Материалдар / Жақсы көңіл күй – жан азығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы көңіл күй – жан азығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналардың психологиялық көңіл күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалата білу, өздеріне құрметпен қарау, сыйластық қарым - қатынасқа шақыру, мектепке жағымды көзқарас қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2018
343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жақсы көңіл күй – жан азығы

(ата-аналарға арналған тренинг)

Мақсаты: Ата - аналардың психологиялық көңіл күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалата білу, өздеріне құрметпен қарау, сыйластық қарым - қатынасқа шақыру, мектепке жағымды көзқарас қалыптастыру.
Психологиялық сағаттың кезеңдері
1. «Менің есімім»
2. Жағдаяттар шешу
3. Фигуралық тест
4. Сергіту сәті «Үрленген қуыршақ»
5. Менің бойымдағы қасиеттер
6. Қолтаңба
7. «Мен өз баламды қаншалықты танимын»
8. Релаксация
9. Рефлексия

Адам көңілінің тазалығы, көңіл күйінің жаман, жақсы болуы өзіне байланысты. Соған қарамастан, көңілге әсер ететін, көңілді бұзатын, көтеретін де жағдайларға сыртқы ортаның әсері көп. Адам көңілді жүрсе, көңіл күйі ешнәрсеге алаңдамаса, денсаулығы, жұмысы жақсы болып, отбасына да, ұжымына да, қоғамына да қиыншылықтар кездеспесе адамның көңілі көтеріңкі, уайымсыз жүреді. Ендеше мен сіздерге көңілдеріңіз еш нәрсеге алаңдамай көтеріңкі болуына тілектеспін. Қазір сіздермен біз «Жақсы көңіл күй - жан азы» тақырыбында психологиялық сағат өткіземіз. Психологиялық сағатты бастамас бұрын сіздерден өтініп сұрайтыным мына ережелерді сақтасаңыздар
ЕРЕЖЕЛЕР:
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;
2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;

1. Мақсаты: Сәлемдесу - танысу рәсімін қызықты етіп өткізу топ мүшелері арасында жағымды қарым - қатынас орнату, сабаққа қатысушылардың көңіл күйін көтеру.
Құрметті ата - аналар ең алдымен танысып сәлемдесіп алайық, алдарыңызда қағаздан жасалған маңдайшалар тұр сол маңдайшаға бүгінгі сабақта сіздерді қалай атаймыз өздеріңізге ат қойып соны сол маңдайшаға жазып қойсаңыздар.... Егер ат қойып болсаңыздар сол аттарыңызды жазған маңдайшаларыңызды ортаға ала шығып шеңбер жасап тұрайық. Енді осы қойылған есім бойынша атап бүгінгі күнге бір бірлерімізге тілек тілесек
Адам баласы болғаннан соң бәрімізде жақсы тілек естігенді жақсы көреміз, жақсы тілек естісек бір сәт болсын көңіліміз көтеріліп бір марқайып қаламыз, көңілдің көтерілгені өздеріңіз білесіздер денсаулыққа да пайдалы, қартаюды да алдын алады.

2. Жағдаяттар шешу
Мақсаты: Кез келген қиын жағдайдан шығуға үйрету, балаларының құқығының сақталуына, балаларына дұрыс көңіл бөлуге баулу

1 - жағдаят. Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.
Сұрақ: Шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Қандай қателік бар?
Баланың қандай құқығы бұзылды?
2 - жағдаят. Баласының күнделігінде үнемі оның мектепте жанжал шығарғандығы туралы ескерту жазулы тұрады. Осы үшін балаға ата - ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.
Сұрақ: Баланың мектепте үнемі жанжал шығаруы неліктен?
Осы жағдайда ата - ана не істеу керек?

3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.
Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?

4 - жағдаят. Соңғы кезде сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді
Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек?
Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Әкесінің бе? әлде шешесінің бе?

5 - жағдаят. Он екі жасар Әсемге қонаққа келген Айгүл апасы жақсы кітап пен үлкен шоколад конфетін алып келіп берді. Әсем анасының үйреткеніндей рахметін айтып, ризашылығын білдірді де апасына «Менде мұндай кітап бар, ал шоколад мен жемеймін» деп жауап қайтарды.
Сұрақ: Мұндай жағдайда сіз балаңызға не айтар едіңіз?
Балаңызды сыйлықты қалай қабылда деп үйретесіз?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!