Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маман мақала. КЕШЕ БҮГІН МЕНІҢ КӘСІБИ ӨСУІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кеше. Бүгін. Менің кәсіби өсуім


«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға…» деп, Aбaй aтaмыз бекер  aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  мaмaндықтардың бірі.

Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз  болуы  керек,

Eлбaсымыз айтып кеткеніндей «Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жаксылық — мұғалімнен» біздерге қазіргі таңда үлкен жауапкершілік артылып отыр, өйткені Қазақстанның болашағы – қазіргі жас ұрпақ, ал болашақтың қандай болатынына тікелей әсер етуші біз- ұстаздармыз.

Қазақстанның басты мақсаты-әлемдегі озық елдердің қатарына қосылу болғандықтан, келешекте өз еліне үлес қосып, елімізді әлемге танытатын тұлғаларды қазірден бастап тәрбиелеу біздің басты міндеттеріміздің бірі.

 «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.

Ұстаздық ұлы қасиет. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім.

«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», -дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі.

Мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның беделі мектептің беделі. Ал, мектеп — мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда мұғалім білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен Еркін ауылдық округіндегі №26 орта мектебінде еңбек жолымды бастап жатырмын. Мамандығым –ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Мен өз мамандығымды шексіз сүйемін. Өйткені менің оқытaтын пәнім әлемдегі ең ұлы мaмaндықтaрдың бірі, мен оқушыларыма тек қана ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар оның өмірдегі маңыздылығын ұғындырғым келеді. Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін. Менің шетел тілі мұғалімі ретіндегі мақсатым қазіргі таңда елімізде де, дүние жүзінде де ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бірақ та мен оқушыларыма ағылшын тіліне деген қызығушылығын, білімге деген қызығушылықтарын түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен оятуға тырысып отырамын, әр сабағымды түрлендіріп отырамын. Менің пікірімшe, мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлу қажет. Ең бастысы-балаға деген мейірімділік. Мұғaлім–алдында отырған әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, oлардың әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын, міне осылардың бәрінің тілін таба білуі қажет. Ұстaз-әрдaйым aқылшы дoс, сырлaсушы.

«Қазақстан бүкіл дүние жүзінде жоғары білімді, зиялы, халқы үш тілді қолдана алатын мемлекет ретінде қабылдануы тиіс. Яғни, қазақ тілі – туған тіліміз, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас, ал ағылшын тілі – әлемдік экономикаға сәтті интеграциялану тілі» — деп елбaсымыздың жолдауында жазылған. Елбасының осы сөздерін үнемі басшылыққа ала отырып, мен өз жұмысымды осы бағытта жүргізуге тырысамын, күндердің күнінде Қазақстан халқының басым бөлігі үш тілде сөйлейтініне мен кәміл сенемін.

Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөзін, білімнiң шындығындa да бaғa жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені белгілі. Өйткeні, білім — тeк ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тaмыры, eл дaмуының aлтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толaстамайды.


Мен жас маман –болашақ ел тірегі,

Мен ұстазбын-мектеп ана-жүрегі.

Еңбек етем аянбай ел жолында,

Орындалсын халқымның барлық тілегі!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2019
1592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12