Материалдар / Жанұядағы қыз бен ұл баланың тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жанұядағы қыз бен ұл баланың тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жанұядағы қыз бен ұл баланың тәрбиесі қандай болу керек?

Мақсаты: Жанұядағы қыз бен ұлдың орны туралы түсінік беру, ата-аналармен пікір алмасу. Ұсыныстар айтып өту.

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз.

Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен.

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті. Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды. Қыздың бой жетуі, яғни жан – жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болғаны жөн. «Әйел жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыйым» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бой жете келе одан өзіне қатысты тиісті қорытынды шығара білуі, іс – қимыл жүріс – тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек. Келешекте өзі отбасын құрғанда қажет болатын қасиеттерді жас кезінен – ақ зердеге түйіп, ол үшін ауылға, айналасына жағып, жақсы атағы шыққан, әдепті, инабатты саналатын апайларына, қыздарға жақын жүріп, сыр алысып, үлгі – өнеге үйренуінің мәні ерекше.

«Қыз қырық үйден тәлім алады» демекші, әр үйден: біреуінен тамақ пісіруді, бірінен жүк жинап, үй реттеуді, бірінен өзін ұстауды, біреуінен өз ара жағымды қарым – қатынастарын, біреуінен аула жинақылығын, т.б. үйрену де бұрынғыдан келе жатқан тәлім жолы. Қыз бала көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек – сезімталдық, ептілігімен, өнерпаз әрі сөзге ұсталығымен, жарасты әзілге шеберлігімен көзге түсіп, «пәлен деген қызды – ай шіркін!», «түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі – ай!», «шешесінен аумай қалған үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағынан өнер тамады, әуезінің өзі қандай әдемі, сөзі қандай дәмді! » деп тамсандырады. Ал мұндай жақсы атақтың қыз болашағы үшін маңызы зор.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды», - делінген. Ұят – әдепті белден басып өте беретін, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға өте жарасатын қымсыну, тартыну, қызару, имену деген ойына кіріп – шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата – ана, бауыр – туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл – желпі қарауға мүлде болмайды. Қыздың, демек, болашақ ананың қолынан іс келуі, - міндетті жағдай. «Салақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Олақтан салақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем – кестесімен көркем» т.б. мақалдардың мәні осында. Киім тіге білу, дәмді тамақ пісіре білу, түйме қадап, жыртықты торлай білу, онсыз отбасының тіршілігі толыққанды бола алмайтын басқа да осы сипаттас істер қыздардың қадірін асырады. Бұларды ұсақ – түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән – мәнісін арттыратын, бір – біріне ризашылығын, сүйіспеншілігін нығайтатын – нақ осылар. Мұның тағы бір аса маңызды жағы, мүмкін ең маңызды жағы шығар, келешекте өзінің де ұл – қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі – өнеге көрсете алатын болуы.

Ата-анаға айтылар ұсыныс

«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,15-ке дейін құлындай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла»

1. Бала тәрбиелеу — бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.

2. Таңертен балабақшаға барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.

3. Егер балаңыз асықпай, киініп болмаса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Егер тентек болсаң бала етпеймін» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, бүгінгі күнінің жақсы, көңілді өтуіне тілектестік жасаңыз.

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін тентек болған жоқсың ба?» т.б деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Балабақшадан келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның аз да болса шаршап келгенін ескеріңіз.

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

7. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

8. «Егер сен осы тапсырманы орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

9. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.

10. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз.

11. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

12. Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамадан тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

13. Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгіме айтпаңыз.

14. Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

15. Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.

16. Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!