Материалдар / «Жарқын болашақ» зияткерлік сайысының СЦЕНАРИЙІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жарқын болашақ» зияткерлік сайысының СЦЕНАРИЙІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды білімді,дарынды, озық болуға жетелеу арқылы мамандық таңдауға бағыт бағдар беру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жарқын болашақ» зияткерлік сайысының

СЦЕНАРИЙІ



Мақсаты:

Іс-шараның барысы:

(видео ролик көрсетіледі, фанфар ойналады, жүргізуші шығады)

Жүргізуші: Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар мен дарынды оқушылар! «Жарқын болашақ» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Жарқын болашақ» зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі ойынымызды даралап, саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Ендеше, білімді оқушыларымызды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

(Ойынға қатысушы оқушылар таныстырылады)

«Болашақ» тобы:

«Бәйтерек» тобы:

«Дарын» тобы:

«Сұңқар» тобы:


Жүргізуші: Ал енді, ойын бөлімдерімен таныстырып өтейін. Ойын 3-бөлімнен тұрады:

I бөлім: «Маманның көлеңкесі»

II бөлім: «Мен кім боламын?»

III бөлім: «Сен білесің бе?»

Бүгінгі ойынымызды даралап, саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Білім кешенінің меңгерушісі: Божанова Гульнар Әбдіхалыққызы

Әдістемелік бөлімнің әдіскері, әрі ауысым кураторы: Аманжолова Айгүл Бахадырқызы

Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Давыдов Усан Мамадалиевич

(Әділ – қазылар алқасы таныстырылады)


Жүргізуші:

Білімінің ұшқырлығын танытып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап өтер,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп, І бөлім «Маманның көлеңкесі» кезеңін бастаймыз.


«Маманның көлеңкесі» бөлімінің шарты:

Ойынның ережесі. Суреттің көлеңкесіне қарап, ол қандай мамандық екенін табу керексіздер. Әр топқа 30 секунд уақыт беріледі.

Егер жауап болмаған жағдайда, басқа топтарға жауап беруге болады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Ойыншыларымызға сәттілік !!!


Детектив

Құрылысшы

Өрт сөндіруші

Стюардесса

Наубайханашы

Шахтер

Мұғалім

Дәрігер

ІІ Бөлім «Мен кім боламын?»

Ойынның ережесі. Ұяшықтарда 12 мамандық түрлері берілген. Сіз таңдаған ұяшықта белгілі бір пәннен сұрақ беріледі. Сұраққа толық жауап берген жағдайда, 10 ұпай еншілейсіздер. Жауап жартылай болса, 5 ұпайдан беріледі.

  1. Геометрия

Фигурада неше үшбұрыш бар? 14

Фигурада неше шаршы бар? 5

  1. Химия

«С» әрпі

1.Химиялық элемент Сутегі, скандий

2.Күрделі зат Су

3.Металл Сынап

4.Қышқыл Сірке қышқылы

5. І валентті элемент Сутек

6.Физикалық құбылыс Судың қатуы

7.Натрий гидроксиді Сілті

8.Судың агрегаттық күйі Сұйық

3. Физика

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма 1 : Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп сал.Не байқалады?

Тапсырма 2: Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал. Не байқалады?

Жауабы:

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

4. Назарларыңызда екі кесененнің бейнесі. Екі кесенені атаңыз. Екі кесенені қандай аңыздар байланыстырады?



Жауабы:

Кесенені Ахметке арнап салып жатқанда қатты дауыл тұрып, кесене қабырғаларын ұшырып алып кете барған. Ақсақ Темір ұйықтап жатқанда түсіне Қызыр еніп, оған ең бірінші Ахметтің ұстазы Арыстан бабқа кесене салуы керек екенін айтады. Сөйтіп, Ақсақ Темір дәл солай жасайды. Кесене 1385-1405 жылдар аралығында салынады. Кесене 1978 жылдан бастап мұражай ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1989 жылы ол «Әзірет Сұлтан» деп аталып, мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы болып қайта құрылды, оның құрамына 19 тарихи ескерткіш енгізілді.

5.Ағылшын тілі

In March blizzards can strike again, and the sky is often covered with dark clouds. But it doesn't last long, and by the end of March a grey sky brightens and you can see blooming flowers and trees.

This is the time when nature begins to wake up from its winter sleep. April brings total rejuvenation to the woods, fields and meadows. Animals leave their lairs and birds return home. In May the sunshine becomes brighter and hotter while days become longer. But the beginning of May is famous for its heavy rains and thunderstorms.

