Сарсебаева Назгүль Төлентаевна -
физика пәні мұғалімі
Қазақ халқының «Жеті жұрттың
тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген нақыл сөзі бүгінгі дамыған
дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Осыдан ХІІ
ғасырдың алдында жасаған энциклопедик ғалым, әлемде Аристотелден
кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби
бабамыз өз өмірінде 70 -ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен,
артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігін
білеміз.Біздің
елімізде Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің
нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі –
болашақтың тілі. Ал ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың
кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз
мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Орыс тілін білу –
тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстан-дықтар бірнеше
ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз
дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет
басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының
XII құрылтайында жария етті. “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші
құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін
меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына
ілесу деген сөз. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы
Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын
жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Қарапайым тілмен
айтқанда, қазақ тілін дамытамыз, орыс тілін қолданамыз және ағылшын
тілін үйренеміз. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге
асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да мен ұстаздық қызметімде
тоқтаусыз ізденіуім керек. Менің оқушыларым физика пәнінің мазмұнын
ана тілінде оқи отырып басқа тілде де қолдана біледі. Физика пәні
сабағымда көптілде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасын іске
асырып келемін. Жұмыс барысындағы басты мәселем — оқу материалын
қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Сабақ көп тілде
берілетіндіктен уақытты үнемдеу жолдарын қарастырамын. Негізінен
көптілде оқыту кезінде сабақта қолданылатын жаңа ұғымдарды қазақ
тілінде және қарастырып отырған тілдерде таныстырамын. Сабақ
барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі
оқушының сөз қорын қалыптастырады . Практикалық жұмыстарға баса
көңіл бөлемін. Әр тараудың соңында міндетті түрде практикалық,
бақылау жұмыстары жүргізіледі. Тарау мақсаттары, міндеттері,
негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау
мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтіріледі. Олар:
қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік
және танымдық дағдыларын қалыптастыру кезеңдері. Физика пәнін көп
тілде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып ойын толық
жеткізе білуге, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелер жүргізуге,
физикалық құбылыстарды емін-еркін сипаттай білуге құлшындырады .
Қарапайым көрсетулер оқушыны өздігінен ізденуге, танымдық және
шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар,
алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында
меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы
оқушының көп тілді меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы
қалыптасады. Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс
туғызатындай әдістерін тауып, әрқилы әрекеттер арқылы олардың
ақыл-ойын ұштау, жетілдіру көзқарасын, сенімд ілігін,
жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіріп отырамын. Физика пәнінің
мұғалімі, көптілде сабақ жүргізу барысында жаңа технологияларға
сүйене отырып тың идеялар мен проблемалық ой тудырып отырса,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып білімдері мен біліктерін
адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу
үшін пайдалануды қамтамасыз етед. Сондай технологияның бірі
CLIL-әдісі деп ойлаймын. CLIL (Content and Language Integrated
Learning — Пән және Тілді Кіріктіріп Оқыту) осы CLIL әдісі арқылы –
әртүрлі пәндерді шет тілінде оқытады. CLIL термині қолшатыр сиякты,
бірнеше пәндерді құрайды, мысалы: математика, биология, география
және физика т.б пәндерді қолдана отырып, шет тілінде оқыта аламыз.
Бұл ұғымды алғаш рет Дэвид Марш 1994 жылы ойлап тапты, көптеген
зерттеу жүмыстары жүргізілді, семинарлар өткізілді, педагогикалық
тұрғыдан дамыды, тек қана 2001 жылы CLIL термині енгізілді . Бұл
ұғым Қазақстанға Болондық жүйесі бойынша 2010 жылдан бастап
енгізілді, CLIL әдісі бізге үлкен өзгеріс әкелді, өйткені барлық
оқу орындары (университет, колледж, мектеп) кіріктірілген білім
беру әдістін қолдана бастады. Қазіргі кезде Назарбаев Зияткелік
университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім Инновация
лицейілері, дарынды оқушыларға арналған “Жас Дарын” мектептері
кіріктірілген білім беру әдісін қолданып жатыр. Көптілді білім беру
ісінде атқарылып жатқан жұмыстардан шығатын қорытынды менің ойымша
мынадай: — әрбір мектеп бітірген Қазақстан Республикасының азаматы
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біліп шығады; — көптілді
меңгерген оқушылар өзгермелі кезеңде еркін әрекеттер жасауға бейім
болады; — көптілді меңгеру еңбек нарығында да жоғары бағаланады; —
алыс және жақын шетелдерде тілдік көмекті керек
етпейді.
Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды .Тіл
үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған
тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа
мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату
үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді .