Жақсылық адамгершілікке бастайды

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық адамгершілікке бастайды

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сағатында оқушылар рухани адамгершілік жайлы біледі.Бір- бірін құрметтеуді, сыйлауды, бір- біріне көмектесуді үйренеді. Түрлі жағдаяттармен танысап, талқылап өз ойларымен бөліседі.Адамгершілікке байланысты өлеңдер оқып, ән шырқайды. Бейне роликтер тамашалап жақсы,жаманды ажыратады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҚСЫЛЫҚ- АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАЙДЫ


Мақсаты: балалардың бойына  рухани –адамгершілік  қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды , шыншыл, қайырымды т.б. адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,  жақсы ұстаздан болады.»  Абай
Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық,татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.
Барысы:
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар,оқушылар бүгінгі пікірсайысымыз ерекш болмақ .
Баяу музыка орындалып тұрады.
Көрініс
Балалар мына көрініске назар аударайық.
Мирас пен Әділдің үйлері көрші тұратын. Олар бүгін мектепке ертерек шығып, асығып келеді. Себебі, бірінші сабақ математика сабағы. Сынып жетекшісі оқушыларға бақылау жазатындарын  ескертіп, бәрінің түгел ерте келулерін тапсырған. Кенет алдарынан қолында ауыр сөмкелері бар әже кездесті, әжеге көмектесу керек болды. Мирас болса “кеттік сабақтан кешігеміз, мұғалім ұрысады”,-деп болар емес. Әділ досына ере түсті де, ойына бір нәрсе түскендей қайта жүгіріп, әжеге көмектесіп, сөмкесін алып бара жатты. Бірақ осы кезде мектепте сабақ басталып, өзге балалар бақылау жазуға кірісіп кеткен еді. Сабаққа кешігіп       келген Әділ, мән-жайды түсіндірді. Мұғалім ешқандай  жаза қолданбады.


– Себебі неде деп ойлайсыздар?                                                                                                 – Жақсылық жасау дегеніміз не?

  • Осы сұрақтарға жауап алынып, сабақтың тақырыбы хабарланады.

  • Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз          “Жақсылық – адамгершілікке бастайды”

 
Балалар бүгінгі сабағымыз мынадай кезеңдер бойынша өтеді.
1 Ой қозғау.
2 Өзінді тани біл.(Сұрақ-жауап)
3 Оқып, талдап, ғибрат қыл.(Жағдаяттарға өз пікірлерін білдіру)
4 Ой түйіндеу(Бейнеролик көрсету, соған кері байланыс беру)
5 Сергіту сәті
6 Президентке хат жолдау.

7 Құпия хаттарға жауап беру
8 Қорытынды (Гүл күлтешелеріне жақсы сөздер жазу)
1. Ой қозғау“Топтастыру”
Адамгершілік деген не?
Топта талданып, оқушылардың пікірі тыңдалады.
2. Өзіңді өзің тани біл
Сендер өздеріңнің қандай екендеріңді, сонымен қатар сендер туралы басқалар қалай ойлайтыны жайлы айттыңдар.
Балалар адам баласы кез-келген нәрсені көргенде немесе оқығанда одан ғибрат алуы керек екен олай болса келесі бөлім.
3. Оқып, талдап, ғибрат қыл. Мұғалім. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешейік

Оқушыларға мәтін үлестіріледі.
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады.
Жұрт безердей болғандықтан оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең , мына тақтайға сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала  тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын  да күнге  жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр»  Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде  таусыпты. Әкесі қуанып  «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім » Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине , бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» дейді.
– Бұл әңгімеден сендер қандай ғибрат алдыңдар, оны сұрақтар арқылы талдап көрейік.                                   – Әкесі неге қарапайым талап қойды?                                                             

Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?                                                                                     

Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?           

 – Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?


4. Ой түйіндеу
а) Түрлі – түсті дөңгелектерді балалар өз қалаулары бойынша таңдап алып, себебін айтады.
Ақ түс: адалдықты, тазалықты, арманды білдіреді.

Сары түс: жылылықты

Көк түс:ашық аспанды, көрегендікті
Жасыл түс: жомарттықты

Балалар міне осыы түстердегі жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп атаймыз?                                                   – Адамгершілік қасиеттер.                                                                                                                                                      – Ендеше, мына адамгершіліктің алтын ережесіне назар аударайық


Адамгершіліктің алтын ережесі.
1.Өзіңе тілемейтінді өзгеге тілеме;

2. Үлкендерді сыйла;  

3.Өтірік айтпа;  

4.Ұрлық жасама;

5.Көре алмаушылық болмасын;

6.Озбырлық жасама; Ешкімдікіне тиіспе;                                                                                           

 – Ендеше, жақсы қасиеттерді бойына жазған, жанына жақсылық сыйлайтын адамды кім дейміз?                               – Адамгершілігі мол адам дейміз.
5. Сергіту сәті

«Мозайка» ойыны. Оқушыларды 2 топқа бөлу. Балалар мозайка құрастыру арқылы ертегілердің аттарын табады,
Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?
- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.



Жарқыраған күндей мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар.
Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәмін алдыңдар деп ойлаймын..
Қорытынды.
Қымбатты, балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып жүректен шыққан жылы сөздеріңді мына гүл күлтешелеріне жазып ілулеріңе болады.
Ықыластарыңа рақмет !







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
3499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі