Материалдар / "Жаңартылған білім мазмұны" оқыту семинары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңартылған білім мазмұны" оқыту семинары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдерін меңгеру; Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар мен дискрипторлар құрастыру; Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлерді тиімді құрастыруға ықпал ету, Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлер жайында мағлұмат алады; қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлерді тиімді құрастыруда тәжірибе жинақтап, пікір алысады, білімдерін толықтырады;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы № 40 орта мектебінің І деңгейлі математика пәні мұғалімі

Тлеуова Дания Алтоновна

Қоғамда өзгерісті қаласаң, өзгерісті өзіңнен баста   А.Байтұрсынұлы



Күні: 24.11.2017жыл

Тлеуова Дания Алтоновна

Тақырыбы:

«Жаңартылған білім мазмұны - жаңашылдыққа бастама »

Мақсаты

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдерін меңгеру; Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар мен дискрипторлар құрастыру; Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлерді тиімді құрастыруға ықпал ету,

Күтілетін нәтижелер

Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлер жайында мағлұмат алады; қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлерді тиімді құрастыруда тәжірибе жинақтап, пікір алысады, білімдерін толықтырады;



Оқыту кезеңдері

коуч іс-әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

Ой қозғау.

«Өз тобыңды тап»

Топқа бөліну арқылы коучинг тақырыбын ашу.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға байланысты төрт топқа бөлу.

Жарайсың! Керемет! Тамаша! Ғажап! Жүйелі жұмыс! Ерекше! Жоғары деңгей! Теңдесі жоқ! Жақсы! Өте жақсы! Қандай әдемі ой! Мен саған сенемін! Тек алға ұмтыл! Тамаша бастау!

65% - 70 – 72 - 75 – 80 -82- 84%

85% - 87- 90 – 95 – 97 - 98- 100%

Мағынаны ажырату

Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалау туралы мағлұмат.

Слайд

Тапсырма: «Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау»

Әр топ мәтін таратылады.


Топтарға тапсырмалар:

1-2 топ: мәтіннен

бір тақырып таңдап, ат қойып оған қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын және оған дискрипторлары мен критерийін құрады;

3-4 топ: мәтінді бөлімдерге бөліп, ат қояды. Бір бөлімге жиынтық бағалаудың дискрипторлары мен критерий дайындайды;

Топтар мәтінмен танысады.


Мұғалімдер ойланып, әрқайсысы жеке, жұпта, топта талқылайды. өздерінің ең үздік деген тапсырмаларын біріктіреді, жұмыстарымен әріптестер арасында ой бөліседі.


Ой толғаныс


Бүгінгі коучингтің мен үшін құндылығы.


Ой бөлісу.

Бүгінгі жұмыстағы ең құнды мәселе қандай болды? Топта қалай жұмыс жасадым? Қандай білім мен тәжірибе алдым?

Рефлексия

«Біз инновацияларды қалай қабылдаймыз?»



Сіздер жаңа тапсырма аладыңыздар немесе сіздерде жаңа дағды қалыптастыру керек.


Жаңашылдыққа бет бұрмасақ – қомақты жетістіктерге қол жеткізуіміз екіталай. Сол себепті де бүгінде мектепте оқу үдерісі жаңартылған бағдарламалар бойынша ұйымдастырылуда, әдістемеге жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер енгізілуде, үш тілдік қолға алынуда, критериалдық бағалау жүзеге асырылуда, сабақ уақыты мен оқу күндері қысқартылуда, т.с.с. Бұларсыз болмайды!


Бұларсыз балаларымызды жаңа заман талаптарына жайындай алмаймыз, бәсекеге қабілетті ете алмаймыз!..

1. Физиологиялық шок.





2. Қарсы болу, жек көру, қабылдамау.



3. Саботаж, ештеңе жасамау.



4. Депрессия.



5. Компромиске (мәмілеге, бітімге) келу: 50:50.








6. Мән-мағына іздеу.











7. Жаттыға бастау.




8.Психикалық жүйкесін еш тоздырмай, өзін де, елді де әбігерге түсірмей, айғай-шусыз, ешкімді жамандамай, жылап-сықтамай

«Мұның қажеті қанша?!! Мұнсыз да жап-жақсы болып жүр едік қой!!! Неге керек бұл?!!»

«Ойбай, аттан! Қырып жатыр, жойып жатыр! Артымнан түсіп алды! Жұмыс жасауға еш мүмкіншілік жоқ! Құтқарыңдар! Көмектесіңдер!»

«Бұның бәрін мен онсыз да білемін! Маған қажеті жоқ!»


Үйде бүк түсіп жатып алу, жұмыстан шығып кету ықтималдығы, екі иығы салбырап салы суға кету.

«Жарайды! Мыналар қоймады ғой! Менің қолымда не бар дейсің! Амал нешік! Осылардың айтқанын жартылай ғана жасайын, мүмкін соған риза болып, менің артыма түсуді қояр!» бұрқылдап-күңкілдеп жүріп, амалы жоқтан «Бар сол тойғаныңмен!» деген кейіппен айтылғандардың жартысына жуық бөлімін жасай бастайды.

«Е, мұның бәрі қазіргі Әлемде қажетті екен ғой! Егерде әр салада ақпарат әрбір 2,5 айды екі еселеніп отырса, онда бұл жәйт барлығымызды да жаңаша жұмыс жасауға мәжбүрлейді екен ғой! Біздің ұжым да заман талабына сай болу үшін жанталасуда екен ғой! Амал нешік олай болса! Осылайша біз жұмысымызды жақсартып, жоғары жетістіктерге жетеді екенбіз!»

Ұйымдастырылып жатқан курстар, семинарлар, тренингтер мен коучингтерге қатысу, әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісу, олардан көмек пен ақыл сұрап, олармен кеңесіп, бірлесе жұмыс жасау.


«Осы талаптардың, менің жасап жатқандарымның мүмкін бір пайдасы мен қажеті бар шығар! Соны қарастырайын!»


Өзіңізді кім деп санайсыз: новатор ма, әлде консерватор ма?


Консерваторлар жаңалықтарға осылайша 7 ахуал мен тұрақтан кейін келеді екен. Новаторлар жаңалықты бірден «Мән-мағына іздеу» нүктесінен қабылдайды екен.















Асхат Әлімов.

Қазіргі күнгі Төртінші ақпараттық-технологиялық революциясы заманында жаңа технологиялар адамзат дамуының негізгі қозғағышы деп қабылданады. Тек жаңа технологияларды дамыту арқылы ғана адамдар мен ұжымдар (компаниялар, фирмалар, мекемелер, кәсіпорындар) табыс пен жетістіктерге қол жеткізеді.

Сондықтан да жаңашылдық біздің өміріміздің әр күнінен мықтап орын алуы керек. Бізге күнделікті түрде жаңалықтарға ден қойып, жұмысымызға жаңа серпін мен леп қосып отыру қажет. Өйткені бүгінде ақпараттың жартылай ыдырау уақыты 2 жылға қысқарды, яғни кез келген ақпарат әр 2 жылда ескіріп, өзектілігін жоғалта бастайды екен.

Қысқасы, егерде жаңашылдыққа бет бұрмасақ – қомақты жетістіктерге қол жеткізуіміз екіталай. Сол себепті де бүгінде мектепте оқу үдерісі жаңартылған бағдарламалар бойынша ұйымдастырылуда, әдістемеге жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер енгізілуде, үш тілдік қолға алынуда, критериалдық бағалау жүзеге асырылуда, сабақ уақыты мен оқу күндері қысқартылуда, т.с.с. Бұларсыз болмайды! Бұларсыз балаларымызды жаңа заман талаптарына жайындай алмаймыз, бәсекеге қабілетті ете алмаймыз!..

Біз осы секілді инновацияларды қалай қабылдаймыз? Адамдарды жаңашылдықты қабылдау тұрғысынан екіге бөлуге болады екен: консерваторлар (жаңашылдықты қабылдауы қиын) мен новаторлар (жаңашылдыққа бейім).

Олардың айырмашылығы мынандай болады: консерваторлар кез келген жаңашыл бастаманы жақтырмай қарсы алып, мынандай жолмен өтеді екен, мынандай ахуалдарды бастан өткереді екен.

1. Физиологиялық шок. Мәселен, қызметкерлер жаңа тапсырма алады немесе оларда жаңа дағды қалыптастыру керек болады дейік. Алдымен консерваторлар бұны ести сала өре түрегеледі, жан-тәнімен ондайды қабылдамайды: «Мұның қажеті қанша?!! Мұнсыз да жап-жақсы болып жүр едік қой!!! Неге керек бұл?!!» Осылайша олардың шырылдаған жан айғайы шығады. Жылайды, сықтайды, бұрынғыны жоқтайды, жаңалықты боқтайды, оларды ұсынғандарды даттайды, ызаға булығады, тіпті сырқаттанып та қалады.

2. Қарсы болу, жек көру, қабылдамау. Жылағаннан түк шықпағанын көргеннен соң консерваторлар жаңа бастамаларға қарсы күрес ашады: елді үгіттейді, жақтастарын жинайды, жаңалықтың кемшіліктерін тізбектейді, оның бұрынырақта болғанын, бірақта еш мардымды нәтиже бермегенін тілге тиек етеді. Олардың жиналыстарда жаңалыққа қарсы дәлелдер келтіруі мүмкін, оның қажеттілігіне шек келтіреді, күмәндарын ортаға салады, жоғары жаққа арыз жазады, шағымданады, тіпті сотқа береді, байбалам салады: «Ойбай, аттан! Қырып жатыр, жойып жатыр! Артымнан түсіп алды! Жұмыс жасауға еш мүмкіншілік жоқ! Құтқарыңдар! Көмектесіңдер!» деп.

