Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас өспірімді рухани дүниемен рухтандыра білу.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жас өспірімді рухани дүниемен рухтандыра білу.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
Тоғызқұмалақ ережесі
Ағаш тақтасы
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар |
№9 |
№8 |
№7 |
№6 |
№5 |
№4 |
№3 |
№2 |
№1 |
|
|
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
Қостаушы қазаны (0) |
|
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
Бастаушы қазаны (0) |
отаулар |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
№7 |
№8 |
№9 |
|
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
-
1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып,
қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
отаулар |
№9 |
№8 |
№7 |
№6 |
№5 |
№4 |
№3 |
№2 |
№1 |
|
|
9 |
9 |
9 |
– |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
(0) |
|
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
1 |
10 |
10 |
(10) |
отаулар |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
№7 |
№8 |
№9 |
|
-
2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
-
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
-
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына
таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
отаулар |
№9 |
№8 |
№7 |
№6 |
№5 |
№4 |
№3 |
№2 |
№1 |
|
|
– |
10 |
10 |
1 |
11 |
11 |
11 |
11 |
11 |
(0) |
|
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
2 |
11 |
1 |
(12) |
отаулар |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№ |
6№7 |
№8 |
№9 |
|
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
отаулар |
№9 |
№8 |
№7 |
№6 |
№5 |
№4 |
№3 |
№2 |
№1 |
|
|
1 |
11 |
1 |
1 |
11 |
11 |
11 |
11 |
11 |
(3) |
|
11 |
11 |
11 |
11 |
11 |
11 |
Х |
11 |
1 |
(12) |
отаулар |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
№7 |
№8 |
№9 |
|
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
-
5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
-
6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
-
7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
-
8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,
барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
отаулар |
№9 |
№8 |
№7 |
№6 |
№5 |
№4 |
№3 |
№2 |
№1 |
|
|
1 |
1 |
1 |
Х |
1 |
– |
– |
– |
– |
(78) |
|
– |
– |
– |
– |
– |
– |
Х |
– |
4 |
(76) |
отаулар |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
№7 |
№8 |
№9 |
|
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
отаулар |
№9 |
№8 |
№7 |
№6 |
№5 |
№4 |
№3 |
№2 |
№1 |
|
|
1 |
1 |
1 |
Х |
1 |
– |
1 |
3 |
– |
(78) |
|
– |
– |
– |
– |
– |
– |
– |
– |
– |
(76) |
отаулар |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
№7 |
№8 |
№9 |
|
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
“Қазақ халқының ескі мұрасының бірі – Тоғызқұмалақ ойыны. Мұның қашаннан келе жатқаны жөнінде анық мәлімет жоқ. Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырайды…Бұл ойын қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі тез артып, тапқыштық жағы күшеймек”. С.Аманжолұлы. Көрнекті түрколог ғалым. Әркімнің өзіндік осы сынды пікірлері көп. Ал менің бүгінгі мақалам жас мектепке дейінгі яғни, 5-6 жастағы балаларға Тоғызқұмалақ ойыны таныту мақсатында басылып отыр. Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның жан-жақты дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алады. Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселесіне ерекше назар аудару қажет.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауғабағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жеке тұлғасын дамытуғажаңаша талаптар қойылды .Осыған орай қоғамымыздың іргетасын нығайтуға және бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие бер үшін ұлттық ойындарды оқыту және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзекгілігі туындап отыр. Ендеше ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы ретінде адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, ой-пікірлерін, ұстанымдарын қамтитын педагогикалық идеялар мен салт дәстүрлер, өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылыктар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік түрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздын мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық ойындар арқылы танысып келеді .Халық ойынды әрқашанда тәрбие құралы деп таныған. Қазақтың ұлттық ойындарын денетәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үштөрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Олай болса 5-6 жастағы балаларға Тоғызқұмалақ ойынын жеткілікті үйретудің жолдары:
1. Тақпақ жаттау арқылы, ой орістерін артыру:
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
-
Бабалардың бұл – ежелгі ойыны.
-
Екі адамға тең бөлінген «мал – жайы»,
-
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
-
Бар он сегіз ұясы оның – кіші отау,
-
Екі қазан үлкен келген – іші отау.
-
Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ,
-
Сексен бірден – екі ойыншы тұр қамап.
-
Әрқайсысының сегіз ұя – «ойы» бал,
-
Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.
