Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы тәлімгер – ұстаздың рөлі.
Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы тәлімгер – ұстаздың рөлі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
2473
5 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы тәлімгер – ұстаздың рөлі.Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарына әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу керек міндеті тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында сапалы білім беру туралы мәселе ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Сондай-ақ Қазақстанның индустриалды-инновациялық бағытта дамуының негізі болуға тиіс екені көрсетілгендей, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, балалардың білімін бағалаудағы мониторинг пен бақылау – диагностика амалдарын меңгерту, мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға да үлкен міндеттер жүктейді.Заманауи прогресте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау керек. Біз тәлімгерлер өз жұмыс жоспарымызды әрқайсымыз өз бетімізше құрамыз. Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы мынадай үш кезеңнен тұрады.
ІІІ Тәлімгер ІБақылау Бейімделу
Өзекті – бастысы ІІЖоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл-күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтаймын. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқаймын. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым-қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетін аша білдім. Оның эрудициясы (білімді, ой санасы) арқылы тесттер, диагностика, сауалнамалар әзірлеймін. Әрі қарай жас маманға тәлімгерлік жұмысымды былай ұсынамын: бақылау, екі жақсы қатынас, сұрақ-жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.
Жас маманға әрі қарай Рудакидың сөзімен бастайын:
«Жүрегіңмен сезбесең,Әлемнің сырын ұқпайсың.Көзіңмен көрем дегенмен,Барлығың байқап шықпайсың» - дей тұрып, тәлімгерлік жұмысымды бақылау жасап, үнемі тексеріп отырамын. Білім беру жүйесінде, яғни, жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне зияткерлік даярлығын бақылау арқылы педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау тәлімгерлік жұмысым. Әрбір жоспарын, алынған іс-әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауын қадағалаймын, бағыт-бағдар беріп отырамын.Жас маманның жеке дамуына «Тілдесу» тақырыбында тренинг әдісіндегі ойын: «Кәсіби тілек» (мәдениетті, тұлғалы сөйлеуге үйрету). Өз ой пікірлерін дәлелдейді. Жаттығулар: мақсаты – тәрбиеші-педагогтің зейіні мен назарын тұрақтандыра алу қабілеттілігін бақылау. Мысалы, тақтаға 5,7,8,1,3,4,2,9 сандары жазылып, үш секундтан кейін өшіріледі. Сол сандардың ретін есте сақтап, қағазға түсіруі керек. Екінші варианты: мен 1-20-ға дейінгі сандарды жазамын, ретін сақтамай, тез-тез оқиды. Үшінші жұмыс: өз аты-жөнін тақтаға жазып тұрып, әріптерін кері оқу.Қорытынды. Рефлексия.Үйге тапсырма: «Мен тәрбиешімін, менің мақсатым» тақырыбында эссе жазу. Келесі эвристикалық әдіс немесе прожуктивті, яғни бұл жекелей іздену жұмысын балаларға үйрету болып табылады. Мысалға оқу іс-әрекетінде, ойын үстінде болсын т.б. жағдайларда балаға шешімін қайдан табуға болатынын суреттерден көрсетуді үйрету.Өзімнің ең басты мақсатым оқу жылына қойған: «Қарлығаш» тобының ОК клубының ұраны «Өзім жасап, өз-өзімді мақтаймын» іздемпаздық заманауи прогресте жаңа шығармашыл ұстаз жұмыс жоспарымды қосымшаға тіркедім. Бірлескен әдісті қолдана отырып, Муира заңын ашамыз: «Біз біреуін тартып шығарамыз дегенде, ол қалғандарына жалғасып байланған» дегендім білдіреді. «ОК клубындағы» мәселелі жұмыс, мысалы: «Құс науасын жасауға қандай құралдар қажет?», «Жыланның велосипеды қандай болмақ?» т.б. зерттеу жұмыстары: «Сиқырлы дыбыстар», «Су, от, ауа, құм құпиясы» т.б. демалыс кештері: «Ауырып қалған Ердаулетке сыйлық», «Ықшам мұражай», «Дизайн орталығы», «Дарынды балалар сайысы», «Күлкі күні», «Өлшеу мерекесі», «Құрастыру бюросы», «Ғажайып алаң», көрініп-көрінбейтін іс-қимыл, мысал: Бір күнде неше рет есік тұтқасын ұстадық? Ол туралы не айтамыз? Жарыс: «Бір әкелгенде, мол әкел» т.б. «Бір күн түсіндіргеннен, бір сағаттық жұмысты көп үйрет» Ж.Ж.Руссо сөзімен әлеуметті сеніммен жекелік тәрбие құпиясын ашып, жағдайды туғызу қорытындысы, балалар өздерінің өскендерін сезініп, тек алға ұмтылатынын ескертемін. Келесі тәлімгерлік міндетім жас мамандарды жаңа терминді сөздермен таныстыру семинар жұмысы: «Жаңалықтармен жетілдіру».
Қазіргі педагогикалық технологияларда тәлімгер-ұстаз дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істің ұйытқысы – дей отырып, қазіргі уақытқа дейінгі нәтижелерімді айтамын. Ең алдымен өзімді үйреткен тәлімгерлерімді айта кетейін, Лидия Ивановна Родинаға шексіз алғысым бар, шыдамдылық пен іздемпаздыққа үйреткен... Мен тәлімгерлік ісімді 1989 жылы Мұханбетова Зайнаттан бастаған едім, қазір ол мектепке дейінгі мекеме басшысы, күні бүгінге дейін тәлімгерлік көрсетіп келемін.Қорыта келе, ұлы педагог К. Ушинский сөзімен айтқанда: «Ұстаз- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана ұстаз. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның ұстаздығы да жойылады» деген қағидасын жадымызда ұстап, ұлы Абайдың мына даналығымен аяқтаймын. Пайда ойлама, ар ойла,Талап қыл артық білуге.Артық ғылым кітапта,Ерінбей оқып көруге.
Модульдік және деңгейлеп, саралап оқыту технологияларының тиімділігі
«Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек»...(Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауынан)
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасқан. Бұл үрдіс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүруде. Жаңа білім парадигмасында – бірінші орынға бала тұлғасының білім арқылы дамуы қойылуда. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиясын шығаруға ұмтылуы. Соның бірі – модульдік технология. Бұл технологияның ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді, яғни жадының алуан түрлерін (көру, есту, қимыл), ойлауды, ынтаны, қабылдаау қабілетін арнай жасақталған оқу және танымды жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталған. Бұл технология тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психология ғылымы мәліметтеріне тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне сүйенуді керек етеді. Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Танымдық қызмет тыңдаау, көру, айту арқылы тұлғаның танымдық қабілеттерін жинақтай отырып, қайта жаңғыртып, оқытудың белсенді формасы ретінде қолданамыз. Тапсырманы – интеллектуалдық дарындылығы байқалатын балаларға береміз. Тапсырманы кезең-кезеңмен қарапайымнан күрделіге қарай орындатып, сауат ашуда, математикада есептеудегі логикалық тапсырмаларды беріп, жеңіл тапсырмаларды қатардағы балаларға береміз Бұны шеше алған бала кейін жеке интеллектуалды тапсырманы орындауға көше алады. Тапсырманы табысты орындаған баланың көңіл-күйі көтеріліп, білімге қызығады. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясын басшылыққа алып, ең төменгі деңгейлік тапсырманы орындатамыз. Мысалы, «Қандай пішін жетіспейді?» дидактикалық ойыны балалардың көпшілігі үшін жақсы таныс. Сондықтан оны орындау қиынға түспейді. Бұдан соң «Пішіндерді толықтыр» жұмысын ата-аналар көмегімен көбейттіріп, әр баланың жеке орындауын бақылай аламыз, қателігін уақытында түзетіп, жеке түсіндіруге мүмкіндік туады. Бұл жұмыстар мектепке даярлық міндетін шешуге бірте-бірте жақындайды. Балалардың ойлау, елестету, есте сақтау, белсенділік пен дағдысының, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Айналамен таныстыру және экология, тіл дамыту, математика, көркем әдебиет пәндері арасындағы пәнаралық байланыс іске асады. Балалардың жеке қабілеттері көрініп, танымы кеңейеді. Бірінші деңгейлік тапсырмалар: біріншіден, тірек тапсырмалармен жұмыс, өтілген материалдарды қайталау, әңгімелесу, көрнекілік әдістері арқылы бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Сабаққа зейіндері ауады. Сөйтіп меңгеруге дайындалады. Екіншіден, жұмбақтың шешеімін табуға ойлану арқылы, буындап оқып жаңадан туындайтын сөздерді іздеу арқылы жаңа дыбыстарды тауып оны үйретуге, сөйтіп жаңа тақырыпқа өтеміз. Бұл жерде әр баланың танымдық қызметіндегі дербестік байқалып, оны дамыту қажет болады. Тақтада, әліппе дәптерлерімен жүргізілетін жұмыстарда танымдық қызмет ұйымдастырылады, әлсіздік көрсеткен баламен кейін жұмыстанамыз. Үшіншіден, деңгейлік тапсырмалар баланың қабілетіне қарай үйретгенін, қалыптасқан дағдысын мектепте де қолдана білуге жағдай жасайды. Бұл технология білімді әр кез бақылауға мүмкіндік береді. Сөйтіп мемлекеттік стандарт қойған талаптарға бір қадам жақындауға мүмкіндік береді. Балалардың іс-әрекетке құлшынысын туғызамыз.