Материалдар / Жаңаша оқытудағы оқу сауатылығына дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңаша оқытудағы оқу сауатылығына дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жасай білуге үйрету, оқылым, тыңдылым, жазылым дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
653
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ө.Қанахин атындағы орта мектебі













Жаңаша оқытудағы

оқу сауаттылығына дайындау











Өткізген: Бақтыбай А.












2016-2017 оқу жылы

Күні:

Сыныбы:11

Сабақтың тақырыбы: Жаңаша оқытудағы оқу сауатылығына дайындау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жасай білуге үйрету, оқылым, тыңдылым, жазылым дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: тыңдалым, оқылым, жазылым

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кеспе қағаздар,

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг «Архитектура»

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтін құрап, мәтінге байланысты тест құрау.

Оқушылар жұмыстарын ауыстырып белгілеп, бір-бірін тексереді.

III.Жаңа сабақ.

Тыңдалым: Мұғалім мәтінді оқып береді, мәтінге байланысты тест таратады.

Күн сәулесі

Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттар иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процестерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.

Қызық дерек: Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігінде. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.

D дәрумені кальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің, омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді.

Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.

(161 сөз)

1. Жаз мезгілінде қай уақытта күн көзіне шыққан пайдалы?

A) Кеш батқаннан кейін

B) 8 сағаттық жұмыс уақытынан кейін

C) Түскі үзіліс кезінде

D) 8 сағаттық жұмыс уақыты кезінде

E) Жұмыс уақытының ортасында

2. Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?

A) Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін

B) Апта бойы, бір сағат толық

C) Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін

D) Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін

E) Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін

3. Қандай теріде күн сәулесі әсерінен болатын D дәрумені көп өндіріледі?

A) Торы түсті

B) Қоңыр түсті

C) Қара түсті

D) Сары түсті

E) Баран түсті

4. D дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы?

A) Тіс

B) Тіл

C) Ерін

D) Жақ

E) Таңдай

5. Күн сәулесінің әсерінен ағзамыз өндіреді.

А)А дәруменін В) Вдәруменін С) С дәруменін Д) Д дәруменін Е) Е дәруменін

Оқылым: Оқушыларға мәтін, мәтінге байланысты тест таратылады.

Қымыз

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. «Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы» деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке- қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.

Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де, сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етінен 24-25 % көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10-12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұраныста болып отырғаны аян. Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.

Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттер, әсіресе, туберкулез ауауынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдсатырушы В.Толстиков деген дәрігер: «Қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады» деп жазған екен.


  1. Мәтінде жылқы туралы айтылған ақпараттың дұрыс емесін табыңыз.

А)Жылқыны өсіруде шығыны аз болады.

В)Жылқы етінің қоректік қасиеті сиыр етінен 24 – 25 % көп болады.

С) Көтерем жылқы 10-12 қойдың етін береді.

Д)Жылқының еті тез қорытылады және тез сіңеді.

Е) Жылқының тағы бір ерекшелігі оның қымызы болып табылады.


  1. Мәтіндегі асты сызылған сөзді қай сөзбен алмастыруға болады?

А)Жақсартады.

В)Әлжуаз қылады.

С)Тамақтандырады.

Д)Қуаттандырады.

Е)Тыныштандырады.

  1. Бие сүтінде қанттың мөлшері көп болатындығын қалай білуге болатындығын анықтаңыз.

А)Бие сүтінің қоюлығы арқылы анықталады.

В)Қымыз бетінің көпіршігенінен.

С)Ашытылған қымыздың дәмін көру арқылы.

Д)Ғылыми зерттеулер оын арнайы аппаратпен дәлелдеген.

Е)Саумалдың дәмін татып көру арқылы.

  1. Қымыздың көп жағдайда қай ауруды емдеуде пайдасы жоғары екендігін көрсетіңіз.

А)Ішек ауруы

В) Құрт ауруы.

С)Жаман ауру

Д)Бас сақинасы

Е)Бүйрек ауруы

  1. Мәтіннің негізгі мәліметі бола алмайтын қатарды көсетіңіз.

А)Бие сүті

В) Төрт-түлік

С)Артық шығын

Д)Емдік қасиет

Е)Пайдалы ет

Мәтінмен жұмыс (тест құрау)

Еңбекқор құмырсқа

Қыстың аяқталып, көктем мезгілінің басталуы – тылсым табиғаттың түрленіп, жасыл баққа оранып, жәндіктермен хайуанаттардың қысқы ұйқысынан оянып тіршілік етуімен басталады. Солардың бірі – құмырсқалар.

Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған. Улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар көбінесе топтасып ( 10-100 мың данасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады. Олардың иіс, дәм сезуі жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалаайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі.

Қазақстанда көбірек кездесетіні - жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ үй құмырсқалар (шымалдар), орманда көбірек кездесетін жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды «жыртқыштар» деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.

Бағалау: Әр кезең сайын оқушылар жинаған ұпай саны бағалау парағына жазылады.

Айтшы саған қай гүл тиесілі?

Қызыл гүл – 17-20 ұпай

Сары гүл - 14-16 ұпай

Көк гүл - 10-13 ұпай

Үйге: Қазақ әдебиетінен ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан шағын мәтін алып, тест құрап келу.

Қорытынды:

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле біле»

(Жүсіп Баласағұн)









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!