Ұстаздықтың қиындығы мен
қызығы...
«Біз өмір бойына жететін
білім алу»
моделінен «өмір бойы білім алып өту»
моделіне
көшуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев
- ХХІ
ғасыр мектебі ұстаз ретінде менен қазіргі тез құбылатын әлемге
бейімделгіш радикалды өзгерістерді өзімді кәсіби қызметімде
шығармашылықпен жан-жақты көрсетерімді талап етеді. Адамның
үйлесімді дамуы білім берудің өзекті мақсатына айналып
отыр.
Әрине,
өмірде бәрі де өзгереді. Қоғам оның құрылымы, құндылықтар, адам
оның талаптарымен бірге адамға деген талаптарда өзгереді. Әлемдік
білім беру кеңестігіне әркім енуге әрекеттеніп, білім беру мазмұнын
сипатына да тікелей ықпал етуде. Бұл мазмұндық сипат білім беру
саласында жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты
талқыланып, жаңа жүйенің нормативтік құқықтық негіздері қолдануда.
Білім туралы жаңа заң және оған сәйкес Қазақстан Үкіметінің тиісті
қаулыларының жобасы жасалу үстінде. «Дарын». «Болашақ». «Ауыл
мектебі» мемлекеттік бағдарламалары кезең-кезеңімен жүзеге
асырылуда. Әрине, жаңа мазмұнды білім беру жүйесін әр мұғалім
өзінше қабылдап, өзінің ұстаздық қызметіне өзінше енгізеді.
Ұстаздықтың қиындығы мен қызығы да осында.
Әрбір мұғалімнің үнемі
біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы
және жалпы мектептің кәсіби мәдениетін дамытуы – білім беру сапасын
арттырудың басты шарты. Мұғалімдер қашанда әртүрлі нысанда үздіксіз
оқу үстінде болады. Олардың білім беруді демократияландыру
жағдайында жеке басының және ұйымдастырушылық мақсаттарына, жеке
бас ерекшеліктеріне, қалыптасқан оқу және жұмыс істеу стиліне
сәйкестігі тұрғысынан, ең алдымен, оқытуды мазмұндылық әрі
технологиялық аспектіде бағалап, оқытудың неғұрлым оңтайлы нұсқасын
таңдай алуы үшін қызметкерлерді оқытудың негізгі тұжырымдамаларын
білуінің маңызы зор.
Осы құралдың мәні бойынша
оқыту дегеніміз қабілеттерді, білімдер мен тәжірибені нақты бір
мектептің нақты бір даму кезеңіндегі жұмысына қажет нақты
біліктерге айналдыру әрекеті болып табылады.
ҚР-ның
жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасынан (бұдан әрі – бағдарлама) күтілетін
нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның
нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,
ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ,
орыс, аңылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын
қамтиды.
Сонымен қатар оқуға деген
қажеттіліктерді талдау және бағалау туралы даярлаған жұмыс
құжатындағы нақтылық үлкен ой салды.
Бүгінде
білім беру саласында жұмыс істейтін қазақстандық мамандарда оқуға
деген қажеттіліктер пайда болды, бұл жылға дейін білім беру жүйесін
дамыту тұжырымдамасының қабылдауына, елімізде нәтижеге бағытталған
білім беру үлгісіне көшу жүріп жатқанына байланысты туындады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кең қоғамдық
талқыға салу үшін даярлаған жұмыс құжатында (2003) былай деп атап
көрсетілген:
«Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беру жүйесінің нәтижеге бағытталған білім беру
үлгісіне көшуі білім берудің төмендегідей құрылымдық және
функционалды негіздерін қалыптастыруды білдіреді:
-
Мектеп
бітірушінің базалық біліктері түрінде жалпы орта білім
берудің ұлттық мақсаттарын
құру.
-
Ұлттық
мақсаттарды анықтау және олардың жетістігін қадағалау барлық білім
беру процесіне қатысушылардың өзара
міндеттемелері жүйесін құруды білдіреді, олар әлеуметтік серіктестік тетігі ретінде білім
сапасын қамтамасыз ету жауапкершілігін бөлісуді
көздейді.
-
Оқытудан күтілетін нітижелердің көп деңгейлі жүйесін
құру; олар орташа және ұзақ мерзімді
сипаттағы мақсаттар болып табылады және тұлғаның мектепте білім алу
кезеңіндегі даму бірізділігін көрсетеді.
-
Оқушылардың оқудағы жетістіктерінің нәтижелерін
бағалау критерийлері мен бағалаудың жаңа формаларын әзірлеу; олар оқу пәндерінің
мазмұнына сәйкес білім, іскерлік, дағдыларды емес,
біліктердің даму динамикасы мен кең көлемдегі дағдыларды қадағалауға
бағытталған т.б.
Күтілетін нәтижеге бағытталған білім беруге көшу жөніндегі жұмыс үш
кезеңмен іске асырылады: алдыңғы, даярлық және енгізу
кезеңдері.
Сонымен, еліміздің дүниежүзілік әлеуметтік
кеңістікке кірігу бағытында дамуының өзі Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесі кадрларының алдына білім беру қызметінің
түбегейлі жаңа тәсілін меңгеру қажеттілігін қойды. Бұл
педагогтардың үлкен тобының әртүрлі формада оқуға деген жаңа
сұраныстарын тудырды.
Қазіргі заман адамының білім алу қажеттіліктері
барған сайын алуан түрлі бола түсуде. Бүгінде оларға жалпы орта
білім мен қандай да бір мамандық алу қажеттілігі ғана емес, сонымен
бірге денсаулығын қорғау және жақсарту, отбасылық өмірінің сапасын
жақсарту, қоғамдық өмірге білікті қатысу, бос уақытын мәнді өткізу,
өз тұлғасын дамыту үшін оқу қажеттілігі де енеді.
Осы қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, білім
беру қызметін көрсету саласы дәстүрлі білім беру жүйелері сияқты
тек экономикалық және әлеуметтік функцияларды ғана емес, сонымен
қатар, ең алдымен, тұлғаны дамыту функциясын – тұлғалық-дамытушылық
функцияны атқарады. Бүгінде білім берудің мақсаты – тек «кәсіби
икемділігін оңтайландыруды» қамтамасыз ету ғана емес, адамға
«өзімен-өзі болу» және «қалыптасу», іске асырылу мүмкіндігін беру,
сондай-ақ онда «үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын»
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында ХХІ ғасырдың басындағы білім берудің даму
бағыты біздің көз алдымызда мына төмендегілер арқылы қатаң
негізделгендікті жоюдың жолы ретінде танылуда:
- дәстүрлі білім беру жүйесі шеңберін
кеңейту;
- әртүрлі шектеулерді жою, неғұрлым көбірек
ашықтық пен икемділік алу;
- оқу барысында индивид мінез-құлқының ашылуы;
т.б.
Осындай жағдайларда әрбір білім ұйымы – оқитын
білім ұйымына, ал әрбір маман үнемі өсіп отыратын тұлғаға
айналады.
Осы – ойтолғаныс негізінде ұйымдастырудың
мынадай үлгісі - өзін-өзі дамытуға үйрету және оны ұйымдастыру,
іс-әрекет арқылы оқыту, өзін-өзі бағалау және қоршаған ортаның
бағалауы, құрылымдалған топтық оқыту – мектептің және кез келген
білім ұйым басшыларына жақсы бағыт беруші бола алады деп
ойлаймын.
«Қазақстанның педагогикалық академиясы
корпоративтік қорының вице президенті,
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
Халықаралық оқыту тренері Т.Махалқызы.