Жас ұстаздар білім саласының өзекті мәселелерін талқылады
Келес ауданы білім бөлімі мен Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас мамандар форумы өтті.
№7 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылған форумды білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қасымбекова Гүлназ Ерғалиқызы ашып беріп, жас мамандардың қоғамдағы рөлі басым екендігін атап өтті. Сонымен қатар жиында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Мархабаев Нариман «Қазіргі заманда жастардың әлеуеті» тақырыбында баяндама жасап, жастарға мемлекет тарапынан беріліп отырған қолдаулар жайлы айтты. Келес ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Р.Зейденова мен Б.Нұрмат форумда бөлім тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдау туралы сөз сөйледі.
№13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Ақыбай Нұрболат пен №39 Л. Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Құдайберген Мақсат «Жасанды интелекттің қазіргі замандағы рөлі және оны сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында сөз сөйлесе, №18 С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Аятов Асқар биология сабағында ұлттық құндылық дәріптей отырып заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Айта кету керек, форумға ауданымыздың білім беру мекемелерінен 80-ге жуық жас маман қатысты.
Форумда мектеп мұғалімдері өз ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелер талқыланды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас ұстаздар білім саласының өзекті мәселелерін талқылады
Жас ұстаздар білім саласының өзекті мәселелерін талқылады
Келес ауданы білім бөлімі мен Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас мамандар форумы өтті.
№7 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылған форумды білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қасымбекова Гүлназ Ерғалиқызы ашып беріп, жас мамандардың қоғамдағы рөлі басым екендігін атап өтті. Сонымен қатар жиында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Мархабаев Нариман «Қазіргі заманда жастардың әлеуеті» тақырыбында баяндама жасап, жастарға мемлекет тарапынан беріліп отырған қолдаулар жайлы айтты. Келес ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Р.Зейденова мен Б.Нұрмат форумда бөлім тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдау туралы сөз сөйледі.
№13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Ақыбай Нұрболат пен №39 Л. Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Құдайберген Мақсат «Жасанды интелекттің қазіргі замандағы рөлі және оны сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында сөз сөйлесе, №18 С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Аятов Асқар биология сабағында ұлттық құндылық дәріптей отырып заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Айта кету керек, форумға ауданымыздың білім беру мекемелерінен 80-ге жуық жас маман қатысты.
Форумда мектеп мұғалімдері өз ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелер талқыланды.
шағым қалдыра аласыз