Деңгейлік тапсырманың мақсаты: жай және күрделі жұмысты сатымен орындаған баланы ізденіске түсіру, дарындылардың мүмкіншіліктерін ашу, диктант жұмыстары арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін, дүние танымын байқау. Қателескен балалармен жұмыс жүргізе отырып оны жөндейміз, тапсырманы орындата отырып тақырыпты меңгеруіне көмектесеміз. Сөйтіп өзіне сенімсіз балалардың сенімсіздік қасиеттерінен арылуына септігіміз тиеді. Бұл жерде оқытудың білмегеннен білуге қарай, жеңілден ауырға қарай ұстанымы іске асады. Деңгейлеп оқытуда балалар бір-біріне көмектесуге ұмтылады.
Жаңашыл болу – уақыт талабы
Республикамызыдң стратегиялық мақсат-міндеттерін шешу жолында қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани даму мәселелері адам факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні белгілі. Сондықтан, еліміздің білім беру жүйесі де, қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отырады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін, білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде өзгерістер енгізіліп, ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім берудің жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, балалардың балабақшада алған алғашқы білімдерін мектеп қабырғасында, одан қалды өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.Бүгінгі күнгі балабақша – болашақтың балабақшасы, мәдени саналы, халықтық мәдениетке жүйеленген, жеке бағыттылық баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамыытатын, жетілдіретін балабақша болуға тиісті. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекеменің жаңашылдығы тек балабақшаны басқару мен оқыту-тәрбие жүйелерін ғана қамтып қоймай, сол балабақшаның қызметкерлері мен тәрбиешілерінің де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді, сондай-ақ кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуіне тура келеді.Балабақша қызметкерлері шығармашылықпен жұмыс істей алатын, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп, меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын тәрбиеші, пән мұғалімі болуға тиісті.Білім жүйесінде мынадай негізгі үш бағытты басшылыққа алуға тиістіміз:1-бағыт: баланың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту мен тәрбиелеу;2-бағыт: баланың жеке қабілетін есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту мен тәрбиелеу;3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту мен тәрбиелеу;Бұл бағыттарды жүзеге асырудың жолдары негізгі үш құрамнан тұрады. Олар:Инвариантты құрамдас – мемлекеттік базалық оқу стандарт жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімдерін меңгерту;Профильді құрамдас – оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгерту;Тұлғалық құрамдас – жеке тұлғаның өзіндік қабілеттерін ашуға арналған жұмыстардың түрлерін меңгерту.Кәсіби шеберлік, білімділік деңгей, шығармашылық туралы Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов т.б. ұлы ағартушылар өз еңбектерінде – «шебер педагог ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек» дейді. Педагогтың кәсіби шеберлігі зерттеушілік қызмет жұмысына дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып, тәрбиеленеді. Ол балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қалауының (ұжымға сіңісу, бірнәрсеге қызығу, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсу т.б.) түрлерін қанағаттандыруды ұйымдастыру қажет.