Ақтау
қаласы
Кешкі
жалпы
білім беру орта
мектебі КММ
құқық және тарих пәні
мұғалімі
Бекназарова Рима
Аяшовна
Жеке тұлғаның өзін –өзі
тануы
«Ағаш түзу өсу үшін, оған
көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны
түзете алмайсың» деген сөз халымыздың арасында бекер айтылмаған.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- жас ұрпаққа
адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани
бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Біздің
міндетіміз келешек ұрпақтарымызға оны дұрыс мағынасын жете
түсіндіру.
Жас ұрпаққа
рухани-адамгершілік тәрбие беру баланың бойына жастайынан ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,
өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль
атқарады.
Мектепке дейінгі жастағы
баланың рухани-адамгершіліктің дамуы балабақша мен отбасы
арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге
асады деп ойлаймын. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте
оның барлық өміріне апат әкеледі» - осы бір ауыз айтылған сөздің
өзінде өте үлкен мағына жатыр. Әрбір бала қандай да болмасын бір
міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайларда жетіледі.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар,
адамгершілік, еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,
ұйымшылдық қасиеттермен, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтарды
қалыптастырады. Осы қасиеттерді бойына сіңірген балада,
немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге
қалай болса солай қарауға мүмкіндігі
азаяды.
Мектепке дейінгі жаста
балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына
жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен
үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынасы, тұрмыстың қарапайым
ережелерін орындауда, кеңпейілдік, қайырымдылық, жауапкершілік,
парыздың сезімі жақын адамдарға қамқорлықпен қарау болып табылады.
Мейірімділіктің негізі осылайша қаланады.
Мектептегі білім мен тәрбие –
егіз ұғымдар. Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен
қатар саналы да тәрбиелі, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер
төгіп, еңбек етеді. Ал халқымыздың тәлім- тәрбиелік
мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты
дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге
баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген
секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілігі, ар-ұяты бар
адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады.
Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын
оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету,
адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру
қажет.
Баланы үлкенді сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу
адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке
тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады.
Ал, адамгершілікті тәрбиелеудің бірден-бір жолы баланың сенімін
арттыру қасиеттерін балаға жасынан бойына сіңіре білсек,
адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын
қалағанымыз. Оқушы бойындағы өзін - өзі
тәрбиелеу және дамытуға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін
жоспарлы тәрбиелік шаралар жүйелі өткізу уақыт өте келе өз
нәтижесін береді. Балалар бойындағы талантын, дарынын ашу үшін
намысын қайрап, жақсы оқуға толық мүмкіндігі бар екендігіне
көздерін жеткізу. Бір-бірімен қарым- қатынас жасауға, достасуға,
қайырымдылыққа үйретіп, ұлы адамдар өмірінен мысалдар келтіру.
Қатігездікке, құқық бұзушылыққа қарсы тұруға, өз тәртіптерін,
істерін бағалай білуі. Сынып оқушылары бір үйдің баласындай тату
болу керектігін санасына жеткізу.
Адамгершілік- адамның рухани
арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік
қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам
баласының мінез- құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен
ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол
адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Әр шәкіртінің бойындағы
қабілет, дарынын уақытында байқап, пән мұғалімдерімен, ата- анамен
тығыз байланыс жасап, болашақ өмір жолына пайдасы тиетіндей
олимпиада, ғылыми жоба жарыстарына қатысуын қадағаласа, орасан
пайда келтіргені.
Еліміздің президенті
Н.Ә.Назарбаев «Егер біз
адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің
алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін
күшейтуге тиіспіз» - деген болатын.
Адам баласының ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан әлеуметтік
ортасы - отбасы. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарының
сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой - арманымен,
өзінің ұлттық дәстүрімен, мол тәжірибесімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан тарихи мұра. Әрбір отбасында балалардың
рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана
тәрбиесіне байланысты. Қай заманда, қайсы елде болса да отбасының
адамзат ұрпағына әсер ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа
ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Бала үшін отбасында ең
алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің, басқа да ересектердің
инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән
кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да, алғаш
рет өзінің отбасында меңгереді.
Балалардың бойындағы
қабілеттің, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен
бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық
шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар
өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады,
сәтсіздікке ұшырайды. Отбасында ата-аналардың осы проблемаларды
шешуге тигізетін пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау
үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер- ата-аналар. Себебі
балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам
жоқ.
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы.
Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің
осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің
міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол.
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің
нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай атамыз: «Балаға көбіне үш алуан
түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстазынан,
үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе,
сонысынан көбірек жұғады» деген екен. Сондықтан жұмыс қаншалықты
қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала
тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында
басталатыны бәрімізге аян.
Бала жақсы әдетті де, жаман
әдетті де, ең алдымен жанұядан алады. Ата-аналар балаларын
мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен
олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы
керек.
Көпшілік жағдайда баланың
бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер
өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ.
Үй ішінде күнделікті айтылатын
ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый
-құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, дұрыс
қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы
өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар
бақытты, өз - өзіне сенімді, болашағы жарқын, олардың өмірден
алатыны да, өмірге беретіні де көп болады. Қай заманда болмасын
адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ
тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -ғылыми өрісі озық
етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы
борышымыз.