Маңғыстау
облысы, Мұнайлы ауданы
№
2
жалпы білім беретін орта мектептің
георгафия пәні мұғалімі
Аманбаев
Қосай Серикович
Жаңаша
білім -заман талабы
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім жүйесінде
жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен
қолданыла бастады. Ақпараттық
технологияларды және компьютерлік желі
арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану
кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық
технологияларды білім жүйесінде
қолданудың ең маңызды факторы негізгі
қозғаушы күші — адам, сол себепті
білімнің негізгі принциптері іске
асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның
шығармашылық потенциалын дамыту үшін
қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім
саласындағы жаңа коммуникациялық
технологиялар» түсінігі компьютерлік
техника және электрондық анықтамалық
жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту
әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны
оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай
өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада
инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда.
Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы
және құрылуы. Қазіргі педагогиканың
негізгі тенденциясы оқытуды
өнеркәсіптік-технологиялық процесске
айналдыру үшін дидактикалық жолын және
құралын табу болды. Бұл ізденіс
«педагогикалық технология» деген ұғымға
әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің
өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын
білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының
негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар
табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа
фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту
технологиясын құруға біртіндеп көшуді
талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына
көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік
технология білім ортасына ене отырып,
оқыту процесін жақсарту үшін құралдар
мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады.
Негізгі базалық білім беру аймағында
қызмет көрсету жағынан да қашықтан
оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан
қолдау тауып жатыр. Осы технологияны
пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам
ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту
процесінде қолданылатын жаңа әдістердің
бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқыту –
ақпараттық құралдар және ғылыми
негізделген тәсілдер арқылы білім алу
формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент
бар: оқытуды басқару және өз бетімен
білім алу.
Қашықтықтан
оқыту
– бұл қашықтықта оқыту нысаны, оқытушы
мен студенттің жеке бір кездесулерін
талап етпейтін, көбінесе Интернет
желісінде пайдаланатын коммуникация–
аудио, видеотехника және спутниктік
байланыс арналары арқылы ұйымдасқан
заманауи тәсілдері болып табылады.
Бүгін
де тек Bilimland электронды оқыту жүйесі
ғана емес, оқушылардың Kundelik.kz
онлайн-мониторинг құралы, Daryn.Online
жаңа ғасырдың жаңа форматта білім
беретін платформасы, GoogleClassroom оқытуды
басқару жүйесі, Microsoft Teams жүйелері арқылы
оқушылардың білім алуларына жағдай
жасалынған. Әр жүйенің өзіндік
талаптары, ерекшеліктері бар. Мәселен,
Google Classroom платформасы оқуға арналған
Google-дің пайдалы қызметтерін біріктіреді.
Платформада өз сабақтарыңызды,
курстарыңызды құруға, қажетті оқу
материалдарын студенттермен бөлісуге,
оларға тапсырмалар ұсынуға, оқушылардың
тапсырмаларын бағалауға және олардың
үлгерімін бақылауға және студенттермен
қарым-қатынасты ұйымдастыруға
болады.Ал Daryn.Online арқылы еліміздегі
білікті ұстаздардан білім алуға мүмкіндік
жасалған. Сондықтан оқимын деген
жандарға қашанда жол ашық, мүмкіндіктер
көп.
«Қазақтың
тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің
қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға
/қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра
білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ
серттесуге болады » - деп Мағжан Жұмабаев
айтпақшы, жаңа
форматтағы қашықтықтан оқыту жүйесі
тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес,
ата-аналар мен оқушыларға да пайдасы
бар. Еліміздің алдағы уақытта өркениетті
мемлекеттер қатарынан көрінуі, білімді
әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу заман
талабына сай білім алудан, жаңашылдықтан
бастау алатынын айтқымыз келеді.