жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Ustaz tilegi – Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайты
Жарияланған материалдың веб сілтемесі:
https://ust.kz/word/jangartylgan_bagdarlama_ayasyndagy_kriterialdy_bagalaydyng_roli-67113.html
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫ
БАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ
Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының, ел ертеңі – жас ұрпақтың болашағы үшін табысты болуы, оны іске асыратын мұғалімдердің еңбегімен өлшенетіні сөзсіз. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім екенін ескерсек, білім беруді реформалау жағдайындағы айрықша өзекті мәселелердің бірі – қазіргі қоғамдағы мұғалімнің қызметі. Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге аса зәру болып отыр. Сол себепті кез-келген инновациялық тапсырмаларды шешуге ойлы, шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса қабілетті мамандар қажет [1].
Бағдарлама оқушылардың білім алуы мен қатар олардың өмірге қажетті дағдыларының қалыптасуына бағытталған мақсаттарды жүйелеп, спиральді әдіспен жас ерекшелігіне сай тұлғалық дамуға әсер етуді көздейді. Осы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне негіздей отырып, атқаратын ең маңызды рөлі – сабақты өз бетімен жоспарлау.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Мұғалімдер қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылыққа тәрбиелеу, дағдыларды меңгерту. Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критериалды бағалау жуйесінің бірнеше тиімділігі бар олар:
-
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
-
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
-
оқушылардың білім сапасын арттырады;
-
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
-
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Жалпы алғанда, критериалды бағалау дегеніміз – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үдеріс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты – оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың әдістерін тиімді әрі жүйелі өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Ол үшін мұғалім әр сабақта оқу мақсатына байланысты нақты критерий мен дискриптор құрып отыруы тиіс. Бағалау критерийлері нақты оқу мақсатына негізделіп жасалады. Дескрипторлар тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі бойынша қорытындыланады.
Табысты оқытуға қол жеткізу үшін мұғалім оқушының тақырыптың мәнін өз бетінше меңгеруін түсініп, бағалай алуы да маңызды. Қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін пайдаланып, үнемі оқушының жетістік деңгейін анықтап беріп, қолдау көрсетіп, осалдау тұсын нұсқау беру арқылы көрсетіп тұруды да алдын ала жоспарлау маңызды.
Оринбекова Гульмира Ержановна,
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы,
«Болашақ» жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген