400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаратылыстану – математика, А Ә Д және дене тәрбиесі ғылымдары айналамызда»

Материал туралы қысқаша түсінік
2019-2020 оқу жылының 22.12.2019.- 05.01.2020 күндері аралығында жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясының онкүндігі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: әр ғылым саласы бойынша колледждегі мамандықтар арасында байланыс орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде Жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясы онкүндігінің өтілуі

2019-2020 оқу жылының 22.12.2019.- 05.01.2020 күндері аралығында жаратылыстану-математика пәндері циклдік комиссиясының онкүндігі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: әр ғылым саласы бойынша колледждегі мамандықтар арасында байланыс орнату.

Онкүндіктің өтілу жоспары алдын-ала құрастырылып, бекітілді.

Онкүндіктің барысында іс-шаралар жоспардағы кесте бойынша өтті:

Физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекованың дайындауымен «Жаратылыстану – математика, А Ә Д және дене тәрбиесі

ғылымдары айналамызда» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты көрсетілді. Көрсетілген іс-шараның мақсаты: білім алушыларға жаратылыстану пәндері мен математика және алғашқы әскери дайындық пен дене тәрбиесі пән сабақтарында алған білімдерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, болашақ мамандықтарымен де байланысты екенің түсіндіру.

Онкүндіктің ашылу салтанатында ПЦК оқытушылары туралы мәліметтер беріліп, пәндерге байланысты қызықты деректермен 206 топ білім алушысы Сикорина Снежана мен 307 топ білім алушысы Шаймуратова Динара таныстырды.

Сонымен қатар, көрермендер назарына Жаратылыстану-математика пәндер циклдік комиссия меңгерушісі және өзін-өзі тану, биология пәнінің оқытушысы Шолпан Кенесовна Турлыбековаға 106 топ білім алушысы Безмен Ирина арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Химия пәнінің оқытушысы Гульнар Оразалиновна Жакупбековаға 103 топ білім алушысы Караван Просковья арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Химия пәніне арналған тәжірибелерді 206 топ білім алушылары Непрокин Данил мен Николаенко Артем ұсынды. Химия пәніне байланысты көрсетілген қызық тәжірибелер көрермендер көңілінен шықты. Информатика пәнінің оқытушысы Алия Иембергеновна Қошқарбаеваға 206 топ білім алушылары Непрокин Данил мен Николаенко Артемнің орындауында тамаша ән «Если б был султан» шырқалды және бейнеролик көрсетілді.

Алғашқы әскери дайындық оқытушысы Мұхтар Нығметович Джамбулбаевқа 106 топ білім алушысы Атаулов Ринат арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. «АКМ толық бөлшектеу және құрастыру» - 106 топ білім алушысы Дудин Илья өнер көрсетіп, көрермендер назарын өзіне аударды.

Бөлім меңгерушісі, математика пәнінің оқытушысы Айгуль Джалеловна Абдибекова және Айжан Рауановна Мусанова мен Сәния Мукановна Тлегеновналарға арнап 206 топ білім алушысы Бабуцкая Анастасия арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Пән бойынша интеллектуалдық ойын ойнатылды.Дұрыс жауабын тапқан білім алушыға, артынша приз берілді.

Ойын барынша көрермендерді қызықтырды.

Физика пәнінің оқытушысы Лазат Кенесбековна Исабековаға арнап Кибаев Адал арнау айтты және бейнеролик көрсетілді. Физика пәніне арналған тәжірибелерді 206 топ білім алушылары Непрокин Данил мен Николаенко Артем ұсынды. Физика пәніне байланысты көрсетілген қызық тәжірибелер көрермендер көңілінен шықты.

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары: Арнур Муратович Абишев, Талғат Амирович Абсаттаров, Айбар Омарович Қаптағаевтарға арнау айтылды және бейнеролик көрсетілді.Соңынан 106 топ білім алушылары Безмен Ирина мен Турванова Арина «Гимнастика» жасап көрсетті. Көрермендер қыздардың керемет өнерлерін тамашалады. Ең соңынан осы іс –шараға қатысушы білім алушылардың орындауында тамаша ән «Ничего на свете лучше нету»

шырқалды.Онкүндіктің ашылу салтанаты өте тартымды, әрі қызықты өтті.


Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің физика пәнінің оқытушысы Л.К. Исабекова

Информатика пәнінің оқытушысы А.И.Қошқарбаева

Информатика пәнінің оқытушысы Ж. Хуанбай





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі