағынасын қайта ой-елегінен өткізу талпынысынан, білім беруді басқару жүйесін ғылыми тұрғыда негіздеуден және олардың әдіснамалық, әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудан табады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2019 жылдың қазан айында Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырған «Мектеп өмірін өзгертуші мұғалімдер» атты ХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда педагогикалық қауым алдында Израильден келген Йорам Харпаз деген сарапшы баяндама жасады. Й.Харпаздың пікірінше: «бүгінгі күні мектептерге бұрынғы көзқараспен қарау қажет емес» де келе, мынадай ойтұжырым жасады (Кесте 1):
|
|
Бұрыннан келе жатқан көзқарас |
Жаңа педагогикалық көзқарас |
|
Оқыту Обучение |
Түсіндіру |
Оқу процесіне тартылу Вовлеченность в учебный прцесс |
|
Білім Здание |
Нысан Обьект |
Құрылым Структура |
|
Ақыл Разум |
Ыдыс сосуд |
интерпретация |
Кесте 1
Кесте 1 – Жаңаша көзқарастың мазмұны Бұрыннан келе жатқан көзқарас Жаңа парадигмалық көзқарас Оқыту Обучение түсіндіру оқу процесіне тартылу вовлеченность в учебный процесс Білім Знание нысан объект құрылым структура Ақыл Разум ыдыс сосуд интерпретация Елеулі айырмашылықтар зерттеудің әртүрлі әдіснамасымен түсіндіріледі. Мысалы, TIMSSте көбінесе оқушыларға тән үлгі бойынша қайта шығару және қолдану деңгейінде негізгі білім мен іскерлікті меңгеру тексеріледі. PISA тапсырмаларында игерілген пәндік білімдер мен оқу іс-әрекеттерін жаңа жағдайда қолдану қабілеті, ұсынылған мазмұнда жаңа ақпаратты анықтау, оны түсіну және талдау тексеріледі. Алайда, осының бәрін кәсіпқойлығына талаптар күрт артқан мұғалімдерді оқыту керек. Олар педагогтің кәсіби стандартында белгіленген және құзыреттілік мәні бар. Педагогтерді өзекті даярлау үшін жаңа стандарттар әзірленеді, бұл ретте университет оқытушыларының көпшілігі педагогтардың жаңа еңбек іс-әрекеттерін (құзыреттерін) қалыптастыру тәсілдері туралы, оның ішінде функционалдық сауаттылыққа қатысты түсініктері жеткіліксіз. Жүргізілген зерттеудің басты идеясы оқытушылардың, педагогтардың функционалдық сауаттылықты дамытуға қабілетін олардың кәсіби құзыреттілігінің, жалпы педагогикалық қызметінің негізгі көрсеткіші ретінде көрсету болып табылады. Заманауи педагогикалық өлшемдерде оқытудың белгілі бір объективті заңдылықтарын көрсетеді және қазақ тілі пәні және биология пәні мұғалімі мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында іс-әрекетін анықтайтын ұстанымдарды түсіндіреді. Оқытудың стратегиялары мен тактикасын шарттастыратын оқыту ұстанымдары оқу процесін және олардың компоненттерін құруда қажетті құралдары және білім беру іс-әрекетінің нормалы процессі үшін қажетті шарттар болып табылады. Оқыту принциптерінің тарихы, олардың номенклатурасы, мазмұны мен функциясы түрлі өзгерістерге ұшырайды: бір жағынан, ғылым, техника мен технологиялардың деңгейлері, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық шарттары; екінші жағынан, білім беру жүйесі алдына қоятын міндеттер [Қобдикова Ж.Y., 2000, 101 б.]. Жалпы функционалдық сауаттылықты қазақ тілі сабақтарында бағалаудың ұстанымдарына оқу процесінің (технологиялары мен оқыту әдістерін қоса есептегенде) сәйкес компоненттерін құрайтын және жүзеге асыратын мақсатты, тізбекті тұғырларын жатқызуға болады. Бүгінгі күні ғылымда оқыту ұстанымдарының сипаттарына қатысты түрлі амалдар байқалады: психологиялық, кибернетикалық, әдістемелік, т.б. Заманауи зерттеулерде оқыту ұстанымдары түрлі атаулары мен санына қарамастан тарихи-педагогикалық және психологиялық негіздемелерге ие, оқыту заңдылықтарының бірдей тенденцияларын бейнелейді. Оқу процесін интенсификациялауда және оқушылардың қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы амалдар мен мақсаттар ерекше мәнге ие болады және өзекті. Ұлттық жүйелерден – ОЖСБ/ВОУД және ҰБТ. Таяудағы жылдары бізде PISA, TIMSS және PIRLS – халықаралық зерттеулері де өтіп жаты – бұл жауапты кезеңдер және оларға біз егжей-тегжейлі дайындық үстіндеміз. Бұл міндеттерді шешудің табыстылығы көп жағдайда білім жетістіктерін бағалау жүйесінің қалай ұйымдастырылғанына байланысты: ол оқушыларды қаншалықты қолдайды және ынталандырады, нақты кері байланысты қаншалықты қамтамасыз етеді, оқушыларды дербес бағалау қызметіне қаншалықты қосады, білім беру жүйесін басқару үшін қаншалықты ақпараттандырады (Кесте1).
Оқушыларды қаншалықты қолдайды және ынталандырады
Нақты кері байланысты қаншалықты қаншалықты қамтамасыз етеді
Оқушыларды дербес бағалау қызметіне қаншалықты қосады
Білім беру жүйесін басқару үшін қаншалықты ақпараттандырады
Сурет 1
Білім жетістіктерін бағалау жүйесінің ерекшеліктері Барлық уақытта білім мен іскерлікті тексерудің әртүрлі тәсілдері болды. Тарихи даму процесінде тек қана формалар, белгілер қою тәсілдері, бақылау-өлшеу іс-шараларын өткізу жиілігі және олардың мазмұны, оқушыларға әсер ету шаралары, мотивациялық элементтер және басқа да факторлар өзгерді. Қазіргі уақытта бағалау жүйесінің функциялары кездеседі: Нормативтік функцияның құрамына енеді: – мемлекет бекіткен эталонға қатысты нақты оқушының жетістіктерін ол үшін оның оқуы мен оқу орнын аяқтауына сәйкес келетін барлық құқықтық салдарлар болуы үшін тіркеу; – жекелеген оқушылардың, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейін және мұғалім жұмысының сапасын әкімшілік қадағалау. Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы мазмұндық байланыстың негізгі сәттерін, оқушылардың мазмұндық және эмоциялық рефлексиясын, сондай-ақ мұғалімдердің педагогикалық рефлексиясын қамтитын ақпараттық-диагностикалық функция. Өйткені, бағалау ең алдымен, нақты сыныптағы білім беру үдерісімен, жеке оқушылардың мектептегі әлауқаты сияқты тақырыптағы ой-өрісі үшін түрткі болады. Оқушылардың іс-әрекетін уәждеумен байланысты жазалау-ынталандыру функциясы қосымша түсіндіруді талап етпейді. Қолданыстағы бағалау жүйесінің кемшіліктері: – жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті нақты критерийлері жоқ; – педагог әр оқушының бірыңғай критерийлерге қол жеткізуіне емес, жалпы сынып білімінің орташа деңгейіне бағдарлана отырып, белгі қояды; – оқушыларға қойылған белгілер оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша білімнің, іскерліктің, дағдылардың нақты элементтерін меңгергені туралы түсінік бермейді, бұл әрбір оқушының жеке оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді; – оқу процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушылардың оқуға деген жоғары ынтасын туғызбайды. Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау ерекшеліктерін бағалау принциптеріне сәйкес түсіндіруге болады: 1-ші ұстаным: Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, оқушылардың ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасау. Бағалау үздіксіз үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады: жоспарлау-оқыту-бағалау-жоспарлау -... 2-ұстаным: Бағаланатын және бағалаушы сол және басқа үшін барынша айқын болуы тиіс бағалау шарттары мен өлшемдерін алдын ала білуі тиіс. 3-ұстаным: Бағалау шарттары мен критерийлері баланың даму жағдайы, бұрын жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы неғұрлым объективті ақпарат алу үшін жеткілікті сан алуан болуы тиіс 4-ұстаным: Бағалау процедурасының маңызды кезеңі: бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс. Тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар бала жақын арада жұмыс істеу керек екенін сезінуі керек. 5-ұстаным: Өзінің қандай да бір білу, түсіну немесе бірдеңе істеу қабілетін бағалай отырып, бала әрқашан өз алдында рөлдік модель болуы тиіс [Қаpаев Ж.А., 2005, 233 с.]. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар: Бағалау жүйесі: қандай да бір оқу материалының қаншалықты табысты игерілгендігін, қандай да бір практикалық дағдының қалыптасқанын, яғни басқаша айтқанда, оқушыларға қол жеткізген деңгейді «Қазақ тілі» курсына қойылған талаптардың белгілі бір минимумымен салыстырып тексеруге мүмкіндік беруге тиіс. Бағалау жүйесі: әрбір оқушының жалпы дайындық деңгейінің өзгеруін, сондай-ақ танымдық іс-әрекеттің әр түрлі салаларындағы (ақпаратты меңгеру, ақпаратты өңдеу, өз ойлары мен бейнелерін шығармашылық тұрғыдан ұсыну және т.б.) табыстарының динамикасын анықтап, білім алуда оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктерінің бедерлі көрінісін алуға мүмкіндік береді. Белгілерді қою тетігінде оларға қойылған ақпаратты барабар интерпретациялау мүмкіндігі қойылуы тиіс, ол үшін бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды белгілерді қою тәсілдерінің, сондай-ақ қол жеткізу үшін осы белгілер қойылатын мақсаттардың мағынасында мүлдем айқын болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, бірінші жоспарға ақпараттық-диагностикалық бағалаудың жазалау-ынталандыру функциясы шығады, оның орта білім аясында болу заңдылығына қатысты үлкен күмән бар. Бағалау жүйесіне оқушылардың өз жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ынталандыратын және дамытатын, сондай-ақ оқу процесі барысында онымен болған рефлексия механизмі қойылуы тиіс. Бұл ретте өзін-өзі бағалау жүргізетін оқушының өзі келген нәтижелерді мұғалімнің бағалауымен салыстыру мүмкіндігі болуы тиіс. Бағалау жүйесінің толық ашықтығы өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып табылады. Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қарастыруы және қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай байланыссыз оқу процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарас болуы мүмкін емес, яғни оның тұтастығын қамтамасыз ету. Бағалау жүйесі нақты мектеп сыныбына қатысты бірыңғай болуы тиіс. Әр түрлі қағидаттарға негізделген бағалау жүйесінің әр түрлі сабақтарда тиімді болуы мүмкін емес. Бағалау жүйесіндегі принциптік сипаттағы айырмашылықтар оқушылардың жас топтары арасында ғана мүмкін, бірақ пәндер топтары арасында емес. PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Гонконг және т.б.) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың инварианттық (міндетті) және вариативтік (мектептің таңдауы бойынша) бөліктері арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады. Оқу жоспарлары оқу әдебиетін, математиканы оқыту және жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, тілдік сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу сағаттарының қажетті санын бөлуді қарастырады. Бағалаудың барлық принциптері мен талаптарына ең қолайлы және жауап беретін критериалды бағалау болып табылады. Критериалды бағалау-бұл оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, процестің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқутанымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін критерийлермен салыстыруға негізделген процесс. Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату және баланың оқуға қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады. Жоғары оқу орындарының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталықтары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өңірлік орталықтарының базасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының мазмұны жаңартылып, іске асырылатын болады. Мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық құзыреттілігін диагностикалау жүйесі әзірленетін болады. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайлануы қолдау табатын болады. Мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып ең үздік оқытушылардың сабақтарына қатысу қолжетімділігі ұсынылатын болады. Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық білім мен тапсырмалар беру жойылады. Ол оқу процесін неғұрлым икемді етіп, практикалық бағыттауға мүмкіндік береді. Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ететін болады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады. Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі (аралық және қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы және жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБСда белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБСда және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік құзыреттіліктер жатады. Мониторинг нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондайақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді. Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті. Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылығын арттыру әдіснамасы әзірленеді. Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университетін құру. Аталған қоғамдық институт әрбір білім алушының отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, отбасы мен мектеп мүдделерін өзара қолдап, ортақ жағдай жасауға әсер етеді. Бұл ретте мектеп есептілігінің және оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы қауымдастыққа толық және ашық ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз етіледі. Инновациялық әрекеттің нәтижесі пән мұғалімдерінің алғашқы педагогикалық тәжірибелерін трансформациялау мен дамыту болып табылады. Инновациялық жобаларды қолдану процестің сапасына және орта буын оқушыларының білім беру нәтижелеріне позитивті әсер етеді. Орта буын мектеп оқушыларының (7-сынып) функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттерін есепке ала отырып, келесі мәселелер анықталған: 1) нормативті-құқылық база; 2) ғылыми зерттеулер; 3) ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары; 4) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер; 5) оқыту технологиялары; 6) білім нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау; 7) мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру; 8) ақпараттық орта; 9) имидждік жобалар [Бұлақбаева М.К., Ермағанбет Ж., 2016, Б.42-45.]. Функционалдық сауаттылықты бағалау – білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс. Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білімі бес балдық жүйемен және басқа оқушының жетістігімен салыстырылып бағаланып келді. Яғни, оқушылардың оқу жетістігін шынайы бағалау болмады. Қазіргі таңда, әлеуметтік сұраныстарға байланысты бағалау жүйесіне де келесі өзгерістер енгізіледі: – бағамен оқушының жұмысы бағаланады; – жетістік критерийі оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт; – оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы керек; – нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет. Аталған жаңа жүйедегі өзгерістер оқушылардың оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуға өз септігін тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жетістік критерийі арқылы бағалау жүйесі оқушы бойындағы үрейленуді басады және оның бойындағы өзін-өзі бағалау, өз ісәрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Жетістік критерийі арқылы бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Жетістік критерийі арқылы бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс. Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес белгілі бір дағдыны бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің нақты тапсырмасы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы түсінік беріледі. Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру үрдісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттарға жетуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі жетістік критерийі арқылы бағалаудың басты ерекшелігі болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі. – Астана, 31 қаңтар 2017.Рavlodarnews.kz.
2. Қобдикова Ж.Y. Оқытy пpоцесін теxнологияландыpy. – Алматы, 2000.- 101 б.
3. Қаpаев Ж.А. Актyальные пpоблемы модеpнизациипедагогической системы на основе теxнологического подxода. – Алматы. 2005. – 303 с.
4. Бұлақбаева М.К. Ермағанбет Ж. Өлшемдердің педагогикалық теориясы тyралы негізгі түсініктер/ Қазақстанның ғылымы мен өмірі //Педагогика сериясы. – №3(38), 2016. – Б.42-45.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген