Материалдар / «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік»

Материал туралы қысқаша түсінік
26.02- 05.03 күндері аралығында өткізілген жаратылыстану пәндерінің апталығының қорытындысы. Өлеңді орта мектебі ММ 2018 жылдың 26 ақпан мен 5 наурыз күндері аралығында жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты апталығы өтті.Бұл апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
6583
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаратылыстану» пән бірлестігінің 2017-2018 оқу жылы26.02- 05.03 аралығындағы апталық өткізу жоспары.Тақырыбы: «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік»Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу.

Өткізілетін іс-шараларЖауапты пән мұғаліміСыныбыӨткізу мерзімі
1Қатты денелердің қысымы.

Калиева Б.К.7 сынып26.02.2018ж
2«Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар»

Буханова Г.Б.9 сынып26.02.2018ж
3«Жас информатик»Сыздыкова Р.Б

5 сынып26.02.2018ж
4«Тоғызқұмалақ» Буханова Г.Б8-9 сыныптар26.02-28.02 аралығында
5Кіріктірілген ойындар

Исмагулов Е.К.2 сынып27.02.2018ж
6«Қызықты биология елінде»сайыс сабақБуханова Г.Б.7-9 сыныптар27.02.2018
7Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.Кабылова А.К5 сынып28.02.2018ж
8Қызықты көңілді жарысИсмагулов Е.КБуханов Н.Е.7,8,9 сыныптар28.02.2018ж
9Волейбол ойынының ойнау техникасыБуханов Н.Е.9 сынып01.03.2018ж
10«Географиялық алаң» интеллектуалды ойынЖакупова Р.З7-9 сыныптар01.03.2018ж
11Дүниежүзі халқының діни құрамыЖакупова Р.З7 сынып02.03.2018ж
12Менің алғашқы программам

Сыздыкова Р.Б5 сынып02.03.2018ж
13«Озық –ойлы тарландар»сайыс сабақКабылова А.ККалиева Б.К7-8-9 сыныптар02.03.2018ж
14Апталық жұмысының қорытындысы.Марапаттау жиыныПән мұғалімдер5-9 сыныптар05.03.2018ж






26.02- 05.03 күндері аралығында өткізілген жаратылыстанупәндерінің апталығының қорытындысы.Өлеңді орта мектебі ММ 2018 жылдың 26 ақпан мен 5 наурыз күндері аралығында жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты апталығы өтті.Бұл апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу. Апталықта іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілді. «Жаратылыстану пәндері әлеміне саяхат» тақырыбымен пәндер бойынша викториналық сұрақтар, сөзжұмбақ, жұмбақтар әзірленіп стенд ұйымдастырылды. Ақпан айының 26 күні мектепішілік жиында апталықтын салтанатты ашылуы өткізіліп, өткізілетін іс-шаралар жоспарымен, бағалай критерийлерімен таныстырылды. Үй тапсырмасы кезеңінде «Қайталау-оқу анасы» сұрақтарға жауап берілді, «Формуланы» білеміз бе? физикалық формулалар бойынша тапсырма орындалды. Жаңа тақырып бойынша мәліметтер берілді (сурет, видео). Сабақ барысында оқушылар кітаппен жұмыс жасады, есептер шығарды. Сабақты бекіту бөлімінде «Полиглот» физикалық терминдерді үш тілде жазды. Оқушыларға өздік жұмысы берілді кесте бойынша есеп, белгісіз мәндерді табу.Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар «Бес саусақ» әдісі бойынша өздерін бағалады. Сабақ жақсы өтті, мақсатына жетті.

26 ақпан 7 сыныпта физика пәнінен «Қатты денелердің қысымы» тақырыбымен ашық сабақ өтті, пән мұғалімі Калиева Б.К. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырылды, Ақпан айының 26 күні 9 сыныпта биология пәнінен «Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар» тақырыбымен ашық сабақ өтті.Сабақ үш тілдікте жүргізілді. Психологиялық ахуал туғызу.Адамға жақсы көңіл-күй сыйлау, өздері туралы жақсы сөз айту.Жаңа сабақтың тақырыбы экранда тақырыпқа байланысты суреттер берілді, сол суреттер арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу керек. Үй тапсырмасы «Қыз қуу» әдісі бойынша «Тіршілік үшін күрес» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды.«Миға шабуыл» әдісі сұрақтарға жауап беру.«Суреттерді сәйкестендіру» анықтамаларды суретпен сәйкестендіру.Жаңа сабақ bilimland.kz видеороликтер көрсетілді.Жаңа тақырып бойынша түсінік беріліп, тақырып талқыланды.Сабақты қорытындылауда «Тікелей радиоэфир РАФТ» әдісі арқылы қорытындылады (бір оқушы тұрып микрофонмен сабаққа қатысқан ұстаздарға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды). Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды.Сабаққа қатысты жаңа терминдер үш тілде берілді (қазақша, орысша, ағалшанша)«Бас бармақ» тәсілі арқылы оқушылар баға берді. Сабақ өз мақсатына жетті, жақсы өтті.



27.02 күні дене шынықтыру пәнінен 2 сыныпта «Кіріктірілген ойындар» тақырыбымен мектеп спорт залында ашық сабақ өтті,пән мұғалімі Исмагулов Е.К.Сабақ барысында бой сергіту жаттығулары өткізілді: Оқушыларды сапқа тұрғызу, санын түгелдеу, оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындады. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары.Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтып бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырды. Ұлттық ойындар туралы түсінік беріп, «Алтын сақа» ойынына тоқталды, ойын ережесін түсіндіріп. Оқушылар «Алтын сақа» ойының ойнады. Сабақ соңында «Бас бармақ» тәсілі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақта болған көңіл- күйлерін анықтады. Сабақ жақсы өтті, өз мақсатына жетті.



Ақпан айының 27-сі күні оқушылардың ой-өрісін арттыру, пән бойынша алған білімдерін қолдана білуін, дағдысын шығармашылық қабілеттерін дамыту және командада топпен, ұжыммен жұмыс істей білуге баулу мақсатында 7-9 сыныптар арасында «Қызықты биология елінде» атты сайыс сабақ өткізілді.Жауапты биология пән мұғалімі Буханова Г.Б. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.1 кезең «Таныстыру»2 кезең «Гүл»3 кезең «4 сурет 1 жауап»4 кезең «Мықты болсан тауып көр»5 кезең «Ойлан тап»1-сайыс: Таныстыру.Сайысқа екі команда қатысады.1-ші команда «Бірлік» тобы.2-ші команда «Жас қыран» тобы.Топтардың аты, ұраны, эмблемасы.2-сайыс. «Гүл» сөзін қосып қыздардың 10 атын айтып шық.І-ші топ Гүл сөзінен бастайды. Мысалы: Гүлжан, Гүлназ, Гүлнұр, Гүлнұр т.б.ІІ-ші топ ...гүл сөзінен аяқтайды.Мысалы: Айгүл, Нүргүл, Жанаргүл, Мейрамгүл т.б.3-сайыс: 4 сурет 1 жауап интерактивті тақтада төрт суретті байланыстырып тұрған жасырын сөзду табу керек.4-сайыс: Мықты болсан тауып көрЭкранда сөздерді байланыстырып мақалды табады.5-сайыс: «Ойлан тап!»Берілген әріптерден көбірек құс, аң және өсімдік аттарын құрастыр.Екі топқа бірдей әріптер беріледі.К, І, А, Т, И, Ш, Л, Ғ, С, Ә, З, Б, Е, Р, М, П.Сайыс қорытындысы бойынша «Жас қыран» тобы жеңіске жетті. Сабақ өз мақсатына жетті, сайыс сабақ жақсы өтті. Ақпан айының 28 күні 5 сыныпта математика пәнінен «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбымен ашық сабақ өтті, пән мұғалімі Кабылова А.К. Ұйымдастыру кезеңінде Ынтымақтастық орта құру мақсатында «Тілек» тренингі өткізіледі. Шеңбер құрып, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтты. Жұмбақ шеші арқылы оқушылар сабақ тақырыбын ашты. Үй тапсырмасы кезеңінде оқушыларға үйге берілген есептерді бір-бірінін дәптерлерін ауыстырып шешулерін тексерді. «Бағдаршам» бойынша оқушылар бір-бірін тексеріп. Қате жоқ болса, жасыл карточка, егер 1-2 қате болса, сары карточка, ал егер 2-ден артық қате болса, қызыл карточка көтерді.Сабақ барысында.«Ой толғау» оқушылар ондық бөлшектерді өсу ретімен орналыстырды. Орналыстырғаннан кейін жыл мезгілдерінің адамға ең қолайлы мезгілінің атауы шықты.«Көктем» ондық бөлшектер тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды«Гүл шоғын жасау» тапсырмасын орындады. Оқушыларға гүлдің суреттері берілді, әр гүлде есептер жасырылды. Оқушылар кезектесіп тақтаға шығып есептер шығарды.Тапсырмаларды орындағаннан соң гүлдерден гүл шоғын жасады. Оқушылар әр тапсырмаларды орындағаннан кейін жасыл, сары ,қызыл түсті жапырақтар алды. Сабақтың соңында оқушылар тақтада тұрған ағаштың суретіне сабақ барысында жинаған жапырақтарын жабыстырып Ағашты жандандырды. Сабақ өз мақсатына жетті, жақсы өтті.

28.02 күні дене шынықтыру пән мұғалімдері Исмагулов Е.К мен Буханов Нұржан Е ұйымдастыруымен мектеп спорт залында 7,8,9 сыныптар арасында «Қызықты көңілді жарыс» тақырыбымен көңілді жарыс өтті. Жарысқа екі топ қатысты.Олар: «Бірлік» және «Жас қыран» топтары қатысты. Сайыс 8 кезеңнен тұрды.1.Мұртты кенгуру2.Пингвин3.Пойыз4.Торға доп лақтыру5.Би6.Каппен секіру7.Өгіздер8.Арқан тартысӘр кезең өте қызық өтті , оқушылар белсенділікпен қатысты. Сайыс өз мақсатына жетті.

Наурыз айының 1 күні дене шынықтыру пәнінен мектеп спорт залында 9 сыныпта «Волейбол ойынының ойнау техникасы» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Буханов Н.Е. Оқушылар қатарға тұрып, сәлемдесу, рапорт тапсырылды.Пән мұғалімі сабақ мақсаттарымен таныстырды. Сергіту сәті «Спорт түрін тап» оқушылар берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбын тапты. Сынып екі командаға бөлінді. Біріншісі еркін түрде волейбол алаңының бір жағына орналасты. Оқушылар алаңның екі жартысына екі қатардан тұратын, қатысушыларының саны тең екі командаға бөлінді. Әр команда волейбол добын алып, волейбол ойынындағы элеменнтермен жаттығулар жасады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізді: Оқушылар, жаттығу барысында қателескен оқушылар саптан бір қадам алға шығып қатесін ортаға айтып, түзеді. Видео қайталау арқылы бір-біріне баға берді. Сабақ жақсы өткізілді, өз мақсатына жетті.

01.03 күні география пәнінен 7-9 сыныптар аралығында «Географиялық алаң» тақырыбымен интеллектуалды ойын өтті. Пән мұғалімі Жакупова Р.З. Сайыс 8 кезеңнен тұрды. Олар:1. «Өзін-өзі таныстыру»2. «Иә, жоқ»3. Әріптерді ауыстыр4. «Елтану»5. «Тілмаш»6. «Қара жәшік»7. «Географиялық ассоциация»8. «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы. Әр тапсырмалар өте қызықты ұйымдастырылған, оқушылар белсенділікпен қатысты. Ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға зор үлесін қосты. Сабақ жақсы өтті.

Наурыз айының 2-сі күні география пәнінен 7 сыныпта «Дүниежүзі халқының діни құрамы» тақырыбымен ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Жакупова Р.З. Сабақ «Шаттық шеңбер» рефлекиясымен басталды.Үй жұмысын Жабық тест тапсырмасы арқылы қорытындыланды. Оқушылар тест тапсырмасын орындар, бір-бірінін дәптерлерін ауыстырып дұрыстығын тексерді. Жаңа сабақ «Ой шақыру»экранда суреттер беріліп сол суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашты. Сабақтың мақсаты айтылды. Презентация арқылы оқушыларға жаңа сабақ түсіндірілді. Жаңа сабақты бекіту: Венн диаграммасы, полиглот (терминдер үш тілде берілді), сәйкесін тап, семантикалық картамен жұмыс, сөздер банкі әдістерімен бекітілді.Сабақ соңында рефлексия «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жіберді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалды. Үй тапсырмасы берілді. Сабақ жақсы өтті, мақсатқа жетті. Наурыз айының 2-сі күні математика және физика пән мұғалімдері Кабылова А.К мен Калиева Б.К ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары арасында «Озық ойлы тапқырлар» тақырыбымен сайыс сабақ өтті.Сабақ тақырыпқа сай безендірілген. Сайысқа екі топ сынға түсті. Олар: «Әл-Фараби» және «Әл-Хорезми» топтары.Сайыс кзеңдері:
  • Топтардың сәлемдесуі, ұраны, әділқазыларға тілектері.
  • Викториналық сұрақтар
  • Үй тапсырмасы
  • Ғажайып үштік
  • Жалғасын тап үш тілде
  • Мақал мәтелдер сайысы санға байланысты
Ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға зор үлесін қосты. Нәтижесінде «Әл –Фараби» тобы жеңіске жетіп, марапатталды.

Ақпан айының 26-28 күндері аралығында «Тоғызқұмалақтан» 8-9 сынып оқушылары арасында жарыс өтті, жарысты ұйымдастырған тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Буханова Г.Б. Жарыс қорытындысы бойынша І-ші орын 9 сынып оқушысы Қасымбекова оразгүл, ІІ-ші орын 9 сынып оқушысы Каримова Асия, ІІІ-ші орынды Жуматова Толқын иеленді.

Апталықтың соңында жабылуы ұйымдастырылып, апталық барысында жақсы атсалысқан оқушылар және пәндер бойынша өткізілген сыныптан тыс іс шаралар қорытындысы бойынша жеңіске жеткен топтар мақтай қағаздарымен марапатталды.



Апталық кезінде өткізілген іс-шаралар арқылы мұғалімдер оқушылардың осы пәндерден терең білімдерін, ұшқыр ойларын дамыта түсті, оқушылар ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдірді, тапсырмаларға жылдам, дұрыс жауап беріп, жаратылыстану пәндеріне деген көзқарастарын ауқымды білімдерімен көрсете білді, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланды.

Өлеңді орта мектебі

























«Жаратылыстану» пәндері бірлестігінің 2017-2018 оқу жылы26.02- 05.03 аралығындағы апталық өткізілуі туралы есебі.









«Жаратылыстану» пәндері бірлестігінің жетекшісі: Буханова Гульзада Бакыткановна
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!