Материалдар / Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2023
176
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Жаңбырлатқыш машиналар Оңтүстік Қазақстанның суармалы егіншілікті аудандарында кеңінен қолданылады.Ал бізде суарудың екі тәсілі қолданылады. Олар, Егістіктің беткі қабатын суару, жаңбырлату арқылы суару.
Егістіктің беткі қабатын суару топырақты суарудың ең қарапайым және оңай тәсілі. Мұндағы басты кемшілік, су көп шығындалады. Себебі су топырақ қабаттарына сіңіп кетеді. Су атызға біркелкі жайылмайды. Сондықтан атыз тегіс болуы керек. Ал, жаңбырлатып суару су шығынын азайтады. Ол үшін қолданылатын жаңбырлатқыш машиналары бар. Жаңбырлатқыш машиналар алысқа, орташа, қашыққа шашатын болып үшке бөлінеді. Алысқа шашатын ДДН - 70, ДДА - 100 дақылдармен жаңбырлатқыш техникалық дақылдарды, жеміс, жас орман көшеттерін суаруға арналған машинаның су шашу өнімділігі - сағатына 0. 85 га, суды орта қашықтықта шашатын жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар: «Радуга», «Волжанка» жаңбырлатқыш аппараттары биіктігі 1. 5 метрден аса қоймайтын дәнді және техникалық дақылдарды көкөніс, бақша дақылдарын, көпжылдық шөптерді шабындықтарды жаңбырлатып суаруға арналған.
Жақыннан шашатын машиналарға 100 м - ден су шашатын 2 консульді ДДА - 100 МА агригаты жатады. Олар жаңбырлатқыш машиналарға, құрылғыларға және суару жүйелеріне орнатылады.
Суару кезінде су ағысы күйентеге соғылып, оны бір жағына қарай айналдырады. Күйентені серіппе бастапқы қалыпқа келтіреді. Сонда ғана айналаға су шашылып суландырады.
Суды жаңбырлатып суарудың артықшылығы - 18 м, гидронттағы су арыны (екпіні)- 0, 4 Па, жаңбырлату жиілігі - 0, 27 мм/мин. Суды орта қашықтыққа шашатын жаңбырлатқыш аппараттары «Роса - 1», «Роса - 2», «Роса - 3» аппараттары болып бөлінеді. Олар шеңбер және сектор бойымен жұмыс жасайтын үш шүмекті болады


Жаңбырлатқыш машинаға сипаттама.


Жаңбырлатқыш машина — ауыл шаруашылық дақылдарын жаңбырлатып (тамшылатып) суғаруға арналған қондырғы. Жаңбырлатқыш машина тракторға орнатылады (аспалы түрде) не суару телімінде тіректері арқылы өздігінен қозғалады. Жаңбырлатқыш машиналардың негізгі жұмыстық бөліктері — қысқа шапшымалы (тамшыларының ұшу қашықтығы 5 — 8 м) саптамалар, орташа шапшымалы (15 м — 30 м) және алысқа шапшымалы (40 м— 80 м) жаңбырлатқыш аппараттар. Саптамалардың айналатын бөліктері болмайды. Дефлекторлы саптамаларда (көп тараған) су дефлекторға соқтығысу арқылы, ал ортадан тепкіш саптамаларда ортадан тепкіш күштің әрекетімен майда тамшыларға айналады. Олар диаметрі 1 мм— 1,5 мм және қарқындылығы шамамен 1 мм/мин тамшылармен біркелкі жаңбырлата алады. Жаңбырлатқыш аппараттар суғару кезінде өзінің тік осінде айнала қозғалыс жасайтын ұшында соплосы бар бір немесе бірнеше ұңғыдан тұрады. Су соплодан 20 м/с — 30 м/с және одан жоғары жылдамдықпен шапшып шығып ауада тамшыларға бөлшектеледі. Тамшылардың ірілігі мен себелеу қарқындылығын диаметрлері әр түрлі соплоларды қолдану (алысқа шапшымалы аппараттарда 15 мм— 40 мм және одан ірі, орташа шапшымалыларда 3 мм— 15 мм-ге дейін) және су қысымын өзгерту арқылы реттеуге болады. Алысқа шапшымалы аппараттар жоғары өнімді, бірақ қысқа шапшымалы аппараттарға қарағанда тез арада шалшық (батпақ) пайда болуына әкеліп соқтырады. Орташа шапшымалы аппараттар төмен қарқындылығымен (0,1 мм/мин— 0,2 мм/мин-тен 0,05 — 0,06 мм/мин-ке дейін төмендетуге болады) және тамшы диаметрінің онша ірі болмайтындығымен ерекшеленеді. Сондықтан олар, көбінесе, жоғары нормалы суғару телімдерін (500 м3/га — 600 м3/га) жаңбырлатып суғаруға қолданылады. Жаңбырлатқыш машиналар әрекет ету принципі бойынша оңтайлы орынды және жылжымалы болып ажыратылады. Оңтайлы орынды қондырғылар суды бөліп тарататын жиналмалы құбырлардан және қысқа шапшымалы саптамалары немесе орташа шапшымалы аппараттары бар екі жаңбырлатқыш қанаттан тұрады. Бір қанаты жұмыс істеп тұрғанда екінші қанаты жаңа орынға көшіріледі. Олардың 300 м3/га суғару нормасындағы жұмыс өнімд. 0,28 га/сағ— 0,30 га/сағ. Оңтайлы орынды қысқа шапшымалы Жаңбырлатқыш машинасында екі консольді жаңбырлатқыш ферма өздігінен жүретін шынжыр табанды тіректердің мұнарасына орнатылады. Консольдің төменгі қабырғасы — су жүретін құбырларына (оның жоғарғы құбырларының шеті құбырлардың гидранттарымен жалғасқан) саптамалар бекітіледі. Бұл машиналардың жұмыс өнімд. 0,6 га/сағ— 1,4 га/сағ. Оңтайлы орынды алысқа шапшымалы жаңбырлатқыш машина (тіркемелі, аспалы және қозғалтқышпен жабдықталған) суғару арналарынан суды сорып, оны алысқа шапшытатын аппараттарға айдайтын ортадан тепкіш сорғылармен жабдықталған. Машинада жаңбырлатып суғарумен қатар өсімдікті үстеп қоректендіруге арналған тыңайтқыштар сақтайтын ыдысы болады. Жұмыс өнімд. 0,25 га/сағ— 0,8 га/сағ. Жылжымалы жаңбырлатқыш машина тракторға аспалы түрде орнатылған қысқа шапшымалы саптамалы екі консольді фермадан тұрады, жұмыс өнімд. 0,85 га/сағ. Алысқа шапшымалы аппараттарды суғару жүйесінің гидранттарына жалғау арқылы жаңбырлатып суғаруды автоматтандыруға болады.


