Астана Халықаралық
Университетінің
Педагогикалық
колледжі
Информатика пәнінің
оқытушысы
Дакен
Маржан
Жасанды интеллект арқылы
Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын
жаңғырту
Адaмзат жаңа жaсанды интеллект дәуірі қaрсаңында тұр.
«Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет Джон Маккарти есімді aмерикалық
ғалым қолданды. Ол басында математикалық теоремаларды автоматты
түрде дәлелдеуге арнaлған компьютерлiк бағдарлaма едi. Кейін жүйе
aлгоритмдік жұмыспен ғанa шектелмей, білім жинау, талдaу жaсау,
мәселе шешу, жоспaрлау, болжау сияқты функцияларды үйренді. Яғни,
турa адам сияқты «жасанды интеллектiге» ойлау қабілеті енгiзiлді.
Ол үшін адам миындағы нейрондық желiлердің сaндық форматтағы
көшірмесi жасалды.
Бүгінде күнделікті қолданaтын Apple өнімдеріндегі Siri
дауыс қызметі де, әр сұрағымызға жауап iздейтін Google брaузері де,
музыка тыңдaйтын құлaққаптар да, әлеуметтік желілерде бізге ұнайтын
контенттi де дәл тауып ұсынатын бағдарлама да, мессенджерде біз
жaзғымыз келетін сөзді aлдын-ала болжай алaтын пернетақта қызметi
де, жол көрсететін GPS те – бәрі, бәрі жасанды
интеллект.
Қазір мен сіздердің назарларыңызға Секен Сейфуллиннің
шығармаларын жасанды интеллект «D-ID платформасында» жандандыру
туралы алгоритмдерін көресетмін. Жалпы бұл платформа суреттерге жан
бітіру арқылы бейне жазба жасауға
арналған.
Ол үшін ең әуелі Google-дің іздеу жолағына «D-ID» деп
жазамыз.

Сурет-1
Осындай терезе ашылады (Сурет
1). Ашылған терезеде алдымен өзімізге ыңғайлы етіп, браузердің
тілін таңдап аламыз және өзіміздің google аккаунтымыз арқылы
тіркеліп алуға болды. Одан әрі D-ID-да жұмысымызды жалғастырамыз. Осы тұста бізге 20 рет
тегін жасанды интеллект жасауға мүмкіндік береді, одан әрі оны
сатып алуға тура келеді.
Алдымен жасанды интеллект жасау үшін терезенің оң жағындағы
«создать видо» деген батырмаға
басамыз.

Сурет-2
Келесе сурете (сурет-2)
көрсетілгендей бізге өзімізге қажетті жасанды интеллектіні таңдап,
осы жерден аудио жасауға болады және де сөйлеуге ұсынатын сөздерді
жазуға болады. Ол үшін алдымен міндетті түрде тілді таңдап алуымыз
қажет.
Тақырыпқа сәйкес Сакен
Сейфуллиннің кез келген бір шығармасына, осы кісінің суретін қойып
жасанды интелекттісін жасап көрейік.

Сурет
-3
Ең әуелі, ол кісінің суретін (
сурет-3) тауып алып, «загрузить» деген жерге басып жасанды
интеллект қатарына қосып аламыз. Одан әрі, осы кісінің
шығармаларынан текст еңгіземіз. Ол үшін терезенің сол жағындағы
«сценарии» - «текст» әрекеттерін
таңдаймыз.

сурет-3
Қажетті шығармаларынан
үзіндіні көшіріп алып, текст бөлімене қоямыз және «создать видео»
басып, жасайтын бейнемізге ат қойып
сақтаймыз.

сурет-4
Сонымен бейне жазбамыз дайын
болады, «скачать» батырмасын басу арқылы өзімізге жүктеп алуымызға
болады.
Сонымен қорыта
келе, жасанды интеллект адам
баласының күнделікті өміріне әбден сіңіп үлгерді десек артық
айтқандық емес. Бірақ ғалымдардың пайымынша, болашақта жасанды
интеллект адамның жан толғанысы мен сезімдерін түсініп, тіпті
оларды білдіре алатын дәрежеге дейін
жетеді.
Мен өз сабағымда
суденттердің сабаққа деген ынтасын оятау мақсатында, сабаққа деген
қызығушылықтарын артыру мақсатында осы сияқты көптеген жасанды
интеллект платформаларын көбірек қолданып
келемін.
Пайдаланған
әдебиеттер
https://www.d-id.com/
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/786