Наурызда тағы да қарлы боран соғуы мүмкін және аспан көбінесе қара бұлттармен жабылады. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды және наурыздың аяғында сұр аспан тазарып, сіз гүлдер мен ағаштардың гүлдегенін көре аласыз. Бұл табиғат қысқы ұйқысынан ояна бастайтын уақыт. Сәуір ормандарға, егістіктерге және шабындықтарға толық жасару әкеледі. Жануарлар үйлерін тастап, құстар үйлеріне қайтады. Мамыр айында күн ашық және ыстық болады, ал күндер ұзағырақ болады. Бірақ мамырдың басы қатты жаңбыр мен найзағаймен танымал.

6.«Тұздық алу» дегеніміз не?

«Атсырау» дегеніміз не?

«Тұздық алу» Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
Тұздық аттас отаулардан алынбайды

«Атсырау»
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады

7. 1948 жылы бұл композитор Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясына емтихан тапсырып, оқуға түседі. Ұлт аспаптары бөлімінде екі жыл оқып шығады. Оқуын аяқтаған соң, Мәскеу консерваториясына оқуға барады, осы оқу орнына түскен алғашқы қазақ та осы композитор болды.

Сіз тыңдаған күйдің авторы кім, және қалай аталады?

Жауабы: Нұрғиса Тілендиев «Әлқисса»

8. Очистить- вид

Язык-окно

Табуляция-файл

Свойства-сервис

Сортировка-формат

Разделить-таблица

Линейка-правка

Салыстыру жүргізіңіз

Жауабы:

Очистить- правка

Язык-сервис

Табуляция-вид

Свойства- файл

Сортировка-таблица

Разделить-окно

Линейка-формат

9. Қора қоздап боздап түйе қой шу,

Сай да құспенен ду-ду көбелекпен

Қарағанда мен майысып ағаш мен гүл,

Су қағып бұрандап сыбдыр ағады.

Қаз мамырлап жағалай менен көл қу,

Мәз жүгіріп балалар іздеп жұмыртқа.

Тастағанда атпен ұшқыр зырлатып,

Дауыл баз ілінер жарқ-жұрқ баз етіп көк.

Байланған құс қатарлап қанжығаға,

Қылады бұрындап наз жабысып қыз.

Жауабы:

Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

10.



Айырмашылығы неде?

Жауабы: Астронавт

Космонавт

Космонавт деп Ресей мен бұрынғы КСРО аймағындағы елдер, сонымен бірге Шығыс Еуропада ғарышқа ұшқан әрбір адамды атайды. Ол грек тілінің космос (грек. κόσμος) - әлем, ғаламшар, құрылым және наута (грек. ηαυτα) — теңіз жүзуші сөздеріні құралған. Ал АҚШ - та ғарышқа аттанатын адамдарды дәстүр бойынша астронавт деп атайды. Ол грек тілінің astron (грек. αστρον), жұлдыз және наута (грек. ηαυτα) — теңіз жүзуші сөздеріні құралған. Астронавт сөзін алғаш рет фантаст - жазушы Нейл Р. Джонс 1930 жылы өзінің қысқа әңгімесінде қолданған. Екі сөз синоним ретінде қолданылады.

11. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған жылы
Желтоқсан оқиғасы болған жыл

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған жыл
Қазақстан астанасының Ақмола қаласына көшірілген жылы
Қазақстандағы мәдениетті қолдау жылы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астана қаласындағы алғаш бас қосқан жылы

Жауабы:

1991 – Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған жылы
1986 – Желтоқсан оқиғасы болған жыл

1995 – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған жыл
1997 – Қазақстан астанасының Ақмола қаласына көшірілген жылы
2000 – Қазақстандағы мәдениетті қолдау жылы
2003 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астана қаласындағы алғаш бас қосқан жылы

12. «XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті адамдардың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп атапты». Бұл қандай өсімдік?

Жауабы:

Картоп



II – бөлімнің қорытынды ұпайларын әділқазылар алқасынан сұрап өтсек.


III Бөлім «Сен білесің бе?» бөлімінің ережесі:

Сіздерге қандай да бір мамандыққа байланысты бейне сұрақ қойылады. Топтаса отырып, жауап беретін боласыздар. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Жартылай жауап берген жағдайда 10 ұпай беріледі.

Ойыншыларымызға сәттілік !!!

III бөлімнің қорытынды бағасын әділқазылар алқасынан сұрап өтсек.

Қорытынды жасаймыз.

Іс-шараны қорытындылап, марапаттау жүргізу үшін қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.

Жүргізуші: Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар, жеңісті күндерде жолыққанша жас достар!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!