-
Екі ойыншы – екі «қойшы» кезекпенен,
-
Түсіреді ұяға «қой» есеппен
-
Бір - бірінің ұясына айдайды,
-
«Қой – құмалақ», санын жіті аңдайды.
-
Ұяда қай жұп болса «қой» - құмалақ,
-
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.
-
Солай талай қой қазанға түседі,
-
Есепке оны екі қойшы тізеді.
-
Кімде - кімнің қазаны тез толады,-
-
Сол ойыншы ұтып шыққан болды.
-
Қызықтырған бүгінде де ойлыны, Міне,
-
осындай бабалардың ойыны
2. Көрнекіліктер арқылы білімдерін шыңдау:
3. Ұлы тұлғалардың ойнағанын айта отырып, оларды үлгі ете отырып ойынға деген қызығушылықтарын артыру:
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Қазақ халқының ұлы ғұламалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған екен. Ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі болған бұл ұлттық ойынымыздың тереңге тартқан тарихы бар.
4. Ертегілер оқытып оның мазмұнын сұрау арқылы ойынның тарихымен тереңірек таныстыру:
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Жалпы балалардың қиялы қандай Тоғызқұмалақ ойынынан ертегі құрауға тартса нұр үстіне, нұр.
5. Санамақ ойындарын ұйымдастыра отырып,ойында жиі кездесетін ойша қосу-алу,көбейту-бөлуге дағдыландыру:
Санамақ — қазақтың жас балаларға (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? — Бір дегенім білеу, Екі дегенім не?— Екі дегенім егеу, Үш дегенім не? — Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не? — Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзінің ерекше кең таралуымен де, балалар көңіл күйіне әсерлігімен де, сандық көлемі жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейін арнайы көңіл аударылған емес. Тек олардың бірен-саран үлгілері ғана «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты газет-журналдарда жарияланып келеді. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған «Ақ сандық, көк сандық» атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретінде топтастырылып берілді.
6. жұмбақ жасыру арқылы ойынның ережелерімен таныстыру:
Жұмбақ– адамның, ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.
«Тоғызқұмалақ (Орда) ойынының
ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетуінің бір сыры,
ата-бабаларымыздың ұл-қыз тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуінен, ауызша
айтып қалдыру, есте сақтау қасиетінің мықтылығынан, балбалтастарға,
Орхон-Енисей ескерткіштеріне ұлттық ойын тақтасын бедерлеп ұрпағына
салып кеткен даналығынан. Қазақтың тоғызқұмалақ тәрізді есеп
ойындарының тәрбиелік те, танымдық та терең мән-мағынасы бар ғой,
шіркін. Оның жырмен өрнектелген бір түрі 1985 жылы Алматыдағы
«Жалын» баспасынан жарық көрген «Жеті жүз жұмбақ» атты кітапта
тіпті былай деп те жазылыпты:
Тоғыз отау көтерген Алтын орда,
Екі ауыл қатар қонған оң мен солға.
Тоғыз отау қоралап қой өргізіп,
Екі қойшы салыпты ылғи солға.
Бағады қойын қойшы шыр айнала,
Қошқар, тоқты, еркек қой, саулық жаңа,
Бірі арық, біреуі семіз емес,
Барлығының салмағы бірдей ғана.
Аяғы жоқ, құлақ жоқ, мүйізі жоқ,
Қанша қуғын көрсе де бүйірі тоқ,
Серке, теке, қой-ешкі айырылмайды,
Жаратты екен қай мықты осындай ғып.-міне осындай оқытудың жеңіл
түрлерін бара-бара күрделендіре түсірсе оқушы болашақта мықты
тоғызқұмалақшы болатынына сенімдімін.
Бала тәрбиесі – өзінің ісін, қалған ғұмырын жалғастыратын салауатты, салиқалы, саналы ұрпақ тәрбиелейтін мектептің алғашқы әліппесі десек, әке мен шешенің бауыр еті балаларына жібі түзу, оңды тәрбие беруі келешек қоғам тәрбиесіне қосқан үлесі мен адамзаттың ертеңіне жасаған ең үлкен жақсылығы болмақ.Ендігі жерде қайсар рухты ізгі ұрпақтар тәрбиелеу басты парызымыз.
Мақала авторы: Зайтов.А.Р.
01.02.2018 жыл