Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛУ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛУ»
Бүгінгі XXI - ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, Отанды қорғаудан және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылықтардан басқа да жалпы азаматтық құндылықтар қажет. Соның бірі отансүйгіштік қасиет болып табылады.
Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе. Патриотизмді халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді, әрі әсері мол болады. Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді.
Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарды отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін – тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.
Қазақстанның оқу орындарында оқушыларға этностық ерекшеліктердің, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай- ақ халықтың батыр ұл - қыздарының ерлік істерін назарға алу - бұның бәрі жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің көкейкестілігін арттыра түседі.
Бұл қазіргі таңда көптеген мәселелерді қайта қаруды және студенттерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінгі таңда табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық көрсету қажет болып отырғанда аса маңызды.
Патриотизм - мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани ізгі тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына отаны үшін жан қиярлықтай іске баратын патриоттық сезім қандай да болмасын ұлт пен мемлекеттің дамуы мен күн көруін қалыптастырып негіздейтін әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық тәрбие беру - жалпы тәрбие үрдістің бір тармағы бола тұра, мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие – азаматтық сезім, сана, тұлғаның азаматтық сапасын, нақты азаматтық бағытын, халқына саналы түрде, өз еркімен қызмет етуге дайын болу.
Ұлттық –патриоттық тәрбие – оқушылардың бойында кіші отанға деген сүйіспеншілік сезім, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарау, өз халқына деген мақтаныш сезімінің қалыптасуы (аз халық болса да).
Ерлік – патриоттық тәрбие – ата дәстүрлердегі ерлік құндылықтарды бағалай білу, оған деген мақтаныш сезім, әскери мамандықтарды, айрықша тарихи күндерді насихаттау. Тарихи күндерді насихаттау, ұлы адамдардың өмірін таныстыру арқылы оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруда негізгі орын алады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында жастардың алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін өткізу мен ұйымдастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушы – үйренуші жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілкпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіреді.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың азаматтық-отансүйгіштік құндылықтарын дамыту тенденциялары:
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика негізінде жеке адамды қалыптастыру;
- жастардың дүниеге ғылыми көз-қарасын қалыптастыру;
- «азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
- белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
- отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
- сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;
- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамыту;
- адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
- сапалы білім алу үшін барлық азаматтарға кең мүмкіншіліктер беру;
- қазақстандық отаншылдыққа, адамның жеке құқығы мен бостандығын сыйлауға, азаматтық жауапкершілікке және жеке құқықтық санаға тәрбиелеу;
- оқушылардың әлеуметтік-құқықтық, ақпараттық біліктілігін қамтамасыз ету;
- қазақстандық білім берудің бәсекелестігін қамтамасыз ету.
Патриоттық тәрбие тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына алғышарттар жасай отырып жастардың мәдениетінің қалыптасуына белсенді ықпал ете алады. Ол үшін мыналар жүзеге асуы тиіс:
- мектеп оқушылары алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білуі;
- тәрбиелік жұмыстардың әр бағытта жүргізілуіне бағыт-бағдар беріп қадағалау;
- патриоттық және елжандылық тәрбиесін беру;
- ғылымдар туралы түсініктерін кеңейту;
- оқушылар арасында бірін-бірі сыйлауы, оқушы ұжымындағы өзара адамгершілік қатынастарын қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз тәуелді болып еңбектеп басымызды иген де халықпыз. Біз халқымызға мынаны түсіндіруіміз керек: тіземіз ендігі жерде ешкімге бүгілмейді, бұдан бастап ешқашан еңкеймейміз де, тік тұрған қалпымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз. Тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек» деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тәрбиесі педагог мамандардың білімділік пен біліктілігіне байланысты екендігі сөзсіз.
Қазіргі уақытта патриоттық, интернационалдық тәрбиенің маңызы көп жоғарылады. Ол дегеніміз – өз Отанына деген сүйіспеншілік, біздің еліміздің халықтар арасындағы достығы, ұлтаралық қатынастағы мәдениет, ұлтшылдық және нәсілшілдіктің көрінуіне төзбеу, ұлттық шектеушілік және ұлттық өзімшілдікке жол бермеу.