Жаратылыстану Ашық сабақ "Жануарлар саны неге азаяды?" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану Ашық сабақ "Жануарлар саны неге азаяды?" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- Дереккөздердің түрлерін анықтай алады; - Табиғат аясында тыйым салынған әрекеттерді көрсетеді; - Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өрт, құрғату, саны. Табиғат аясында тыйым салынған әрекеттерді айта алады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Жануарлар саны неге азаяды?

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.

Бағалау критерийі

  • Дереккөздердің түрлерін анықтай алады;

  • Табиғат аясында тыйым салынған әрекеттерді көрсетеді;

  • Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өрт, құрғату, саны.

Табиғат аясында тыйым салынған әрекеттерді айта алады.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлардың бейімделуі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут


3 минут



Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз»

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.

Саны. Кіріспе тапсырмада оқушылар жұптасып, бір-біріне тіршілік ортасы жағдайының қан­дай өзгерісі жануарлар санына әсер ететінін талдау. Жануарлар саны де­геніміз – олардың сандық мөлшері.


Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1,2
















Сабақтың ортасы

1 минут


6 минут














5 минут












4 минут




5 минут


5 минут


















1 минут

2 минут






1 минут






5 минут


















Топқа біріктіру. «Жалаушалар» арқылы топқа біріктіру.

Зертте. Кластер құру арқылы зерттеу жұмысын ұйымдастыру.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

Оқушылар адамдардың қандай әрекеті жа­нуарлар санының азаюына әсер ететінін ойланулары қажет. Олардың кейбірі ой салып, көмек көрсетуді қажет етуі мүмкін. Адамның әрекет түрлері бейне­ленген суреттерді таратып, «Адамдардың нақты қандай әрекеттері жануарлар санын азайтады?» – деп сұрақ қою ұсынылады. Энциклопедия қолдануды ұсы­ныңыз.

Топта басқа нұсқаларды талдайды.

Кластерге жазып қояды.

Басқа топтардың нәтижелерін салыстырады.

Ортақ нәтижелерді зерттеушінің күнделігіне жазып қояды. Қандай дереккөздерді қол­данғандарын талқылау.

Өрт. Өрттің қаупі туралы шағын әңгіме құру.

«Табиғи» және «апат» деген сөздерді талдау. (Табиғи – ешнәр­се немесе ешкім басқара алмайтын пәрменді күш, апат – бақытсыздық, ауыртпалық.)

Зерттеушінің қойын дәптеріне табиғи апат түрлерін жазып, оларды сипаттау. (Жанартаудың атқылауы, жер сілкіну, цу­нами, көшкін, сел, су тасқыны, дауыл, құйын, бұршақ, орманның өртенуі және т.б.)

Сұрақтар:

  • Екінші суретте андай жануарлар бейнеленген?

  • Олар не істеп жүр?

  • Өрт­тің салдары жануарларға қалай әсер етеді?

  • Өрт болған жағдайда не істеу керектігін талқылау.

Құрғату мен кесу. Батпақты құрғатып, орманды кесудің себептері мен салдарын талқылау. Бұл әрекеттердің жануарларға қандай әсері тиетінін анықтау.

Аңшылық. Аңшылықтың бұрынғы және қазіргі кездегі айырмашылығын анықтау.

Мұғалімнің түсіндіруі. Адамның кейбір әрекеті жануарлар санының азаюына себеп болады. Соның біріне өрт жатады.

Орман мен даладағы өртті сөндіру өте қиын. От пен оның түтінінен бунақденелілер, аңдар, ұсақ құстардың көбі қырылады. Өрт олардың ұясын, жұ-мыртқасын, балапанын жойып жібереді. Жанып кет­кен ағаш пен шөп қалпына келу үшін уақыт керек.

Адам өз іс-әрекетімен пайда да келтіре алады. Жас ағаштарға жарық мол түсіп, жақсы өсуі үшін қураған ағаштарды кеседі. Кесілген ағаштардың қалдығын та­залайды. Тазаламаса, зиянкестер көбейеді. Батпақты жерлерді құрғатады. Бірақ батпақтарды есепсіз құрға­тудан кіші өзендер тартылып қалады. Соның әсері­нен ірі өзендердің де суы азаяды. Құрғақшылықтан өсімдіктер қурап, жануарлар жойылып кетеді. Олар қорегінен, тіршілікке қажет жағдайлардан айырылады.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Жыл сайын Амазонканың тропикалық ормандарында ағаштың көп кесілетіні сонша, ормандағы бос жердің көлемі мыңдаған футбол алаңындай болады. Осының әсерінен ормандағы сирек кездесетін жануар мен өсімдік түрлері жойылып бара жатыр.

Есте сақта!

Соңғы онжылдықта орынсыз аң аулаудан, орманды жаппай кесу мен батпақты құрғатудан жануарлар саны азайып кетті.

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

29-жұмыс парағы. «Жануарлардың азаюы», 31-б.

Деректермен толтыр. Оқушылар энциклопедияны пайдалана отырып, кестені толтырады.

Қатесін тап. Оқушылар дұрыс емес пікірлерді анықтап, түзетеді (Жауаптар: Өртті байқасаңыз, 101 телефоны бойынша өрт сөндіру қызметіне хабарласу қажет. Шыны бұйымдарды тікелей Күн сәулесінің астынан алып тастау қажет. Өрт сөндірілмеген сіріңкеден шығуы мүмкін).

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Жануарлардың саны азаю себебін біледі.

  • Табиғи апат түрлерін сипаттайды;

  • Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.

  • Дереккөздердің түрлерін анықтай алады;



Түрлі түсті жалаушалар


Кластер құруға арналған құралдар,

Зерттеушінің күнделігі

Слайд №3








Оқулықпен жұмыс

Слайд №4










Слайд №5



Слайд №6


Оқулықпен жұмыс


Аңшылықтың суреті












https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw









Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

2 минут


Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

  1. Мен сабақта ________ жұмыс істедім, себебі ________.

  2. Сабақтағы өзімнің жұмысыма мен ________ себебі, ________.

  3. Сабақтың тақырыбы ________ болды.

  4. Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

Бағалау парағы

Слайд №7

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
3568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі