Жас буынның басты түйіні.
Жұмыссыздық неге азаймай тұр?
Қоғам қай уақытта да жаңарып отырады. Экономикалық үрдістер өзгереді. Еңбек қатынастары да жаңаша сипат алады. Осындай қозғалыстың ортасында жүрген жас буын үшін өз мүмкіндігін табу оңай емес. Кәсіби жолын енді ғана бастаған жастар жаңа талаптар мен тосын жағдайларға жиі ұшырайды. Бір жағында — жоғары білім мен үміт, екінші жағында — нақты тәжірибе сұрайтын жұмыс беруші. Осы екі арада жасалған алшақтық жастардың өзін іздеуіне әсер етеді. Уақыт өткен сайын бұл айырма тереңдей түсіп, олардың мүмкіндігін толық пайдалана алмай қалуына себеп болады.Жұмыссыз жүрген жас адамның көңіл күйі мен ішкі сенімі бұзылады. Өмірлік жоспарлар әлсірей бастайды. Өз әлеуетін дұрыс бағыттай алмауы да жиі кездеседі. Кейбірі уақытша табыс көзін іздейді. Кейбірі таңдаған саласынан алыстап кетеді. Мұндай құбылыстар қоғам дамуына кері ықпал етеді. Өйткені кез келген мемлекет үшін ең белсенді, ең серпінді топ — жастар. Олардың қабілеті ашылмаса, жалпы экономикалық қарқын да баяулайды. Бұл тек жеке тағдырдың мәселесі емес, ұлттық даму көрсеткішіне әсер ететін фактор.
Әлем елдері жастарды еңбекке бейімдеу үшін арнайы бағдарламалар әзірлейді. Университет пен өндіріс арасын жақындатуға бағытталған тәжірибелік алаңдар жасайды. Студенттер оқу кезінде-ақ нақты ортаға еніп, мамандықтың талаптарымен танысады. Мұндай тәсіл еңбек нарығына қадам басқан кезде сенімділік береді. Бізде де осындай бастамалар бар. Бірақ ауқымы әлі де кеңеюді қажет етеді. Жас ұрпақтың әлеуетін толық ашу үшін қолайлы жағдай мен жүйелі қолдау қажет.Жастар жұмыспен қамтылу бағытында орын алған қиындықтар тек сандық көрсеткіштерге тәуелді емес. Бұл — қоғамның жауапкершілігіне қатысты мәселе. Сондықтан осы тақырыпты талдау елдің болашағын ойлау деген сөз. Жас буынның алға қадам басуы мен кәсіби қалыптасуы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Сол себепті жастардың еңбекке араласу мәселесі бүгінде ерекше назарда тұр.
Жастар арасындағы жұмыссыздық Қазақстанда әлі де бар мәселе. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,6 % екені тіркелді. Жас буын ішінде жағдай әртүрлі. NEET санатындағы — оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар үлесі 6,2 % шамасында. Бұл сандық көрсеткіштер жастардың барлығы оңай жұмыс табады дегенді білдірмейді. Көп түлектер дипломмен болса да, нақты өндірістік тәжірибе жоқ. Сол себепті олар сұранысқа сай келмейді.Мысалы, дамыған елдерде студенттер оқу кезінде-ақ өндірістік практикадан өтеді. Олар теория мен тәжірибені қатар алып өседі. Сол себепті жұмысқа кірісі жедел. Бізде практикаға жол аз. Жастар дайындықсыз шығады.Сарапшылар да осыны атап көрсетеді. Еңбек нарығы бойынша маман Айдос Әлиев бір пікір білдірді. Ол жастарда ынта мен білім бар дейді. Бірақ жүйеде тәжірибе жинау жолдары жеткіліксіз дейді. Оның пікірінше оқу орындары мен жұмыс берушілер байланысын нығайтса түлектердің еңбекке орналасуы оңайлайтынын айтты.Сонымен қатар өңірлік айырмашылық та байқалады. Ірі қалаларда мүмкіндік көп. Бірақ ауыл немесе шағын қала тұрғыны үшін мамандыққа сай жұмыс табу күрделі. Бұл жастарды үлкен қалаға көшуге мәжбүр етеді.Жұмысқа орналаспаған жастар қоғамнан оқшау қалуы мүмкін. Олар уақытша немесе маусымдық жұмысқа тәуелді болады. Бұндай тұрақсыздық олардың кәсіби қалыптасуына, өмірге деген сеніміне әсер етеді.Егер практикалық дайындық жүйелі болса, еңбекке бейімдік болса, жастар өз әлеуетін жүзеге асыра алар еді. Тәжірибелік орталықтар ашылса. Арнайы курстар, тағылымдамалар кеңінен іске қосылса. Сол кезде статистикалық көрсеткіштер төмендеп, сапалы еңбек күші өсер еді.
Қорыта айтқанда, жастар жұмыссыздығы — тек сандармен емес, білім мен тәжірибе, мүмкіндік пен шынайы қолдау арасындағы үйлесімсіздік. Бұл мәселені шешу — жүйелі жұмыс пен қоғамның жауапкершілігі.
Әл-Фааби атындағы ҚазҰУ-нің 2курс студенті Акбалина Мадлена
Жетекшісі: Макотова Галия
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас буынның басты түйіні. Жұмыссыздық неге азаймай тұр?
Жас буынның басты түйіні.
Жұмыссыздық неге азаймай тұр?
Қоғам қай уақытта да жаңарып отырады. Экономикалық үрдістер өзгереді. Еңбек қатынастары да жаңаша сипат алады. Осындай қозғалыстың ортасында жүрген жас буын үшін өз мүмкіндігін табу оңай емес. Кәсіби жолын енді ғана бастаған жастар жаңа талаптар мен тосын жағдайларға жиі ұшырайды. Бір жағында — жоғары білім мен үміт, екінші жағында — нақты тәжірибе сұрайтын жұмыс беруші. Осы екі арада жасалған алшақтық жастардың өзін іздеуіне әсер етеді. Уақыт өткен сайын бұл айырма тереңдей түсіп, олардың мүмкіндігін толық пайдалана алмай қалуына себеп болады.Жұмыссыз жүрген жас адамның көңіл күйі мен ішкі сенімі бұзылады. Өмірлік жоспарлар әлсірей бастайды. Өз әлеуетін дұрыс бағыттай алмауы да жиі кездеседі. Кейбірі уақытша табыс көзін іздейді. Кейбірі таңдаған саласынан алыстап кетеді. Мұндай құбылыстар қоғам дамуына кері ықпал етеді. Өйткені кез келген мемлекет үшін ең белсенді, ең серпінді топ — жастар. Олардың қабілеті ашылмаса, жалпы экономикалық қарқын да баяулайды. Бұл тек жеке тағдырдың мәселесі емес, ұлттық даму көрсеткішіне әсер ететін фактор.
Әлем елдері жастарды еңбекке бейімдеу үшін арнайы бағдарламалар әзірлейді. Университет пен өндіріс арасын жақындатуға бағытталған тәжірибелік алаңдар жасайды. Студенттер оқу кезінде-ақ нақты ортаға еніп, мамандықтың талаптарымен танысады. Мұндай тәсіл еңбек нарығына қадам басқан кезде сенімділік береді. Бізде де осындай бастамалар бар. Бірақ ауқымы әлі де кеңеюді қажет етеді. Жас ұрпақтың әлеуетін толық ашу үшін қолайлы жағдай мен жүйелі қолдау қажет.Жастар жұмыспен қамтылу бағытында орын алған қиындықтар тек сандық көрсеткіштерге тәуелді емес. Бұл — қоғамның жауапкершілігіне қатысты мәселе. Сондықтан осы тақырыпты талдау елдің болашағын ойлау деген сөз. Жас буынның алға қадам басуы мен кәсіби қалыптасуы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Сол себепті жастардың еңбекке араласу мәселесі бүгінде ерекше назарда тұр.
Жастар арасындағы жұмыссыздық Қазақстанда әлі де бар мәселе. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,6 % екені тіркелді. Жас буын ішінде жағдай әртүрлі. NEET санатындағы — оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар үлесі 6,2 % шамасында. Бұл сандық көрсеткіштер жастардың барлығы оңай жұмыс табады дегенді білдірмейді. Көп түлектер дипломмен болса да, нақты өндірістік тәжірибе жоқ. Сол себепті олар сұранысқа сай келмейді.Мысалы, дамыған елдерде студенттер оқу кезінде-ақ өндірістік практикадан өтеді. Олар теория мен тәжірибені қатар алып өседі. Сол себепті жұмысқа кірісі жедел. Бізде практикаға жол аз. Жастар дайындықсыз шығады.Сарапшылар да осыны атап көрсетеді. Еңбек нарығы бойынша маман Айдос Әлиев бір пікір білдірді. Ол жастарда ынта мен білім бар дейді. Бірақ жүйеде тәжірибе жинау жолдары жеткіліксіз дейді. Оның пікірінше оқу орындары мен жұмыс берушілер байланысын нығайтса түлектердің еңбекке орналасуы оңайлайтынын айтты.Сонымен қатар өңірлік айырмашылық та байқалады. Ірі қалаларда мүмкіндік көп. Бірақ ауыл немесе шағын қала тұрғыны үшін мамандыққа сай жұмыс табу күрделі. Бұл жастарды үлкен қалаға көшуге мәжбүр етеді.Жұмысқа орналаспаған жастар қоғамнан оқшау қалуы мүмкін. Олар уақытша немесе маусымдық жұмысқа тәуелді болады. Бұндай тұрақсыздық олардың кәсіби қалыптасуына, өмірге деген сеніміне әсер етеді.Егер практикалық дайындық жүйелі болса, еңбекке бейімдік болса, жастар өз әлеуетін жүзеге асыра алар еді. Тәжірибелік орталықтар ашылса. Арнайы курстар, тағылымдамалар кеңінен іске қосылса. Сол кезде статистикалық көрсеткіштер төмендеп, сапалы еңбек күші өсер еді.
Қорыта айтқанда, жастар жұмыссыздығы — тек сандармен емес, білім мен тәжірибе, мүмкіндік пен шынайы қолдау арасындағы үйлесімсіздік. Бұл мәселені шешу — жүйелі жұмыс пен қоғамның жауапкершілігі.
Әл-Фааби атындағы ҚазҰУ-нің 2курс студенті Акбалина Мадлена
Жетекшісі: Макотова Галия
шағым қалдыра аласыз


