Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жақсыдан үйрен
Бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі |
Мектеп: “Ғ.Мүсірепов атындағы №53 жалпы орта мектебі” КММ |
||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: |
Елтаева Тұрсынай Үмбетқызы |
||||||||
Күні: 16.03.2022 ж |
|
|
|||||||
Сынып: 5 “А” |
Қатысқандар |
Қатыспағандар |
|||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен! |
||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
5.Т\А.1Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. 5.Ж.3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру; 5.ӘТН.4. сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу. |
||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Көпшілігі: Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады; Кейбір оқушылар: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу. |
||||||||
Бағалау критерийлері: |
|
||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Жинақтау |
||||||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық) |
||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, мәселеге өз ойын айтады. |
||||||||
Алдыңғы оқу |
Адамның сырт келбеті мен мінезі. |
||||||||
Сабақтың барысы: |
|||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы Сергіту сәті |
І Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі. Жағымды психологиялық ахуал. «Көңілді шеңбер». -Балалар, шеңберде қалай тұру керек?-деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады. Сабақ басында шаттық шеңберін құру «Жылы лебіз» тәсілі арқылы оқушылар бір-біріне сәттілік тілектер жолдайды.Оқушыларға сурет қиындыларын тарқатып беремін. «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр» деген көктем мезгілінің ай аттары арқылы оқушылар топтасады. Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген сабақтарды, яғни, сан есімнің мағыналық түрлерін пысықтау мақсатында “ВЕЕР”әдісі арқылы
Біздің ![]() Біздің ![]() сынып Дескриптор: 1. Сан есімді біледі. 2. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады. 3. Берілген мысалдарды ережеге сай сәйкестендіреді. Қ/Б. Оқушыларға тапсырманы дұрыс орындалуына байланысты Көңілді смайликтер арқылы бағалаймын. Қызығушылықты ояту. Төмендегі ұсынылған иллюстрациялар арқылы адам бойында кездесетін жағымсыз әдеттерді атап, жақсы мен жаман туралы сұхбат құру. (оқушылар пікірі тыңдалады) Тыңдалым және айтылым “Темекінің зияны” бейнеролик тамашалау және ой -пікірлерін білдіру. Дескриптор:
Қ/Б. «Балмұздақ» әдісі арқылы бағалаймын.
Топтық жұмыс
Әңгімені түсініп оқып, тақырып қойыңдар.Баланың жаман әдеттен арылуының себебін анықтаңдар. Топтарға «Елші» әдісі арқылы берілген мәтінді бөліктерге бөліп оқиды, топ мүшелерінің біреуі келесі топқа оқыған бөлігін түсіндіреді.Тыңдай отырып, жақсы-жаман әдеттен бас тартуының себебін анықтайды.
... Шылым шегіп әдеттенген балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен.
Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді екен. Өзі ақылды болыпты. Оның бір ғана кемшілігі бар: шылым шегеді екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып, жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолқанатсыз қалыпты.
Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты. Сонымен енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да қалмаған». Эмоциялы әсерге толы осы әңгіменің оған күшті әсер еткендігі сонша – бала қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: -Мен енді шылым тартпаймын...-деді. (Антон Чехов) Дескриптор:
Қ/Б. « Бас бармақ» әдісі арқылы топ мүшелері бірін-бірі бағалайды. “Көңілді күн” сергіту сәті |
Балалар жағымды ахуал қалыптастырады. Оқушылар жаңа тақырыпты анықтау мақсатында өз ойларын білдіреді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықтайды. “Темекінің зияны” бейнеролик тамашалайды және ой -пікірлерін білдіреді. «Балмұздақ» әдісі арқылы бағалайды. Әңгімені түсініп оқып, тақырып қояды.Баланың жаман әдеттен арылуының себебін анықтайды. Топтарға «Елші» әдісі арқылы берілген мәтінді бөліктерге бөліп оқиды, топ мүшелерінің біреуі келесі топқа оқыған бөлігін түсіндіреді.Тыңдай отырып, жақсы-жаман әдеттен бас тартуының себебін анықтайды. |
|
5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы Суреттер (Антон Чехов) https://www.youtube.com/watch?v=VffcK0 |
|||||
Сабақтың ортасы |
«Ауада сан жазу» ойыны Мақсаты: Ұзақ отырған адамның денесін ширату. Баспен,екі қолмен, бір аяқпен 1,2,3,4,5,6 сандарын жазу және сұрақтарға жауап бере отырып,сан есімнің емлесін сақтап тақтаға жазу.
1.А.Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келген? 2.Абай өлеңдерінің саны нешеу? 3.М.Әуезовтың “Абай жолы”роман-эпопеясы неше томнан тұрады? 4.Абайдың 10 баласы болған.Оның нешеуі ұл болған? 5.“Абай жолы”роман-эпопеясы шамамен неше тілге аударылған? 6.Абай өлеңдері неше буыннан тұрады?
3- тапсырма. «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі арқылы әр топқа жеке тапсырма беріледі. «Наурыз» тобына тапсырма. Жаман әдеттен аулақ болу туралы ой-пікірлеріңді жазыңдар. «Сәуір» тобына тапсырма. Жақсы –жаман әдеттерді екі бағанға жазып, ой қорытындысын шығарыңдар. «Мамыр» тобына тапсырма Сан есімді қатыстырып, достарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттап, мәтін жазыңдар. Сан есімдердің емлесіне сай талдау жасаңдар. Дескриптор:
3. Достарының бойындағы жақсы қасиеттерді жазып, сан есімді емлеге сай қолдана отырып, мәтін құрай алады. Өзін-өзі бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды. Бекіту. «Соңғы бес минут» әдісімен бүгінгі сабақты қорытындылайды. |
Оқушылар тыңдалым және оқылым мәтінін салыстырады. Оқылым мәтіні мен тыңдалым мәтініндегі ортақ идеяны түсінеді, мәтін жазады. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады. Грамматикалық тақырыпты меңгереді. Грамматикалық тапсырма орындайды. Оқушылар «Соңғы бес минут» әдісімен бүгінгі сабақты қорытындылайды. |
ҚБ
ҚБ
|
|
|||||
Сабақтың соңы Үйге тапсырма: |
Кері байланыс. Сабақтың соңында «Тілек ағашы» арқылы кері байланыс жүргізе отырып, «Біздің сынып керемет!» ұранымен сабағымызды қорытындылаймыз. К
Үйге тапсырма: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында мәтін жазыңдар. |
|
|
|
|||||
|
|||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||
Саралау-оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс |
|||||||
|
|
|
|||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? |
|
||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: 2: |
Тексерілді: Н.Алтынбеков
-
топ
Шылым шегіп әдеттенген балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен.
2-топ
Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді екен. Өзі ақылды болыпты. Оның бір ғана кемшілігі бар: шылым шегеді екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып, жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолқанатсыз қалыпты.
3-топ
Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты. Сонымен енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да қалмаған».
Эмоциялы әсерге толы осы әңгіменің оған күшті әсер еткендігі сонша – бала қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен:
-Мен енді шылым тартпаймын...-деді.

