Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын арттыру
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
Суанкулова Айзада Илиясқызы
Бағыты:
Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі
Білім беру ұйымының мекенжайы мен телефоны:
Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы, Сейтімбет көшесі №15, 5-44-84
Автордың мекенжайы мен телефоны, электорнды почтасы:
Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылы Асубай көшесі №93 үй, 87027614082, aizadasuankulova@ma3l.ru
Аннотация
Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Тәрбиенің түп – тамыры отбасынан басталады. Отбасы қай заманда да дені сау қоғамның және мықты мемлекеттің негізі болып келеді. Иә, өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы.
Бүгінгі таңда қоғамда әке мен бала арасындағы байланыстың бәсеңдей түскендей жайы байқалады. Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды.
Бала бойындағы жақсылы – жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. Сәні мен салтанаты жарасқан, берекелі шаңырақ кім – кімге болсын үлгі. Тәрбиесі мол бала ғана тереңге тамырын жаяды. Отбасы – отанымыздың отауы, сондықтан әрбір отбасы тату – тәтті өмір сүру керек.
Саналы өмірін бала тәрбиесіне арнаған әкені, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз ата – ана деп атауға болады. Өнегелі тұлғаны тек өнегелі ата -ана ғана тәрбиелей алады. Сонда ғана, жас ұрпақтың болашағының шоқтығы биік болмақ.
Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын арттыру
Мақсаты:
-
Ата-аналардың үлгісі негізінде білім алушыларды ата-аналарын
сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
-
Ата-ана, ұстаз, білім алушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
-
Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы білім алушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Жас ұрпақ пен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.
-
Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие
негіздеріне тоқталу.
-
Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
Ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік алады.
-
Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларын сыйлай білуге, қамқорлыққа үйренеді.
«Ондаған, жүздеген мандықтар, кәсіптер, мамандықтар бар: бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар, барлығы үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума,-бұл адамды жарату. Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені дәл осындай жақсы әкемен алмастыру мүмкін емес»
В.А.Сухомлинский
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп атап көрсетілген.
Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз. Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек. Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып саналады.Сондықтан да болар бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, - сонда ғана оның болашағы биік деген.
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», - дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтың мәселе болған.Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол бермеуде, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда, ағайын – туыстардың ауызбіршілігін орнықтыруда әкелердің ықпалы ыдырап, үлкендердің тыйым салмауы олардың тәрбиесіне балта шабуда.Өзімнің сараптауым бойынша, бұрындары әкелер ұлдарын қастарына ертіп ел аралайды екен.Онда барған үйлерінің ылғи көрегенді шаңырақ, ақылгөйі бар ақылдарды көрсетеді екен. Мұндағы негізгі мәселе: балаға өзге шаңырықтағы ұлағатты істерді көрсету болған екен. Ал, қазір ше?! Әкелер емес...Шешелер сөйлейтін заман болды.Халқымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде екендігін кейбір шешелер біле ме екен?! Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген.«Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру», - делінген тәлім – тәрбие тұжырымдамасында.Тәрбиенің ең маңызды түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да ерекше.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек. Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек.
Қазақ ұлын 4-5 жасында атқа отырғызған күннен бастап «сен ер жігітсің, еліңді қорғайсың, бізді асырайсың» деп балаға таудай жауапкершілік артқан. Тарихта осындай тәрбие алған балалардан нар мінезді, бір сөзді, байсалды, жаны да, қолы да жомарт бәрінен намысты жоғары қоятын жайсаң жігіттер өсті. Біздің бабалар ұлын ежелден батыр, ел тұтқасы болуға лайықты етіп тәрбиеледі. Қазір қазақтардың әрбір төртінші отбасының ұл-қызы әкесіз өсіп келеді. Олар кімдер? Ажырасқандар, әкесі қайтыс болғандар, аналары өзі үшін некесіз туған балалар мен абақтыда жазасын өтеуші ер-азаматтардың балалары. Алдымен, әкелердің басым көпшілігі асыраушылар мәртебесінен айырылып қалды. Басты себеп қоғамдағы жұмыссыздық, құмарлық, нәпсіге ерік беру, дінсіздік, араққа салыну секілді қауіпті індет меңдеп барады. Қазақтар өзгелерге еліктеймін деп ұлттық тұтастықты ұл-қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерден уысынан шығарып алды. Ал қазіргі күні шөп басын сындыруға да, ешбір шаруаға да икемсіз ұлдардың қатары көп. Осы жайды әрбір отбасы қатты ойланғаны жөн.
Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсалыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. Тәрбиеге тоқталсақ, бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Әл-Фараби бабамыз: «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген салмақты сөз қалдырған. Қазақта тәрбиенің мынадай түрлері бар, олар: отбасы тәрбиесі және ер адам тәрбиесі. Үйде әке-шеше тәрбиесі. Мектепте ұстаз тәрбиелейді. Баласы есейіп он төрт-он бес жасқа келгенде атқа мінгізіп алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат: көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін тыңдап, кең байтақ жерімізді батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл ер тәрбиесі. Әр отбасы-жеке мемлекет. Меніңше, бұл кішкентай мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы-әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын әке демеу болса, ана-ерекше мейірімділік пен махаббаттың көзі. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бала үшін таптырмас байлық. Мұндай байлыққа, дүниенің еш кереметі жетпесі анық. Өкінішке орай бұл қарапайым ғана баққа бәрі бірдей ие емес. Сондықтан, мұның қадірін білген жөн. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
Қазақ халқының ғасырдан – ғасырға жалғасқан ат баптау атадан балаға мұра болып келеді. Бүгінгі таңда атбегілік өнерін жетік меңгерген Нұрмат өзінің ұлдарына жеке кәсібінің ерекшелігімен маңыздылығын түсіндіріп шаруаға мықтап баулып келеді.
Отбасы құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын арттыру, Б. Момышұлының өнегелі өсиеттері мен батырлық тұлғасын дәріптеу, отбасындағы әке мен баланың жандүние сабақтастығын жандандыру мақсатында облыстық «Асқар тауым - тірегім» қашықтан өткізілген байқауында менің оқушым Е. Асу мен Жұмағұловтар әулеті қатысып, «Менің өнегелі отбасым», «Әкемнің мамандығын мақтан етемін», «Бауыржан атаңдай батыр бол!» үш бөлімнен мазмұнды да, терең тәрбиелі бейнебаян дайындап, жүлделі І орынға ие болды.
Бүгінгі таңда ат баптау мамандығымен жұртқа танылған Жұмағұлов Нұрмат, облыс, республика, жақынарадағы шет мемлекеттерге бәйгеге қосып, құлыннан таңдап алып баптайды.
Қазіргі таңда ер адамның бала тәрбиесіндегі орны өте саябырлап бара жатқан секілді. Бұл жағдайды біреу білсе, кейбіреулері біле бермейді. Себебі, менің ойымша көбінесе отбасындағы ер адамдар жұмыстарына байланысты сырт елдерге сапарға аттанып жатады. Сол кезде олар балаларына көп көңіл бөле алмайды. Екіншіден, балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында ер мұғалімдер жоқтың қасы. Өйткені, әйелдер саны көп болғандықтан, олар қазіргі заманда кез келген жұмысқа бейім келеді. Көбіне, бала тәрбиесіне де көңіл бөлетін әйел атаулылар. Мысалы, кейбір адамдардың ойынша, бала тәрбиесіне ер адамдар да, әйел адамдар да көп көңіл бөлу керек. Бұл жағдайда қыз тәрбиесіне де, ұл тәрбиесіне де әкенің рөлі ерекше . Себебі, ұл бала әкесіне жақын, ал қыз бала шешесіне жақын болғанымен, «қызды қырық үйден тыю» дегендей оған әрдайым әкенің тәрбиесі ерекше ықпал етсе, келешек ұрпақ тәрбиелі, намысшыл болып өседі.
Үй ішінің жайлы өмір сүруі, бала-шағаның тәртіпті болып өсуі- отағасының ақылымен еңбекқорлығына байланысты. Сондықтан әйел үй-ішінің берекесін келтірсе, сол берекеге берік негіз қалайтын ер адам екенін ұмытпайық. Әке- баласы үшін шыңы биік асқар тау! Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Тәрбие дұрыс берілуі үшін үйде ата - ананың, мектепте ұстаздың айтқан сөзі үндесіп жатуы керек. Әр отбасындағы тәрбие – өзінше жеке ілім, жеке дәстүр. Әке тәрбиесінің дұрыс берілмеуі бала болашағына үлкен әсерін тигізеді. Олай болса, сөзімнің соңында болашақ ұрпағымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тірек, қорған болатын әке бола білейік дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Атайбекова Ғ. Иманды жан-әдепті // Отбасы және балабақша.-2005. –
№ 5. – Б. 14-16
-
Ахметов С. Ата-ана не үшін өмір сүреді // Тәрбие құралы. -2005. -№ 3. –
Б. 76-77
3. Дүйсенбаев А.Қ. Отбасы тәрбиесінің этнопедагогикалық негіздері.
Ақтөбе. 2014.
4. «Отбасы және денсаулық»// 2015 ж № 3 3. «Бала тәрбиесі» //2016 ж № 3