«Ақырын жүріп, анық бас,Еңбегін кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуге балаға» ... (Абай)Педагог үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу, бір күнде пайда болатын дүние еместігін жақсы түсінуі керек. Бұл мамандық – өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана, толық нәтижеге жетуге болады. Оның әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан тәрбиеленушілердің жүрегінен орын алады. Сондықтан да, әрбір педагог үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерлік пен дағдыларды қолдану қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыру қажеттілігіне қарай мынадай жағдайларды атап өткен жөн.Бірінші кезекте – сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасай білу, яғни баланың көзқарасы мен оның тақырыпты меңгеру деңгейі. Сабаққа талдау жасау, оның ішкі құрылымының бірізділік, логикалық байланысы жағынан көптеген сұрақтарға жауап таба аламыз. Мысалы, баланы сабаққа ынталандыру; балаларды белсенді ойлауға үйрету.Сабақ барысында қызуғушылықтар мен кейбір кемшіліктер бойынша мынадай сұрақтар туындауы мүмкін. Сіз өзіңізді дұрыс ұстай алмадыңыз, неге? (Асып-састыңыз, қызарақтадыңыз, балаларды елемедіңіз); Не себепті? (Топпен қарым-қатынас жоқ, тәртіп жоқ, балалардың зейіні шашыраңқы болды)...Кез келген тәрбиеші өз сабағының қай дәрежеде өткенін аңғара алады (Балаларға жаңа материалды толық жеткізе алдым ба? Мақсат-міндеттердің шешімін таптым ба? Топты шаршатып жіберген жоқпын ба?)...Сабаққа талдау жасаудағы негізгі мақсат – жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерді жетілдіріп, кемшіліктерді жою туралы ой тұжырымын жасау. Тәрбиешінің, пән мұғалімінің жетістігі оның педагогикалық және психологиялық білімінің деңгейіне, оны тәрбиеленушілеріне білім бере алу қабілетінің шеберлігіне байланысты.Екінші кезекте – дамыта оқыыту жүйесінің мәні мен міндеттері. Тәрбиеші, пән мұғалімі сабақ өткізуге дайындыққа өзінің бүкіл жан дүниесімен және дене күшімен кіріседі. Шығармашылық энергиясын жүзеге асыру, сабақтың мақсат-міндеттері арқылы анықталады. Белгілі бір сабақтың мақсат-міндеттері арқылы анықталады. Белгілі бір сабақты өткізуге деген құштарлық оның ерік-жігерін бір арнаға бағыттауды талап етеді. Әрбір ұстаз «Мен сабақтың негізгі мақсат-міндеттерін анықтай отырып, өзіме жауапты істі шешуге деген құштарлыққа ие боламын» деген қағиданы бойына сіңіріп, жүрегімен ұғынуы тиіс. Дегенмен, көп жағдайда біз алдымызға дұрыс мақсат қоя алмай, сабақтың негізгі міндеттерін шешуде қиыншылықтарға кездесіп жатамыз. Біз дұрыс шешім қабылдау үшін, «Баланы неге үйрету керек? Қалай үйрету керек?» деген сұрақтарды нақты қоя білуіміз, өз жұмысымыздың нәтижелі болуына септігін тигізеді. Бұл жерде назарымызды бірінші оқу бағдарламасының көлемі мен мазмұнына, екінші баланың тұлғасына аударуымыз керек. Осы кезде «Дамыта оқыту технологиясын» қолдану тиімді. Дамыта оқыту жүйесінің негізі – тәрбиешінің балаға көп материал беру емес, нақтыны меңгерте отырып, нақты білімді тірек-сигнал есебінде өз білімін одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін анықтауға үйрету. Дамыта оқытудың негізгі мақсаты – балалардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен жауап іздеуге үйрету.Үшінші кезекте – сабақтың ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері. Біз тәрбиелеп отырған тұлға – қоршаған әлеуметтік ортамен тікелей байланысы бар белсенді, әрекетшіл жан. Әр бала табиғат берген өзіне тән ерекшеліктер негізінде әлеуметтік орта туралы және әртүрлі факторларға көзқарастары, құбылыстарды бағалау, адамдарға деген қарым-қатынасы қалыптаса бастайды. Тұлғаның психикалық дамуын сыртқы орта жағдайлары мен факторлардан бөліп алып тастауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды: тәрбиеленуші ұрпақтың нәтижелі дамып, қалыптасуына тек ішкі-сыртқы жағдайлар ғана емес, тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі, іскерлігі, оқу бағдарламасының құрылымы, оқулықтар, оқу құралдары, оқыту әдістері, техникалық құралдар, ақпараттық құралдармен жабдықталуы т.б. ішкі жағдайлар да, ақыл-ойының даму деңгейі, оқуға қарым-қатынасы, өз ойын ұйымдастыра алу ерекшелігі де тікелей әсер етеді.Төртінші кезекте – педагогтың шығармашылық сипаты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл-күйінің жайсаңдығына байланысты өтеді. Әрқашан көңіл-күйлеріңіз жайсаң, сергек, әрі сабақта болып жатқан құбылыстардың бәріне мән беруге, ұқыпты болуға тиістісіз. Сабақтың алдында сіз жеке отырып, болатын сабақты көз алдыңызға елестетіп, өзіңізге белгілі бағыт алып, дайындалсаңыз, сабақты өткізуге қиналмайсыз.Жаңа қоғам педагогы үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау- нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады. Әрине, кейде сіздерге сырттан келген факторлар қатты әсер етеді. Сабақ алдында әлдекіммен ренжісіп қалдыңыз, ескерту естідіңіз т.б. фактілер жиі кездеседі. Кейде сабаққа дайын болып келсеңіз де, сабақ барысында балалар қолдамады, бүгін анаған бір, мынаған бір ескерту жасап, шаршадыңыз, уақытыңыз босқа кетті, ойындағыңыз іске аспады. Алдын ала не боларын ешкім де біле алмайды. Мұндай жағдайларда педагог өзінің негізгі мақсатын жоғалтып алмай, сабақтың құрылымының бірлігін қатаң сақтауға тырысу керек. Тек нақты мақсат пен тақырыпты жетік меңгеру, педагогқа кез келген күтпеген жағдайда сабақты сабақ етіп, топты топ ретінде ұстап, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс түрін бұзбауға көмектеседі.«Қырық бес жыл мұғалім болсаң да, қырық бес минуттық сабаққа дайындал», «Ұстаздың сөзі – шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал», «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады», «Мұғалім – жаңадан жаңа шығарушы», «Кімнің бойында үйрену құмарлығын оятқан адам – ең жақсы мұғалім» деген қағидаларды әрқашан басшылыққа алсақ, ешқашан қателеспейміз. А.Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабары бар оқыта білетін мұғалім» деген нақылы балабақшада қызмет атқарып жатқан баршамызға ой салары сөзсіз.
Шығармашылық ізденіс – балабақшадағы білім сапасын арттыру негізі
Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді» деген болатын.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктері кезеңіне ерекше мән бере отырып, тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына жаңа тәсіл қолдану мақсатында әр топта бес саланы қамтуды және осыған арнайы дамытушы орта ұйымдастыру мақсаты қойылған. Міне, осындай тәрбие мен білім беру жүйесіндегі жаңашылдықты, ізденісті, педагогикалық шығармашылықты шыңдауға мүмкіндік беретін бірден-бір технология, ол «Тәй-тәй» технологиясы.Тәрбиешілер үшін технология ерекшелігі: өздерінің берген білімдері арқылы және отбасымен бірлесе отырып, әр баланың айрықша қабілетін ашуға, дамытуға жағдай жасайды. Әрбір тәрбиешіге көп ізденіп, күнделікті оқу іс-әрекетін бір сарында өтпей, қызықты өтуіне жетелейді. Бір аптада жеті белсенділік ортаны қамтып, күнделікті оқу іс-әрекетінде бес білім беру саласымен жұмыс жүргізіп қана қоймай, бүлдіршіндерге өтілетін тақырыпты жан-жақты талдап түсінуге жағдай туғызады. Осындай ізденісте болған тәрбиеші оқу іс-әрекетін қызықтты жоспарлап, өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Балалар үшін технология тиімділігі; әрбір белсенділік орталықтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер олардың ой-өрісін дамытып, тапсырмалардың шешуін өзі ойлана отырып табуға, жеке тұлға екенін сезіне білуге, ортасында тіл табысып кетуіне ықпал етеді.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларын басшылыққа алып жұмыс жасайды. Осы бағдарламаларды жүзеге асыруда қазіргі заманауи технологияларды қолдана отырып, оқу-тәрбие үрдісінде бүлдіршіндердің шығармашыл, таным қабілеті жамыған жеке тұлға етіп қалыптастыруға міндетті. Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен 2012-2013 оқу жылында аудан балабақшаларына «Тәй-тәй» технологиясы енгізілді. Осы технологияның балабақшада оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы тиімділігін және қаншалықты педагогикалық үрдісте қолданылуы 2013 жылдың қаңтар айынан бері практикалық негізде көрсетіліп келеді.Осы мақсатта Жалағаш ауданы «Ақмаржан» ясли-бақшасында 2013 жылдың 29 мамыр күні «Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың инновациялық жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Оған Сырдария, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарынан және Қызылорда қаласынан балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер қатысты. Семинар жұмысын облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Дихамбаева Гүлнар Батырбекқызы бағдарламамен таныстырды. Сонымен бірге семинарға «Тәй-тәй» технологиясының облыс бойынша үйлестіруші-жетекшісі Смайлова Кашура Макенқызы қатысты.Семинар бағдарламасына сәйкес жас маман Әйнерім Сәрсенова мен саз жетекшісі Мақпал Примованың ұйымдастыруымен «1 күндік белсенділік» атты ясли-бақша ұжымы флэшмоб жасау арқылы қатысушы қонақтарға ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қонақжайлылықпен қарсы алды.Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін «Ақмаржан» ясли-бақшасының ересектер тобы тәрбиешісі Анар Нурбаева «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» ортаңғы топ тәрбиешісі Раушан Алибекова «Жабай аңдар» тақырыбындағы іс-әрекетін «Тәй-тәй» технологиясын қолдана отырып жүргізді және семинарға қатысушылармен тәжірибе алмасты.Тәрбиеші Зәуре Баймбетова «Сөйлейтін қалам әлеміне саяхат» атты презентация кезінде құрамында 12 кітаптан тұратын «Даналық әліппесі» инновациялық сөйлейтін қаламды жұртшылыққа таныстырды. Осы орайда, «InteractivKazakhstan» компаниясы даналықтың рухани көзі болып табылатын рухани жәдігерлерді жинақтап, жүйелеп, топтап, «Даналық әліппесі» деген атпен жаңа «Сөйлейтін қалам» технологиясын қолданысқа енгізіп отыр. Аталған жинақ – өмірге келген баланың рухани қажеттілігін қанағаттандыруда қолдануға икемді «сөйлейтін қаламның» көмегімен бала бойына халқымыздың даналығы халық ауыз әдебиетін табиғи қалпында дарытуды көздейтін біртұтас жүйелі тәрбие құралы. Халқымыздың даналығы негізінде әзірленген «Даналық әліппесі» әр отбасындағы ата-ана, әке-шеше, бала-шаға – барлығына ортақ рухани құндылықтар жиыны, білім көзі, ақпараттық насихат қоры болып табылады. Семинарға қатысушылар «Сөйлейтін қалам» құдыретіне тәнті болды.«Ата-аналар күні» атты балабақша мен ата-аналары арасындағы байланысты нығайту мақсатында балабақшамен баласы қамтылмай отырған бала мен анасын қатыстыра отырып, бірнеше жұмыс түрін әдіскер Гүлмира Алпысбаева жүргізді. Балаларға сыйлықтар табыс етіліп, ата-аналар балабақша ұжымына алғысын білдірді.Г.Дихамбаева семинарда жүргізілген жұмыстарға баға бере келіп, «Step, by step» қоғамдық қоры директорының грамотасымен әдіскер Гүлмира Алпысбаева, тәрбиешілер Анар Нурбаева, Зәуре Баймбетова, Раушан Алибековаларды марапаттап, сертификат тапсырды. Семинарда жүргізілген жұмыс барысында ясли-бақшаның безендірілуі мен жабдықталуына және әрбір жүргізілген оқу іс-әрекетінде тәрбиеленуші бүлдіршіннің таным белсенділігі мен шынайы өнерлеріне дән риза болды. Семинар жұмысын қорытындылай келе, «Ақмаржан» ясли-бақшасы ұжымының оқу-тәрбие жұмысына жоғары баға берілді.Тал бесіктен басталаиын бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты жетілдіру, білімді де саналы ұрпақ қалыптастыру өмірге ұрпақ әкелетін ата-анаға ғана емес, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлеріне де жауапты да салмақты міндеттер жүктейді. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған тұсында еліміздің білім мен тәрбие беру жүйесіне де тың ізденістерді негізге алған мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп қана қоймай, әлемдік стандартқа көшуге бет түзеуде қажымас еңбектеріңіз жана берсін.
Жаңа формациялы тәрбиешіні қалыптастыру бағыттары
Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Балапан» бағдарламасының мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылғаны баршаңызға мәлім. Бұл бағдарламаның маңызы мен мәні еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа күнделікті тәрбие мен білім беретін тәрбиешілер қа

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)