Азимбаева Гульнара Магауяновна
Теміртау қаласының
№23 Жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: «ЖАСАЙ БЕР, ЕЛБАСЫМ!»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Елбасы еңбектерімен таныстырып, ата-анаға деген құрмет, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен егемен мемлекетіміздің патриот жастары болуға тәрбиелеу.Оқушылардың таным белсенділігімен, қызығушылығын арттыру.Президент Рәміздерімен таныстыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс, топтасып жұмыс істеу, мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Президентінің суреттері, Техникалық құралдарды пайдалану (компьютер) ,слайд, шар,буклед, гүл.
Сабақтың барысы: Оқушылар орнынан тұрып әнұран айтады.
-Армысыңдар Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі тәрбие сағатын «Жасай бер, Елбасым!»- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінен кейін әрине қыс мезгілі келеді. Демек қыс мезгілінің ең алғашқы мерекесі 1 Желтоқсан, яғни Елбасымыздың құрметіне арналған ұлы мереке! Президент күні деп аталады.
-Сендер Елбасы туралы не білесіңдер?
Көгілдір экранға назарларыңды аударыңдар!
Балалар әр елдің өз басшысы болады, сол сияқты біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз Астана қаласында тұрады, жұмыс орны –Ақорда. Қысқаша түсінік айта кетсем Елбасымыз 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатаудың баурайындағы Үшқоңыр жайлауындағы Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген көптен күткен ұлдары болатын. Оған ата-анасы Нұрсұлтан деп азан шақырып атын қояды.Сәбиге әрине есім таңдауда бір үлкен хикаяға айналады. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдер ұсынып,ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынандай ұсыныс білдіріп : «Менің сүйікті немерем екі бірдей атты алып жүрсін деп ,есімін Нұрсұлтан қояды. »
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала әжейде өз немересінің жан-жақты болып қалыптасуына ,үлкен азамат болып қалыптасуына ұлкен еңбегін сіңіреді.Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп,халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтін, Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсене кіріскені туралы еске алатын.
Мырзабаланың ұлы Нұрсұлтан Назарбаевтің әкесі-Әбіш 1903 жылы Алатау бөктерінде ,Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді ,қадірлі кісі болатын.Ол тек қазақ тілінде ғана емес орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ,орыс әндерін беріліп айтып, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңестерімен бөлісетін.Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды.Үйде де , балабақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдеседі. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысады, әкесімен бірге тауға барып, шөп шабатын.
Нұрсұлтан тек өз сыныбында ғана емес, мектептегі ең үздік оқушылардың бірі болатын.Сабақты зор ынта-ықыласпен оқитын. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын- туыстары әкеп берген кітаптардың барлығын оқып шығуға жән-тәнімен кірісетін.
Нұрсұлтанның балалық және
жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге
таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен,
ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен
жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол
құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін.
Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет
етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол
құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете
беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды.
Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен
шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді. «Мәңгі естелікке».
Мектептегі соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын Сол кезде оның
тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы
металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын
білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Нұрсұлтан
ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына,
туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені,
ол отбасындағы үлкен ұл еді. Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа
үлкен өмір басталатынын, алдан жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын
қапысыз сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі иелік етуге бел
байлап, түбегейлі шешімге бекінді. «Болаттай берік бол!».
Спорт секциясында Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург
ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия
комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға
жіберілді.
Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР
Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы
одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге
әріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, ол
сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері
болып қалыптасты. Өзінің жаңа қызметінің биігінен ол туған
республикасының дамуында жіберілген қателік-қиғаштықтардың ауқымы
мен олар тудыратын қасіретті толық сезіне алды. Ол Қазақстанның
одақтық экономика үшін алып шикізат қорына айналып кеткенін көрді.
Тұтыну тауарларының 60 пайызы Қазақстанға өзге республикалардан
әкелінетінін, қазақстандықтардың ең басты мұқтаждықтары бұрынғыша
шикізаттық дамудың ыңғайына қарай өтелетінін аңғарды. Ол
өзімен бірге өзгелердің де ой-санасы ашылып, бүкіл ел ояна
бастағанын байқады. Әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін
«жылымық» кезең болғандай еді, бірақ республиканы Г.Колбин
басқарған аз ғана жылда одақтық орталық өктемдік көрсетіп, қайта
құрсаулап тастады. Бірақ уақыт ағынын тоқтату мүмкін емес еді.
Өзгерістер пісіп-жетілді. Оқиғалар барған сайын жеделдей түсті.
КСРО-да 1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік биліктің ең
жоғары органының баламалы негіздегі сайлауы болып өтті. Мәскеуде
1989 жылғы маусымда реформалардың қажеттігі, идеология мен
экономиканың түйткілді мәселелері қызу талқыланған КСРО халық
депутаттарының бірінші съезі болды. Халық депутаттарының съезі біте
салысымен, Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. Қазақ
КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда
бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған
пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді.
Сол 1989 жылғы шілдеде Қарағандыда экономикалық қана емес, саяси
мақсат көздеп, Семей полигонын жабу туралы талап қойған шахтерлер
ереуілі басталды. Назарбаев ереуілшілердің талаптарын қолдады – ол
адамдардың орталық ведомстволар монополиясына деген наразылығын
жақсы түсінді. Дәл солар сияқты ол өзі де Қазақстанның экономикалық
дербестігін, зардабы зор сынақтардың тоқтатылуын қалайтын.
Демократиялық үдерістер КСРО республикаларында жаппай еңбекшілер
бірлестіктерінің құрылуына алып келді. Қазақстандағы ең алғашқы
және мейлінше қатары қалың қозғалыстың бірі 1989 жылы құрылған,
түпкі мақсаты Семей полигонын және Қазақстан аумағындағы өзге де
сынақ орындарын жабуды көздеген «Невада – Семей» экологиялық
қозғалысы еді. Бұл қозғалыс та Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты
қолдауына ие болды. Барша қазақстандықтардан жаппай қолдау тапқан
оның күш-жігері керемет табысқа жеткізді – халыққа қасірет әкелген
Семей полигоны біржола жабылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы
24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан
Назарбаев республиканың Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан
тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды. 1991 жылғы 1
желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы
өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие
болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР
атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және
Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16
желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік
тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз
Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Ардақты ұлын ұлықтаған
ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады.
Қазақстан Республикасының қайта қабылданғанКонституциялық заңы
негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі
берілді.
-Ерасыл: Қазақ тілі, Мемлекеттік
тіл.
Тіл шыққаннан сөйледім анық
маған,
Қазақ - тілім бақытым жырым
саған.
Əлі есімнен кетпейді Бесік -
жыры,
Қанша тілді білседе бүгін
балаң.
Қазақ тілім өзіңе бас
ұрамын,
Халқымнан мұны қалай
жасырамын.
Білсемде басқа тілді бөле -
жара,
Өз тілім қазақ тілім деп
тұрамын.
Күнің туды бой көтер Қазақ
тілім,
Бар қазаққа еншілес Дара
тілім.
Көп ұлтты Мемлекетке ұйытқы
бол,
Өз тілім, Қазақ тілім, Дара
тілім.
Бұл тілде сөйлеп өткен Шоқан,
Абай,
Жыр төккен осы тілде Жамбыл
Жабай.
Сұрапыл соғыста да сап
түзеген,
Батыр бар Момышұлы
Бауыржандай.
Ұлттық - тіл арманы ғой бұл
көптің,
Өз тілім - деп, Қазағым - деп жыр
төктім.
Жаса - қазақ техниканы
меңгеріп,
Баста алға Қожасы бол жер -
көктің.
-Жарайсың Ерасыл! Ерасылға қол шапалақтап қошемет көрсетіп қояйық, жүректен шыққан өлеңін оқып беріп толғандырды.
-Оқушылар отан туралы мақал-мәтелдерді білеміз бе?
Жанерке:
-Отан- оттан да ыстық.
Жайнарбек:
-
Қуат алған өзінен
-
-Туған елдің ұлымын
-
-Бақытты етіп өсірген
-
-Отанымның гүлімін.
Нұрмұхаммет:
-
Отан қуат
-
-Отбасы-шуақ.
Тілеубек:
-
Отансыз адам,
-
Ормансыз бұлбұл.
-Жарайсыңдар оқушылар!
Балалар біз қай тілде сөйлейміз?
-Әрине қазақ тілінде. Еліміздің рәміздерін дайындаған слайдтан қарап тамашалаңдар: -Бұл біздің мемлекеттік Әнұранымыз.Ал мынау –Елтаңба.
Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі болып табылады. 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасы Презитентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы »конституциялық заң күші бар Жарлығымен 1996 жылы 24-ші Қаңтарында белгіленген.
-Оқушылар Елтаңбаның авторы кім?
-дұрыс айтасыңдар: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.
Ортада Тілеубек,Нұрмұхаммед,Ерасыл «Балбырауын» күйін күмбірлете шырқайды.
Сергіту сәті:
-Елбасының туған жері?
-Әнұранның авторы кім?( Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. )
-Елтаңбаның авторы кім?(Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов)
-Жарайсыңдар оқушылар!
Ортада «Мен Қазақпын!» әні шырқалады.
-Жарайсыңдар оқушылар!
Әрдайым еліміз тыныш, Елбасшымыз аман, көк туымыз желбірей берсін!
-Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!-деп осымен «ЖАСАЙ БЕР, ЕЛБАСЫМ!»
атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
-Сау болыңдар оқушылар, мерекелерің құтты болсын ұлағатты елімізің жас ұландары.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«ЖАСАЙ БЕР, ЕЛБАСЫМ!»

шағым қалдыра аласыз