«С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
2022-2023 оқу жылындағы жас маманның І тоқсанға арналған талдауы
Жас маман: Мәлік Гүлімай Мұқанбедуллақызы
2022-2023 оқу жылы
Математика пәні мұғалімі Мәлік Гүлімай Мұқанбедуллақызының
I тоқсан бойынша жүргізілген жұмыстары:
1. 2022 – 2023 оқу жылы қыркүйек айында тәлімгерім Иманова Жанар Алиевна жетекшілігімен білім беру процесіндегі маңызды құжаттарды дайындауда өз білімімді жетілдірдім. Бұл құжаттар тақырыптық-күнтізбелік жоспар, күнделікті сабақ жоспар (ҚМЖ), дарынды оқушылармен жұмыс, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, өз білімін жетілдіру жоспары, жас маманның жылдық жұмыс жоспары. Сонымен қатар Kundelik.kz қосымшасында пайда болған қиындықтарды тәлімгер нұсқауының арқасында шешіп, бағдарламаны толық меңгердім.
2. Тәлімгердің сабағына қатысу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, деңгейлеп саралап оқытудың қыр-сырын үйрендім. Деңгейлік тапсырма дайындауда пайдалы ақпараттар алдым. Оқыту процесінде оқушылардың оқу сауаттылығын, функциональдық сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды дайындау және қолдану бойынша нұсқаулық алдым.
3. ТЖБ, БЖБ тапсырмаларын құруды, дискриптормен жұмыс жасауды үйрендім.
4. Қыркүйектің 19-ы және 30-ы аралығында "Мектептегі математика сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары" атты курстан өттім. Курс барысында жоғарғы сынып алгебрасы есептерін шығарудың әдіс-тәсілдері, функционалдық сауаттылық тапсырмаларын дайындау, ЕБҚ оқушымен жұмыс жасау, ЕБҚ оқушыға тапсырма дайындау, оқушылардың оқу сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту т.с.с өзекті тақырыптар бойынша білім алдым.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас маманның талдауы
«С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
2022-2023 оқу жылындағы жас маманның І тоқсанға арналған талдауы
Жас маман: Мәлік Гүлімай Мұқанбедуллақызы
2022-2023 оқу жылы
Математика пәні мұғалімі Мәлік Гүлімай Мұқанбедуллақызының
I тоқсан бойынша жүргізілген жұмыстары:
1. 2022 – 2023 оқу жылы қыркүйек айында тәлімгерім Иманова Жанар Алиевна жетекшілігімен білім беру процесіндегі маңызды құжаттарды дайындауда өз білімімді жетілдірдім. Бұл құжаттар тақырыптық-күнтізбелік жоспар, күнделікті сабақ жоспар (ҚМЖ), дарынды оқушылармен жұмыс, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, өз білімін жетілдіру жоспары, жас маманның жылдық жұмыс жоспары. Сонымен қатар Kundelik.kz қосымшасында пайда болған қиындықтарды тәлімгер нұсқауының арқасында шешіп, бағдарламаны толық меңгердім.
2. Тәлімгердің сабағына қатысу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, деңгейлеп саралап оқытудың қыр-сырын үйрендім. Деңгейлік тапсырма дайындауда пайдалы ақпараттар алдым. Оқыту процесінде оқушылардың оқу сауаттылығын, функциональдық сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды дайындау және қолдану бойынша нұсқаулық алдым.
3. ТЖБ, БЖБ тапсырмаларын құруды, дискриптормен жұмыс жасауды үйрендім.
4. Қыркүйектің 19-ы және 30-ы аралығында "Мектептегі математика сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары" атты курстан өттім. Курс барысында жоғарғы сынып алгебрасы есептерін шығарудың әдіс-тәсілдері, функционалдық сауаттылық тапсырмаларын дайындау, ЕБҚ оқушымен жұмыс жасау, ЕБҚ оқушыға тапсырма дайындау, оқушылардың оқу сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту т.с.с өзекті тақырыптар бойынша білім алдым.
шағым қалдыра аласыз


