ЕРНАЗАРОВА
Айнұр Шүкірқызы,
«Балдәурен»
РОСО филиалының
ұйымдастырушы-ұстазы.
Түркістан
облысы, Төлеби
ауданы
Жасай бер, жайнай
бер,
Жұмақ мекен –
Балдәурен!
"Б
А Л Д Ә У Р Е Н" - қандай керемет атау. Осы атаудың астарында үлкен
дүние жатыр. Өйткені қаншама адам осында тәтті, балдай балалық
шағының қызықты сәттерін өткізді. Қаншама қызметкер тек бала көңілі
үшін, ел болашағы үшін тер төкті. Бірі келді, бірі кетті.... Бірақ,
әрқайсысының жүрегінде осы 9 әріптен құралған атау алтын әріппен
жазылып, ұмытылмастай болып қала береді.
Кеше ғана іргетасы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қаланған орталық бүгінде
қанатын кеңге жайып, орталық филиалдарымен толып
отыр.
Жалпы еліміз бойынша балаларға бақыт сыйлайтын
«Балдәуреннің» бүгінгі таңда төрт орталығы бар. Ең алғаш 2012 жылы
ашылған сұлу Көкшенің бойында орналасқан –
«Балдәурен-Бурабай», Киелі мекен Жетісу
өңірінде Қонаев қаласының жағалауында орналасқан «Балдәурен-Қонаев»
Республикалық оқу-сауықтыру орталық филиалы 2017 жылдың сәуір
айынан бастап жұмыс жасап биыл өзінің 5 жылдық мерейтойын
тойлады.
«Балдаурен-Балқаш» Республикалық оқу-сауықтыру
орталық филиалы 2019 жылы 17 маусым айында ашылып, биыл 3 жасқа
толып отыр.
"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының
Түркістан облыстық филиалы білім саласында өз жұмысын 2018 жылдың
15 тамызынан бастап келеді. Ашылған
сәттен бастап балалардың армандары орындалып, мақсаттарына жол
ашты. Орталық баланың білімі мен тәрбиесін бағыттай отырып,
болашақты құруда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі
"Балдәурен-Түркістан" республикалық оқу-сауықтыру орталығы
балалардың өмірін қызықты ете алатын жаңа орталықтардың бірі десек
қателеспейміз.
Мектептен тыс жұмыстардың негізгі түрлері
пәндік апталар болып табылады, оның аясында ашық сабақтар,
зияткерлік ойындар, ток-шоу, әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек
үстелдер, дебаттар және де өнер, мәдениет, спорт, ғылым саласының
еңбек сіңірген қайраткерлерімен кездесулер өтеді. Іс-шараларды
өткізудің әртүрлі формалары оқушылардың үлкен қызығушылығын
тудырады. Бұл олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
Әрбір орталық қызметкерінің адалдығы болашақ ұрпақ
үшін патриотизм, жомарттық, шығармашылық, ақыл-ой сезімін береді
деп сенемін.
Бүгінгі жастар –
еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді ету –
негізгі міндетіміз. Соның бірі – патриоттық тәрбие беру мәселесі.
Жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуде орталығымызда
«Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» жұмыс
жасауда.
Қазақстандық жасөспірімдер білімді, жан-жақты
дамыған, шынайы патриот болуы тиіс. Өз Отанына деген шынайы
сүйіспеншілігі болмай, нағыз қазақстандық патриот және өз елінің
шынайы азаматы болу мүмкін емес. Биыл «Қазақстандық жас патриоттар
Академиясының» құрылғанына 6 жыл толып отыр. Елжанды патриот
ұрпақтарымыз көп болсын!
Қазіргі уақытта біздің орталық жаңа бастамалармен
белсенді жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз орталығымызға келген
оқушылар үшін қызықты іс-шаралар мен кештерді қызықты өткізе
отырып, білімге деген алтын таланттарын дамыту. Осылайша, біз
мемлекет басшысының мықты, сындарлы және теңдестірілген саясатын
қолдай отырып, ел игілігі үшін барлық күш-жігеріміз бен білімімізді
жұмсай береміз. Болашақта арман аралының табысы табысты және
жемісті болады деп сенемін.
Балдәуренім балдай тәтті
ертегім,
Жүрегімде сақталатын
мекенім.
Әрбір сәттен ләззәт алып
жүремін,
Естен шықпас жарқыраған
күндерім.
Бір
дегенім «Балдәуренім – Бурабай»,
Бастау алған суық жерде
жаурамай.
Екі
дегенім «Балдәуренім – Қонаев»,
Алтын құмның жағасында, сауық-сайран
салғаны-ай.
Үш
дегенім «Балдәуренім – Түркістан»,
Тәй-тәй басқан артымызда ал
жас,
Құшақ жайар «Балдәуренім –
Балқаш».
Қанекей алға, бас, бас!
Басын қосқан кіл жүйрікті,
мықтыны,
Міне осы төрт орталық
сыйлайды,
Бар
қуаныш, шаттық пенен бақытты,
Кел
Балдәуренге, жет арманыңа.
«Балдәурен-Түркістан» РОСО филиалына 4
жыл. 2018 жылдың қазан айында
алғаш демалушыларын құшақ жая қарсы алған Балдәурен-Түркістанға
биыл – 4 жыл толып отыр! Иә, осы уақыт ішінде орталық
қыхметкерлерінің қажырлы еңбектерінің нәтижесімен
Балдәурен-Түркістан көркейіп, дамып келеді. Оңтүстіктің төрінен
бастау алған «Балдәурен-Түркістан», қазіргі таңда, барша балалардың
достық мекеніне айналған.
«Кешегі күн – бүгінгі
тарих!» осы 4 жыл ішінде
орталығымызда түрлі семинарлар, конференциялар мен кездесулер,
ауқымды іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, үш орталықтан щыққан жас
патриоттар академиясының мүшелерінің басын біріктіретін форумы
2020-2022 жылы өткен болатын.
Сонымен қатар, Қазақстандық жауынгер, Рейхстакқа
жеңіс Туын тіккен, халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігіне
құрмет көрсету мақсатында «Рахымжан-жеңіс сарбазы!» атты ерлікке
тағзым эстафетасы арнайы қонақтардың қатысуымен
өтті. «Балдәуреннің» жүрегі
саналатын «Жастар» педагогикалық тобы талмай атқарған еңбектерінің
арқасында Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО-да өткен Республикалық
«Үздік жасақ-2019» байқауының бас жүлде иегерлері
атанды.
«Балдәурен» РОСО-ның 20 жылдығына орай Орталықтар
арасындағы спорттық жарыстар «Спартакиада-2022» болып өтті.
Тартысты додадан біздің орталықтың командасы 2 орынға ие болып,
орталықтар арасындағы өз деңгейімізді айшықтап
берді.
«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, Түркістан
облысында орналасқан жағдайы төмен 50 балаға мектепке қажетті
құрал-жабдықтар мен қаржылай көмек
көрсетілді.
Жыл
сайын 16 ауысым бойы өзінің баурайына балаларды қабылдап,
бүлдіршіндеріміздің балалық шағының өшпес естелігіне
айналды.
Туылған күніңмен, Арман аралы –
Балдәурен!
Баршаңызды осы айтулы
мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Шаңырағымыз бала күлкісінен
айырылмасын! Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық,
дендеріңізге саулық тілеймін. Ал бұрыңғы "балдәурендіктерге" тағы
да осы бақыт мекеніне келуді Алла нәсіп етсін! "Балдәурен" қанатын
кеңге жайып, "Халықаралық" статусқа ие болсын! ТУҒАН КҮНІҢМЕН менің
"екінші үйім", ТУҒАН КҮНІҢМЕН
"БАЛДӘУРЕН"!!!