3. Саботаж, ештеңе жасамау. Жаңашылдықты жүзеге асыру әрекеттеріне қосылмайды. Уәждері мынандай болады: «Бұның бәрін мен онсыз да білемін! Маған қажеті жоқ!» Басқаларды да үгіттейді, оларды жасамауға шақырады.

4. Депрессия. Қарсылықтарынан дым шықпағаннан кейін консерваторлар дал болады. Не істерін білмейді, өйткені басқалар әрекет жасауда, қыбыр-қыбыр қимылдауда. Өзінің ортақ іс пен өзгелерден тыс қалуынан, қанша қарсыласқанымен түк шықпағанынан консерватор қаймыға бастайды, әуре-сарсаңға түседі, уайымдап, қапалана бастайды, депрессияға ұшырайды: үйде бүк түсіп жатып алуы мүмкін, жұмыстан шығып кетуі ықтимал, екі иығы салбырап салы суға кетуі де ғажап емес.

5. Компромиске (мәмілеге, бітімге) келу: 50:50. Жаңашыл бастамалар үдеп барады, жүзеге жан-жақты асырылып жатыр. Өз дегеніне жете алмағаннан кейін консерватор ақырындап шегіншектей бастайды. Бұрынғыдай қасарысып отырса да ол енді ақырындап жаңашыл әрекеттерге аяқ басады, бұл жолда өзін-өзі ақтайды: «Жарайды! Мыналар қоймады ғой! Менің қолымда не бар дейсің! Амал нешік! Осылардың айтқанын жартылай ғана жасайын, мүмкін соған риза болып, менің артыма түсуді қояр!» деп. Консерватор енді жаңашыл әрекеттерге ден қойып, бұрқылдап-күңкілдеп жүрсе де, амалы жоқтан «Бар сол тойғаныңмен!» деген кейіппен айтылғандардың жартысына жуық бөлімін жасай бастайды.

6. Мән-мағына іздеу. Қарсы әрекеттерден дым шықпағаннан кейін консерватор «Осы талаптардың, менің жасап жатқандарымның мүмкін бір пайдасы мен қажеті бар шығар! Соны қарастырайын!» деп жаңа бастамалардан мән мен мағына іздей бастайды, оларды ақтап, өз әрекеттерін де түсіндіруге тырысады: «Е, мұның бәрі қазіргі Әлемде қажетті екен ғой! Егерде әр салада ақпарат әрбір 2,5 айды екі еселеніп отырса, онда бұл жәйт барлығымызды да жаңаша жұмыс жасауға мәжбүрлейді екен ғой! Біздің ұжым да заман талабына сай болу үшін жанталасуда екен ғой! Амал нешік олай болса! Осылайша біз жұмысымызды жақсартып, жоғары жетістіктерге жетеді екенбіз!» деп.

7. Жаттыға бастау. Жаңашыл идеялардан мән-мағына тапқан консерватор енді жаңаша жұмыс жасау амалдарын, құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолдануға үйрене бастайды: ұйымдастырылып жатқан курстар, семинарлар, тренингтер мен коучингтерге қатыса бастайды, әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісе бастайды, олардан көмек пен ақыл сұрайды, олармен кеңеседі, бірлесе жұмыс жасай бастайды.

Консерваторлар жаңалықтарға осылайша 7 ахуал мен тұрақтан кейін келеді екен.

Ал жаңашылдардың (новаторлардың) консерваторлардан айырмашылығы қандай десек, мынада екен: новаторлар жаңалықты бірден «Мән-мағына іздеу» нүктесінен қабылдайды екен. Сол себепті де олар психикалық жүйкесін еш тоздырмай, өзін де, елді де әбігерге түсірмей, айғай-шусыз, негативтік пиғылда болмай, ешкімді жамандамай, жылап-сықтамай, «Амал жоқ! Бұл жаңалықтарды жасау – уақыт талабы! Сол себепті де олардан қашып құтылмайсың! Керісінше, оларды жүзеге асырудың ең тиімді амалдарын іздейік!» деп білек сыбана жұмысқа кіріседі. Олар жаңалықтарды болдырмаудың сылтауларын іздемей (олар бәрібір осы жұмысты жасамай қоймайтынын біледі), бірден жаңашылдықты болдырудың жолдары мен амалдарын іздейді.

Сонымен новаторлар «Физиологиялық шок», «Қарсы болу, жек көру, қабылдамау», «Саботаж, жұмысты жасамау», «Депрессия», «Компромиске (мәмілеге, бітімге) келу» тұрақтарына аялдамай, «Мән-мағына іздеу» деңгейіне бірақ шығады екен. Осылайша олар қаншама уақыт, ресурс, жүйке, ден-саулық, елдің жақсы қатынасын үнемдеп қалады десеңізші!..

Өзіңізді кім деп санайсыз: новатор ма, әлде консерватор ма?

Семинар соғында: Кері байланыстың мәнін «Екі пікір, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.

























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!