Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жақсылықты бағала Әдебиеттік оқу
Пәні |
Әдебиеттік оқу |
||||||||||||||||
Бөлім |
Дені саудың жаны сау |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жақсылықты бағала |
||||||||||||||||
Педагогтің аты- жөні |
|||||||||||||||||
Сынып |
2 |
||||||||||||||||
Күні |
|||||||||||||||||
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
2.1.2.1*-шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау 2.2.6.1-кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау 2.3.1.1-мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша өз сөзімен мазмұндайды; Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды; Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөледі, жоспар құрады; |
||||||||||||||||
Құндылықтарды дамыту: заң және тәртіп айы |
Азаматтық борыш және парасаттылық; Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау; |
||||||||||||||||
Сабақ барысы Апта дәйексөзі: «Тәртіп – тәрбие бастауы» |
|||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушының іс әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Күліп қағып қолымды, 1,2,3 деп соғайын. Қарап тұрған көршіме, Қолымды мен бұлғайын. Ыстық алақаныммен Қолыңды бір қысайын Амандасып өзіңмен, Құшақтасып алайын. Сыныпты «қасқыр, тырна, сүйек» суреттері арқылы үш топқа бөлемін. Өткен тақырып пен жаңаны байланыстыру «Бауырсақ» әдісі -_Өткен сабақта қандай мәтінмен таныстық? -Иә, дұрыс айтасыңдар, қазір сендерге қойылатын сұрақтар «Жамалдың өкініші» мәтініне байланысты болады. (WOPDWALL колесосы жауап беретін оқушыны таңдайды) -Мәтін қандай бөліктерден тұрады? -Мәтіндегі оқиғаның басталуы туралы әңгімеле. -Мәтіндегі оқиғаның дамуын әңгімеле. - «Жамалдың өкініші» мәтінде оқиға қалай аяқталады? -Жамал неліктен өкінді? -Жамал неліктен «тісім ауырған жоқ деп» айта алмады? -Мәтіннен қандай ой түйдің? Құндылық: Балалар, біз Жамалдың іс әрекетінен өтірік айтудың дұрыс еместігін түсіндік. Әдепті болып, мінезімізді бұдан да көркем етуге тырысатын боламыз. Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатымен таныстыру - Топқа бөлінген суреттерге қарап, бүгінгі сабағымыздың не туралы болатынын айта аласыңдар ма? -Иә, дұрыс айтасыңдар. -Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қасқыр мен тырна» мысалы. Сендер өлеңнен қажетті ақпараттарды тауып оқисыңдар. Оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауды үйренесіңдер. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайсыңдар. |
Өлең шумағын айта отырып, қимылдар жасайды. «қасқыр, тырна, сүйек» суреттері арқылы үш топқа бөлінеді. Сұрақтарға жауап бере отырып, әжейге бауырсақ пісіруге көмектеседі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анйқтайды. |
ҚБ:1-10 балл Жарайсыңдар! Керемет! Тамаша! «Күнделік» бағалауы
Әр оқушы өзінің алған балын бояп отырады. Соңында жинаған балын айтады. Дескрипторы «Бауырсақ» әдісі бойынша -Әр дұрыс жауапқа-1балл
|
Өлең шумағы Қасқыр, тырна, сүйектің суреттері Слайдтар Сұрақтар WOPDWALL платформасы |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут |
Ой қозғау -Ертегі мен мысалдарда бұл кейіпкерлер қалай сипатталады?
Ықтимал жауап: Түлкі- қу, айлакер. Қарлығаш-ақкөңіл, мейірімді құс. Қарға- аңқылдақ, ақылды құс. Қасқыр-аңқау, өзін мықтымын деп санайтын аң. Құндылық: Балалар, қарлығаш сияқты мейірімді болайық. Өзіміздің бойымызға жақсы қасиеттерді сіңірейік. Бейнеролик «Қасқыр мен тырна» https://rutube.ru/video/bf5e5fe8095d693 19f3c62b997c45a42/?r=plemwd 1мин 10сек Оқылым: Мәтінмен жұмыс. Тізбектеп түсініп оқиды. Сөздікпен жұмыс Қорқау-жыртқыш Өз басың өзіңе олжа-аман қалғаныңа қуан деген мағынада Басына іс түсу-қиыншылыққа ұшырау «Бес саусақ» әдісі ЕББҚ оқушыларға: Басбармақ: Оқиға не туралы? Балан үйрек: Не істегісі келді? Ортан терек: Қандай қиындыққа ұшырады? Шылдыр шүмек: Қиындықты шешу үшін не істеді? Кішкентай бөбек: Оқиға немен аяқталды? Дереккөз: Автор туралы мағлұмат. Иван Андреевич Крылов-орыс жазушысы, көптеген ертегілердің авторы, сатиралық журналдардың негізін қалаушы. 1769 жылы 13 ақпанда Мәскеуде дүниеге келген. "Қарға мен түлкі", "Піл мен мүк", "Айдаһар мен құмырсқа", "Квартет", "Маймыл мен көзілдірік", «Қасқыр мен тырна» т.б. деген шығармалары бар. И.А. Крыловтың ертегілері көптеген шет тілдеріне аударылды. Оразаев Мұстафа (1891 - 1970) Ахмет ишан Оразайұлының баласы. Бұхара қаласындағы діни медреседе оқыған. Уфа қаласындағы медресе « Ғалияда» атақты ақын М.Жұмабаевпен бірге оқиды. «Қазақ» газетін шығару ісін ұйымдастырушылардың бірі. Айтылым: 1- тапсырма.Топтық жұмыс (көк түсті көбелекті алу арқылы тапсырма таңдайды) Кестенің көмегімен оқиғаның дамуын, аяқталуын, анықта. 1-топ оқиғаның басталуын, 2-топ оқиғаның дамуын, 3-топ оқиғаның аяқталуын айтады. 2-тапсырма. Топтық жұмыс. (тақтаға ілінген қызыл көбелекті таңдау арқылы тапсырма алады) 1.Қасқырдың қиналған сәтін ақын қалай суреттеген? Өлеңнен тауып оқып бер. 2. Қасқырдың қиындыққа ұшырауының себебі неде? Ықтимал жауап: Қасқыр жыртқыш аң болғандықтан аузына түскеннің бәрін жұта беретін қомағайлықтың себебінен осындай қиындыққа ұшырайды. 3.Мақалды оқы. Қасқыр мен тырнаның іс-әрекеті бойынша пікір айт. Баға беріңдер. Ықтимал жауап: Қасқыр қиыншылыққа ұшыраған кезде, тырна қасқырға келіп оны өлімнен арашалап алады. Ол қасқыр жыртқыш болса де келіп көмектесті. Бұл ісі нағыз ерлік. Ал қасқыр тырнаға рақмет айтудың орнына оны қорқытып қуып жібереді. Сергіту жаттығуы Кім? сұрағына жауап беретін суретті көрсең шапалақ соқ. Не? сұрағына жауап беретін суретті көрсең аяғыңмен тарсылдат. Жазылым: Мысалдан қасқырдың сипатын білдіретін сөздерді тауып, көшіріп жаз. Жауап: Қорқау, қомағай, сараң. Құндылық: Балалар, дұрыс тамақтану өте маңызды. 3-тапсырма. Жеке жұмыс. Мына сезімдер мысал мазмұнының қай тұсында байқалды? Сәйкестендір. Түсіндір.
Неліктен бұлай сәйкестендіргенін түсіндіреді.Тақтадағы дұрыс жауаппен өз жұмысын салыстырып тексереді. |
Суреттегі жануарлардың ертегі мен мысалдарда қалай сипатталатынын айтады, пікірін білдіреді.
Бейнеролик көреді.
«Қасқыр мен тырна» мәтінін топтар тізбектеп оқиды. «Қорқау, Өз басың өзіңе олжа, Басына іс түсу» сөздердің мағынасын біліп алады.
Авторлармен танысады.
Топпен бірлесіп кестемен жұмыс жасайды.
2-тапсырманы орындайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Дәптерлеріне «Қорқау, қомағай, сараң» сөздерін жазып алады.
Кестеде берілген сөздерді сәйкестендіреді.
Жұмыстарын тексереді.
|
Дескрипторы (дұрыс жауап берген әр оқушыға 1балл беріледі) -түлкіні сипаттайды -қасқырды сипаттайды -қарлығашты сипаттайды -қарғаны сипаттайды- 1 балл
Дескрипторы 1- тапсырма топтағы барлық оқушыға екі балдан беріледі -оқиғаның басталуын анықтайды -оқиғаның дамуын анықтайды -оқиғаның аяқталуын анықтайды -2 балл
Дескрипторы 2-тапсырмада топтағы әр оқушыға екі балдан беріледі -қасқырдың қиналған сәтін мәтіннен тауып оқиды -қасқырдың қиындыққа ұшырау себебін түсіндіреді -мақалды оқып, қасқыр мен тырнаның іс-әрекеті бойынша пікір білдіреді -2 балл
Дескриптор 3-тапсырма - сезімдер мен сөздерді сәйкестендіреді -3 балл
|
Әдебиеттік оқу 2- бөлім оқулығы
Суреттер
Дәптер
Интерактивті тақта
И.Крылов пен М.Оразаев портреттері
Тапсырма жазылған көбелектер
«күнделік» бағалау кестесі
Кесте
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы 7 минут |
Қорытындылау - «Ой ақымақ! Сен бе менен ақы алар?!» кімнің сөзі және оқиғаның қай бөлігі? - «Қорқау» сөзі қандай мағына береді? - Тырнаның жасаған жақсылығы үшін қасқырдан ақы сұрағаны дұрыс па? Қалай ойлайсың? - Қасқыр басқа құстарды көмекке шақырмай, неліктен тырнаны шақырды деп ойлайсың? - «Өз басың өзіңе олжа» деген сөздің мағынасын түсіндір. - Саған мысалдағы қай кейіпкердің іс- әрекеті ұнады? Неліктен? Кері байланыс
|
Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі алған білімдері туралы ойларын айтады |
Дескрипторы «Пицца» әдісі бойынша -Әр дұрыс жауапқа-1балл
ҚБ Жарайсыңдар! Керемет! Тамаша! |
Сұрақтар жазылған пиццалар
|
«Бес саусақ» әдісі
Басбармақ: Оқиға не туралы?
Балан үйрек: Не істегісі келді?
Ортан терек: Қандай қиындыққа ұшырады?
Шылдыр шүмек: Қиындықты шешу үшін не істеді?
Кішкентай бөбек: Оқиға немен аяқталды?
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Қабілетті оқушыларға: Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға: |
|
|
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Тексерілді:
Ресурстар
Сәйкестендіруді түсіндіру: Балалардың ықтимал жауабы:
Апырым-ай, обал болған екен! Бұл мысалдың бастапқы бөлігінде кездеседі. Өйткені, қасқырдың сүйек жеп, сүйекке қақалып қалғаны аяныш сезімін тудырды.
Бәрекелді! Жарайсың! Екінші сезім бұл ризашылық сезімі. Бұл тырнаның жыртқыш қасқырды өлімнен арашалып алып қалған кезі. Осы кезде тырнаға Жарайсың деп риза болып қалдық.
Ұят болды-ау! Үшінші ұялу сезімі. Өйткені, өлімнен аман қалған қасқыр тырнаға алғыс айтудың орнына оны қорқытып сөзбен сыбап қуып жіберді .осы жерде ұят болды ау деген сезім ұялады.
https://rutube.ru/video/bf5e5fe8095d69319f3c62b997c45a42/?r=plemwd
1 мин 10 сек
Тақтаға ілуге:
Топқа бөлінуге суреттер
Тапсырма жазуға
1-тапсырма көк көбелектерге
Кестенің көмегімен оқиғаның басталуын анықтаңдар. |
Кестенің көмегімен оқиғаның дамуын анықтаңдар. |
Кестенің көмегімен оқиғаның аяқталуын анықтаңдар. |
2-тапсырма Қызыл көбелектерге
Қасқырдың қиналған сәтін ақын қалай суреттеген? Өлеңнен тауып оқып бер. |
Қасқырдың қиындыққа ұшырауының себебі неде? |
Мақалды оқы. Қасқыр мен тырнаның іс-әрекеті бойынша пікір айт. Баға беріңдер. |
3-тапсырма
Апырым-ай, обал болған екен! |
|
аяныш |
Бәрекелді! Жарайсың! |
|
ұялу |
Ұят болды-ау! |
|
ризашылық |
Кері байланыс
|
|
|
Өте жақсы түсіндім |
Сұрағым бар |
Жақсы түсіндім |
Пицца бөліктеріне жапсырылатын сұрақтар
«Ой ақымақ! Сен бе менен ақы алар?!» кімнің сөзі
және оқиғаның қай бөлігі?
«Қорқау» сөзі қандай мағына береді?
Тырнаның жасаған жақсылығы үшін қасқырдан
ақы сұрағаны дұрыс па? Қалай ойлайсың?
Қасқыр басқа құстарды көмекке шақырмай,
неліктен тырнаны шақырды деп ойлайсың?
«Өз басың өзіңе олжа» деген сөздің мағынасын
түсіндір.
Саған мысалдағы қай кейіпкердің іс- әрекеті
ұнады? Неліктен?