Күріш суару жүйесі.
Суару жүйесінің құрамы. Күрішті суару жүйесі суару каналдары және су бұрғыш каналдар жүйесінен, палдар арқылы атыздарға бөлінген суару тақтасынан, жүйедегі құрыстардан, жолдардан, орман алқаптарынан және оларды пайдалану үшін қажет болатын құрылыстардан құраларды.
Арық-атыз жүйесі. Бас каналдан, әр мәнді реттегіш, транзит және гидрометриялық құрылыстармен жабдықталған тарақыш каналдардан және күріш атыздарынан құралып, суды су көздерінен қүріш атыздарына жеткізу қолданылады.
Су бұрғыш жүйесі құрылыстарымен жабдықталған әр мәнді каналдардан құралады және тақталы дрендергет - су қашыртқыларға, учаскелік коллекторларға, бірінші, екінші және үшінші мәнді шаруашылық коллекторларға және шаруашылық аралық коллекторларға бөлінеді. Су бұрғыш жүйесінің ең үлкен бөлімі болып бас коллектор саналады және ол кіші каналдардан дренаждық суларды жинап, су қабылдағыштарға жеткізеді.
Суару тақтасы деп күріш ауыспалы егіс танабының периметрі бойымен суару және су бұрғыш жүйесінің кіші каналдарымен шектелген учаскесін айтады. Біріне-бірі қатар жатқан бірнеше суару тақталары ауыспалы егістің танабын, ал ауыспалы егістің танабын, ал ауыспалы егістің бірнеше танабы ауыспалы егіс учаскесін құрайды.
Тақтаның ұзындығы 400 -1500м ал ені 150-250 метрге тең болады. Әрбір тақта көлденең палдар арқылы атыздарға бөлінеді.Бұл атыздардың саны мен көлемі жер бетінің бедеріне және еңістің мөлшеріне байланысты болады. Жалпы-суару атыздарының көлемі 2 гектардан кем болмай, оның бір жағының ұзындығы 200 метрден кем болмағаны жөн, өйткені барлық ауыл шаруашылық жұмыстар атыздың ішінде жүргізіледі. Жер бетінің бедері қолайлы болған жағдайда барлық суару тақтасы бір бүтін атыз түрінде пайдаланылады. Бұндай жағдайда оны тақта-атыз деп атайды.
Суару тақталарына суды салма арықтар арқылы, немесе құлақ-қашыртқылар арқылы жібереді.
Салма арықтар, әдетте ондағы судың деңгейі атыздың бетінен жоғары болатындай етіліп үйілген топырақтан жасалып, атызға су құлақтар арқылы өздігінен ағады.Салма арықтар, әдетте су олардың екі жағына да өздігінен ағатындай болып жасалады, сондықтан суару тақтасының ұзын жағы еңісті бойлай орналастырылады. Атыздар салма арықтармен салма қашыртқылардың арасында тек бір ғана атыз орналасатындай болып жобаланады.
Ұзындығы 1000 метрге жететін кең бағытта суарылатын және су қашыртатын тақталар еңіске көлденең орналастырылып, олардың беті бір деңгей мөлшерінде тегістеледі, яғни тақта-жасалады.Егерде жер бетінің бедеріне байланысты бұл тақтаны екі-үш атызға бөлген жағдайда көлденең палдардың суарғыш-қашыртқыларымен жанасқан жерлерінде тірек құрылыстары қойылады.
Суарғыш-қашыртқылар тақтаның ұзын жағына жолдармен қатар орналастырылады. Жолдар жасау үшін төмен жатқан тақтаның суарғышынан алынған топырақ пайдаланылады.
Шаруашылық жағдайларында кең бағытта суарылатын және су қашыртатын тақталар оларды жұмсалатын қаржы Краснодар тақталарын тегістегенде жұмсалатын қаржыдан 10-20% қана көп болған жағдайда жағдайда қолданылады.
Қаналдар арқылы жіберілетін судың мөлшерін есептеу. Барлық суарғыш және су бұрғыш каналдардың көлденең кесіндісі трапеция тәрізді болып жасалады. Қаналдармен ондағы құрылыстардың өлшемдері олар арқылы жіберілетін судың ең көп және ең кем мөлшерін өткізе алатындай етіп гидравликалық есептер арқылы анықталады. Каналдардың биіктік жағдайы арық-атыз жүйесінде үлкен каналдардың деңгейі кіші каналдар деңгейінен жоғары, ал бұған керісінше су бұрғыш жүйесінде кіші каналдар деңгейі үлкен каналдардың деңгейінен жоғары болуымен анықталады және су тарату жұмыстарын автоматтандыру жағдайына да байланысты болады.
Ең шеткі қорғау каналдары күрішті суару жүйесіне нөсер жауған мезгілде 10% қамтамасыздықпен келетін суды өткізу жағдайына тексеріледі.
Дренажды-қашыртқы суларды тұшы сумен ароаластырып өсімдіктерді суаруға пайдаланады.
Суарғыш және су бұрғыш каналдарды жасау.Салма арықтар ең биік жерге орналасқан атызға су қаптатуға болатындай етіп жобаланады немесе кең бағытты суарылатын және су қашыртатын ең биік жерге орналасқан тақтаға суды алғашқы рет қаптатқан және суарғыштар арқылы судың ең көп мөлшері өтетін кезде 10-15 см қалындықта қаптататындай етіп жобаланды.Ал су каптату қабатын үзбеу үшін және суарғыштан өтетін судың мөлшері аздау болған кезінде 25 см қалыңдыққа қаптатындай етіп жобалауы керек.Судың салма суарғыштардың құлақтарынан атызға өткенде кемитін қысымының мөлшері 5-15 см тең болады.
Учаскелік тарақышттар, салма суарғыштар және суарғыш қашыртқылар түбі әдетте еңіссіз және қашылы болып жобаланады.Ал суару жүйесінің қалған үлкен каналдары еңістеліп жобаланады, оларды жобалағанда суару жұмыстарын автоматтандыру мен реттегіш құрылыстарды телемеханика арқылы басқару жағдайлары ойластырылуы керек.
Су таратуды автоматтандыру шаруашылық аралық аралық жүйеде ұйымдастырылады.Бұған суды атыздарға жіберу, барлық бөгегіш құрылыстары мен құлақтардың төменгі бьефтерінде су деңгейінің тұрақты шамасын гидравликалық құралдармен автоматтандыруды қамтамасыз ету және шаруашылық аралық каналдарды-телемеханикамен бірлесе отырып электрогидравликалық құралдармен автоматтандыру жатады.Бұл мүмкін болу үшін құрылыстар үстіндегі судың деңгейінің 15-25 см тең болуы жобаланады.
Су бұрғыш әр мәнді каналдардағы судың деңге суару ұзақтығы 3 тәулік шамасында болған жағдайда ең төмен жерге орналасқан атыздың деңгейінен 0,5 метрге төмен болуы керек.
Суарғыш және су бұрғыш каналдардың түбінің еңісі оларға су ең көп мөлшерде жіберілгенде оның ағу жылдамдығын мына шамалардан аспауын қамтамасыз етуі керек: құмды және құмдақ жерлерде 0,5 м/с, жеңіл және орташа саздақ жерлерде 0,7 ауыр саздақ және балшықты топырақтарда - 1,0 м/с. Ең көп мөлшердегі суды жібергенде салма арықтармен учаскелік тарақыштарда су ағысының ең кем жылдамдығы 0,2 м/с-ден кем болмау керек. Жіберілетін судың мөлшері 10 мShape1 /с-қа дейін б олғанда суарғыштардың будырмақтылық коэффициенті 0,025, ал су бұрғыштар үшін-0,03 шамасында болады.
Атыздарды жасау. Атыз палдарының көлденең кесіндісі трапеция тәрізді болып, атыз деңгейінен 40-50 см биік және жоғарғы ені 40-50 см болады. Павлдардың баурайын 1,5-2,0 мөлшерінде белгілейді.
Көлденең палдардың салма арықтардың қашылары және жолдармен 
қыйылысқан жерлерінде атыздан-атызға ауыл шаруашылық машиналарының өтуін қамтамасыз ету үшін олардың 8-10 метрлік бөлігінің баурайлары 1:4-ге тең болып жасалады.
Атыздың біркелкі дымқылдануы және біркелкі құрғауы үшін оны бойлап тереңдігі 20-30 см жыралар қазылады.
Салма арықтардан суды атыздарға және атыздардан салма су бұрғыш каналдарға жіберетін құлақтарды атыздың қарама-қарама-қарсы бұрыштарына орналстырады.Сондай-ақ атызға су жіберетін құрылыстар жердің ең биік учаскелеріне орналастырылып, ал атыздан суды ағызып жіберетін құрылыстар ең төменгі учаскелерге орналастырады.
Су бұрғыш каналдарда тірек құрылыстары тек су сіңіруі жоғары, сорланбайтын топырақтарда судың бүйірден фильтрациясын азайту үшін ғана жасалады. Ал суару каналдарында тірек құрылыстары ондағы судың деңгейін реттеу үшін жасалады. Гидротехникалық құрылыстар белгіленген үлгі жобаларына сәйкес, немесе ұқсас-жобаларға сәйкес салынды. 

Суармалы жерлерді тегістеу.
Жер бетін тегістеудің маңызы.Суарылатын жердің белгілі түрге келтіру үшін олардың бетіндегі дөңестердің топырақтарын ойпат жерлерге жылжытады.

  • ауыл шаруашылық дақылдарын суару жұмыстарының сапасы мен сорланған топырақтарды шаюдың сапасын арттырады;

  • суару жұмыстарының өнімділігін арттырады;

  • суарылатын жерлер мен суды және табиғи жауын-шашындарды пайдалануды бірыңғайландырады;

  • ауыл шаруашылық жұмыстарының сапасын жақсартумен бірге (жер жырту, тұқым себу, егін жинау) ауыл шаруашылық машиналарын пайдаланудың тиімділігін арттырады;

  • пайдаланылатын тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады;

  • суару жүйесін салу үшін жұмсалатын қаржыны азайтады.

Осылардың арқасында ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін1,5-2 есе арттырумен бірге, олардың өзіндік құнын да кемітеді.Әсіресе, суарылатын жерлерді тегістеудің мелиоративтік жағынан қолайсыз, бетінің бедері мол жерлерде алатын орны өте зор.
Суармалы жерлердің бетін тегістеуге қойылатын талаптар.Жер бетін тегістеу көбінсе суару әдістері мен техникасына, суарылатын дақылдардың түріне және жердің бедерімен топырақ жағдайларына байланысты болады.
Суарылатын дақылдарың түріне қарай суару техникасы анықталады.
Ал отамалы дақылдармен жаппай себілетін дақылдар, бақтар және жүзімдер егілетін жерлерді тегістеу арқылы бұрынғы жер бетіне түрі келетін жобаланған топографиялық бет деп аталатын жер беті жасалады.
Бороздалап және тақталап суарғанда топырақтың біркелкі дымқылдануы үшін учаскені бойлау бағыты еңісінің мөлшері бірте-бірте азая бергені және көлденең еңістің болмағаны жөн.
Жерді тегістегенде топырақты кесудің мүмкін болатын мөлшері.Жер бетін тегістегенде оның кейбір жерлерінде ең құнарлы жоғарғы қабаты кесіледі. Топырақты кесу тереңдігі көбейген сайын, оның құнарлығы азая береді.
Орта Азия жағдайында көп кездесетін сұр топырақтың табиғи құнарлылығы оны тегістегеннен кейін екі-үш жыл ішінде орнына келеді, ал енді 60 см дейін кесілген жерлерге органикалық және минералды тыңайқыштар төгілгенде мақта егісінің өнімділігі бір жылдың ішінде ғана қалпына келеді.
Қара топырақты, қызыл қоңыр топырақты, бозғыл қоңыр топырақты және басқа да топырақтарда топырағы кесілген жердің құнарының қалпына келуі өте баяу болады. Сондықтан бұндай топырақты жерлерде топырақты кесуді өте тыңғылықты жобалау керек. Жобаларда топырақты кесудің мүмкін болған ұйғарынды мөлшерін 16 таблица арқылы алады. Бұл мөлшерді әрбір нақтылы жағдайда топырақтың түріне, оның жоғарғы құнарлы қабатының қалыңдығына, ауыспалы егістің құрамына, жер бетінің микробедеріне және тегістеу жұмыстарын жүргізудің экономикалық тиімділгіне қарай қабылайды.Топырақты 16 таблицада көрсетілген мөлшерден көп кесу тек тегістелу жұмыстары (көлемі) 3-5%-тен аспайтын учаскелерде ғана мүмкін болады.
Егерде топырақты кесу мөлшері оны кесудің мүмкін болған мөлшерінен өте көп болса, онда суару жүйесінің басқа варианттарын ойластырған жөн.
Қыйыршық тасты қабаты жақын жатқан топырақтардың беті тегістелгеннен кейін жоғарғы уақ топырақты қабаттың қалындығы 40 см артық болғаны жөн.Егерде бұл қабаттың қалыңдығы 40 см аз болса тегістеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, сондықтан жаңбырлатып суару әдісін қолдану керек.
Топырақты кесудің мүмкін болатын ұйғарынды мөлшері.


Топырақтының түрі


Қабаттың қалындығы,см


Кесудің мүмкін болған мөлшері,см


А+В1


Оның ішінде А қабатының

Қара топырақты және шалғын қара топырақ:








Қалың және өте қалық


80 және одан да көп қалың


-


30-35


Орта қабатты


40-80


-


20-30


Аз қабатты


30-40


-


15-20

Қызыл қоңыр және шалғын қызыл топырақ:








Қалың қабатты


50


20-30


15-20


Орта қабатты


30-50


20-25


10-15


Аз қабатты


20-30


15-18


5-15


ықшамды


20-дан аз


-


0-5

Қарақошқыл,шалғын қарақошқыл,сұр қарақошқыл


20-35


15


5-10

Сұр және шалғын сұр


80-140


25-45


30-35


Өзен алқабы:







шалғын


-


40-120


15-40

Қоңыр шалғын және даланала басталған шалғын


-


20-80


5-30


Қабатталған шалғын


-


20


5

Құм қабаты төселген ықшамды


-


15-ке дейін


0


Соротаң және сортаңдалған


-


5-15


Плантаждан кейін 15-20


Тегістеу жұмыстарын жүргізудің тәсілдері.Жер бетін тегістеу жұмыстары дағылы тәсілдермен жүргізіледі.Дағдылы тәсілдерді қолданғанда жер бетінің көтеріңкі жерлерінің топырағы жаппай кесіліп төмегі жерлерге жылжытылады.

Жер бетін осы әдіспен тегістеудің төрттүрі бар:1) ықтырмалау;2) топырақтың жоғарғы қабатын тақталап бір орыннан екінші орынға екі рет жылжыту; 3) топырақтың жоғарғы қабатын тақталап бір рет қана жылжыту; 4) топырақты үймелеп тегістеу.

Жер бетін тегістеудің осы әдістерін қалай жүргізу керек екендігі С.Р.Оффенген және басқа да авторларың " Гидромелиорациялық жүйені пайдалану" деп аталатын оқулығында толық көрсетілген.

Жаңбырлатып суару әдісі.

Суару әдістерінің,әсіресе орман және далалы аймақтарда қолдануға болатын суару тәсілдерінің ең көп тараған,ең қолайлысы және экономикалық тұрғыдан тиімді түрі жаңбырлата суару тәсілі болып саналады. Жаңбырлата суару ылғалану жағдайын табиғи түрге жақындатып, атмосфераның жерге жақын төменгі қабатын ылғалдандыруды және оның температурасын төмендетіп, микроклиматқа жақсы әсер етеді.
Жаңбырлатып суарудың артықшылығы және кемші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!