400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды интеллект – мұғалімнің заманауи көмекшісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімнен тек пәнді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар креативтілік, цифрлық сауаттылық және заманауи технологияларды тиімді қолдануды талап етеді. Осы тұрғыда жасанды интеллект (ЖИ) мұғалімнің сенімді көмекшісіне айналып отыр. Мақсаты: «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі» бағытының негізгі мақсаты – мұғалімдердің жұмысын жеңілдету үшін AI құралдарын тиімді қолдануды үйрету. Сонымен қатар жасанды интеллект пен толықтырылған шындық технологияларын сабақ беру әдістемесіне енгізу және AI көмегімен мультфильмдер жасау арқылы оқыту сапасын арттыру көзделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЫТЫКОВА АЙЖАН МУРАТКЫЗЫ

«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ

физика пәні мұғалімі, педагог - модератор



Жасанды интеллект – мұғалімнің заманауи көмекшісі


Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімнен тек пәнді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар креативтілік, цифрлық сауаттылық және заманауи технологияларды тиімді қолдануды талап етеді. Осы тұрғыда жасанды интеллект (ЖИ) мұғалімнің сенімді көмекшісіне айналып отыр.

Мақсаты:

«Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі» бағытының негізгі мақсаты – мұғалімдердің жұмысын жеңілдету үшін AI құралдарын тиімді қолдануды үйрету. Сонымен қатар жасанды интеллект пен толықтырылған шындық технологияларын сабақ беру әдістемесіне енгізу және AI көмегімен мультфильмдер жасау арқылы оқыту сапасын арттыру көзделеді.


Қандай ұстаздарға бағытталған?

Бұл бағыт:

  • цифрлық сауаттылығын арттырғысы келетін;

  • сабағын ерекше, заманауи форматта өткізгісі келетін;

  • педагогикалық байқаулар мен түрлі жарыстарға дайындалатын;

  • оқушылардың нәтижесін креативті форматта көрсеткісі келетін;

  • онлайн сайыстарға қатысқысы келетін;

  • жасанды интеллектіні жүйелі түрде меңгергісі келетін;

  • ЖИ арқылы мультфильм, көрнекілік жасағысы келетін;

  • әртүрлі цифрлық платформаларды үйренуге қызығатын ұстаздарға арналған.


Қазіргі мұғалімдердің басты мәселелері:

  • Бүгінгі таңда мұғалімдер келесі қиындықтарға жиі тап болады:

  • сабақ жоспары мен ҚМЖ дайындауға көп уақыт жұмсау;

  • авторлық және әдістемелік жұмыс жасау;

  • ғылыми жұмыстар мен ашық сабақтарға дайындалу;

  • ата-ана жиналысына интерактивті тапсырмалар іздеу;

  • көрнекілік пен мультфильм жасау;

  • шығармашылық тапсырмаларды дайындауда уақыттың жетіспеуі;

  • жаңа технологияларды меңгерудегі қиындықтар.


Осы мәселелердің барлығын шешуде жасанды интеллект үлкен қолдау көрсете алады.


Мультфильмнің сабақтағы рөлі

Мультфильм – оқыту үдерісіндегі ең тиімді құралдардың бірі.

1. Мотивация көзі

Мультфильмдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген жағымды көңіл-күй қалыптастырады. Олар баланың қиялын дамытып, білім алуға деген ішкі ынтасын күшейтеді.

2. Түсіндіру құралы

Күрделі, абстрактілі тақырыптар мен процестерді анимация арқылы жеңіл әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушы көріп қабылдаған ақпаратты тез есте сақтайды.

3. Дифференциация құралы

Мультфильмдерді оқушылардың деңгейіне қарай бейімдеп, жеке, топтық немесе үй тапсырмасы ретінде қолдануға болады. Бұл оқыту үдерісін жекелеуге жол ашады.


Мультфильм мен цифрлық контент жасау үшін келесі жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылады:

Copilot – мұғалімнің интеллектуалды серіктесі, мәтін, жоспар, идея, сценарий құрастыруда көмектеседі. Copilot мұғалімнің ойлауын алмастырмайды, бірақ оның идеясын жүйелеп, уақытын үнемдейді.

Кling АI – мәтін немесе сурет негізінде динамикалық видеолар жасауға арналған AI платформа. Кling АI тек мультфильм емес, оқыту видеосы ретінде ашуға болады:

Тарихта – оқиғаның қысқа анимациялық көрінісі;

Физикада – құбылыстың (күш, қозғалыс, жарық) анимациясы;

Биологияда – ағзалар жұмысы;

Бастауышта – ертегі кейіпкерлері арқылы тапсырма;

Тәрбие сағатында – құндылықтарға негізделген бейнеролик.

Suno AI Music – мультфильмдер мен сабақтарға арналған әуендер мен әндерді автоматты түрде генерациялайтын құрал.



Мектепішілік әдістемелік отырыста «Жасанды интеллект – мұғалімнің заманауи көмекшісі» атты тақырыпта мастер-класс сәтінен


Физика сабақтарында жаңа тақырыптарды тиімді әрі терең меңгерту мақсатында арнайы әзірленген бірнеше мультфильмнің сілтемелері ұсынылады.


https://app.klingai.com/global/image-to-video/frame-mode/new?ra=4

https://app.klingai.com/global/image-to-video/frame-mode/new?ra=4

https://app.klingai.com/global/image-to-video/frame-mode/new?ra=4

https://app.klingai.com/global/image-to-video/frame-mode/new?ra=4

https://app.klingai.com/global/image-to-video/frame-mode/new?ra=4


Қорытынды

Жасанды интеллект – мұғалімді алмастыратын емес, оның мүмкіндігін кеңейтетін қуатты құрал. AI технологияларын дұрыс қолдана білген ұстаз – заманауи, креативті әрі нәтижелі мұғалім. Мультфильм, интерактивті тапсырма, көрнекілік пен авторлық контент жасау арқылы сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіндік бар. Сондықтан жасанды интеллектіні меңгеру – бүгінгі мұғалім үшін қажеттілік, ал ертеңгі білім берудің басты кепілі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
75
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі