Материалдар / ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ Тізгінбаева Райгул Кенжеханқызы ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Тізгінбаева Райгул Кенжеханқызы


ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Өз ұлтын, тілін  сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ.

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау - баршамыздың парызымыз.

Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты - өркениетті елдердің қатарынан көріну, ел мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның  барлық өміріне апат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие», – депті Әл-Фараби бабамыз.

Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне де жете көңіл бөле білген. Баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбиесін ерекше бағалап: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген. Кез келген білім ошағы ұлттық тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп білім берер болса, ұрпағымызды өз ұлтын мақтаныш тұтар азамат болары хақ.

Тәрбие–жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» - дейді.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына  сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай  шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиенің әсері К.Д. Ушинский, А.В. Луначарский, Н.К. Крупская және т.б. еңбектерінде қарастырылса, жеке тұлғаны дамыту мәселелері П.П.Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, Л.В.Занковтың, Д.Б.Элкониннің және т.б. еңбектерінде негіз болды.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі - Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. шығармаларының негізгі арқауы. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды» (білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға) тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.

Тәрбиенің негізгі  мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі ояу, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,ар-ожданы, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Тәрбие ісі- ұзақ және күрделі үдеріс. Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үдерісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені, мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.

ХХІ ғасыр – ақпараттар мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай жастарымызды тәрбиелеп, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ояту-қоғамның бүгінгі ең өзекті мәселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне селқос қарауға болмайды.

Тәуелсіз мемлектіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаттарының бірі - еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, оның әлемдік білім кеңістігінен орын алуы. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұруды, нәтиже мен сапаға бағыттауды, сондай-ақ  бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетіліп отыр.

12 жылдық білім беруге  біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтің, ата-ананың саналы түрде түсініп, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын үдеріс дейтін болсақ, мектеп бала тәрбиесіндегі белсенді де баға жетпес әлеуметтік орталыққа айналатындығы хақ.

Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты - жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете  білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында жинақтаған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.  Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

- тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру;

- құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;

Оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу - оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат- мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің жетілуі мен қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсат – міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын жүзеге асыра отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыруы қажет.

12 жылдық оқытудағы тәрбие жүйесі – мектеп жасындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру үдерісін реттеу мен әлеуметтік рөлдерін игеруге ықпал жасайды. Міне, сондықтан да 12 жылдық білім беруде әр ұстаз баланың өзін-өзі дамыту күштерін қалыптастыру керек. М. Князеваның ойынша «адамның өзін-өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады», - деген екен.

12 жылдық білім беруде тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болуы:

  • тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы;

  •  тәрбиенің жүйелік сипатта болуы;

  •  тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін

  • мұғалімдердің өзара әрекеттестігі – тәрбие жүйесінің кепілі;

Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі тәрбие берудің ерекшелігі –тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана   шектеліп қана қоймай, жалпы адамзаттық және өркениетті дамыған мемлекеттердің озық жетістіктерін, мәдениетін т.б. адамгершілік құндылықтарын игеру арқылы тұлғаның жан-жақтылығын тәрбиелеу.  Әрине, айтылған мақсатқа жету үшін мектеп ұжымы ( пән мұғалімдері, мектеп басшылары, сынып жетекшілері, медбике, психолог, т.б.) мен ата-аналар ортақ іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жетуге болады.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:

ü  Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі –  адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

ü  Үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім –тәрбие.

ü  Әр халықтың тәлім – тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой - пікірлерін оқу, оны тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру.

ü  Өнегелі тәрбие ісін, дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынаны ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыру.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр»,- деген болатын.    Тәуелсіз еліміздің азаматын парасатты да білімді, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеп, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, қалың көпшілік бірлесе күш салу керек. «Жас бала – жаңа өркен  жайған  жасыл ағаш тәрізді»,-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас  көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

Жаңаша білім берудің негізігі мақсаты - еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазға артылатын сенім жүгі салмақты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