ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ
"Өмір – бұл кітап, оны ашып
оқы." –
Джон
Леннон
ХХІ ғасыр – жаңа технология
мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық
қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі
кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің
қырсырын терең меңгеруі тиіс.
Оқытудағы жасанды
интеллект пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес
нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып
табылады. Білім саласын цифрландыру
барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық
модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге
көтерудің алғы шарты. Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру
үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің
барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және
коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай тарату
үрдістерімен сипатталады.
Жасанды интеллект дегеніміз
не? Жасанды интеллект (ЖИ)
дегеніміз - машиналар мен компьютерлерге адамның интеллектуалдық
процестерін еліктетуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы.
Бұл оған оқу, ойлау, мәселелерді шешу сияқты қабілеттерді дамытуға
көмектеседі. Әр түрлі бағдарламалық қамтамалар арқылы оны тиімді
пайдалану үшін әртүрлі салаларда қолдануға болады. Білім берудегі
ЖИ - ті енгізудің міндеті мұғалімдерді алмастыру емес, ол
мұғалімдерге күнделікті жұмысын жеңілдетуге ыңғайластырылған.
Мұғалім бір оқушыны үй тапсырмасын тексеруге 5-10 минут жұмсаса,
жасанды интеллект оны 20-30 секундта орындайды. Сабаққа тапсырмалар
мен презентацияны да тиімді әрі оңай аз уақыт ішінде жасап бере
алады.
ЖИ - ті білім беруде тиімді
қолдануға болады:
- Үй тапсырмасын
тексеру;
- Оқытушылар мен оқушылардың
уақытын тиімді басқару;
- Репетиторлық
үшін;
Оқыту бағдарламасы бірнеше
блоктарға бөлінді, олардың әрқайсысы білім беруде AI пайдаланудың
негізгі аспектілерін қамтиды:
-
Білім беру мазмұнын құру –
мәтіндік және көрнекі материалдарды құру қызметтерін
оқу.
-
Тест сұрағын жасау – тест
әзірлеуге және сұрақтарды басқаруға арналған Quizizz.com және AI
Quiz Maker сияқты платформалар.
-
Дизайн және брендинг
генерациясы – логотиптер және басқа дизайн элементтерін жасау
қызметтерімен танысу.
-
Кескін мен бейнені
генерациялау – AI көмегімен медиа-контентті құру және өңдеу
құралдары.
-
Мәтінді және дыбысты
генерациялау – мәтінді сөйлеуге түрлендіруге және аудиоконтент
жасауға арналған платформалар.
-
AI көмекшілерін қолдану және
AI боттарын жасау – Google Assistant және Alice сияқты AI
көмекшілерін зерттеу және оларды білім беру мақсатында
пайдалану.
Информатика пәні — XXI ғасырда
білім алушыларға қажетті дағдыларды меңгертуге арналған басты
пәндердің бірі. Алайда, оқушылардың көбісі информатика пәнін қиын
әрі күрделі деп санайды, себебі пәннің кейбір тақырыптары теориялық
тұрғыдан қиындық тудырады. Сондықтан білім беру процесінде
информатика пәнін оқыту әдістемелерін жаңартудың маңызы
зор. Жасанды интеллект технологиясының қолданылуы
информатика пәнін оқытуда ерекше орын алады. ЖИ оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқу процесін
интерактивті, қызықты әрі тиімді етеді. Оқушылар жасанды интеллект
негізіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу арқылы қазіргі заманғы
технологияларды меңгеріп, логикалық ойлау қабілеттерін
дамытады. Қазіргі қоғамды цифрлық
технологияларсыз елестету мүмкін емес, олар қарқынды дамып, адамның
еңбек және өмір сүру жағдайларын айтарлықтай өзгертеді. Бұл
технологияларды әзірлеуде жасанды интеллект теориялық және
қолданбалы әзірлемелердің негізгі бағыттардың бірі болып табылдады.
«Интеллекті деген – тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен
ресурстарының кешенді сипаты» [1] деп Сартаева атап өткендей
қазіргі уақытта жасанды интеллект көптеген салаларда қолданылады.
Сондықтан жасанды интеллект негіздерін білу біздің өміріміз бен
мансаптық дамуымыз үшін маңызды бола түсуде. Жасанды интеллект,
деректер мен аналитиканы, сондай-ақ машиналық оқытуды тиімді
пайдалану оқытушыларға оқыту процесін қызықты өтуге мүмкіндік
береді. Осы қызықты жаңа технологиялардың пайда болуы мұғалім
рөлінің маңыздылығын арттырады — технология оның мүмкіндіктерін
кеңейтеді, бірақ оны алмастыра алмайды. Жасанды интеллект негіздері
оқытушылар қызметінің тиімділігін арттыруға және оқушыларды оқыту
және дамыту үшін мінсіз жағдай жасауға
арналған. Мәселен, мектеп информатикасында жасанды
интеллект негіздерін оқыту маңызды тақырып болып табылады.
Оқушыларды осы жасанды интеллект әлеміне енгізу олардың қалай жұмыс
істейтінін және оны әртүрлі салаларда қалай қолдануға болатынын
түсінуге көмектеседі.
Жасанды интеллектті мектепте
оқыту туралы шетелдік зерттеулердің көптеген нәтижеллері туралы
жарияланымдар бар. Мұнда бірнеше мысалдар келтірілген: Бірінші
жарияланымда мектептерде AI оқытудың мүмкіндіктері мен мәселелері
талқыланып, мектеп информатикасының оқу жоспары аясында AI оқыту
бойынша ұсыныстар берілсе [9], екінші жарияланымда білім беруде AI
қолдану бойынша ағымдағы зерттеулерге шолу жасалынған, соның ішінде
жеке оқыту және студенттердің жұмысын автоматты түрде бағалау үшін
AI қолдану көрсетілген [10]. Білім берудегі жасанды интеллекттің
мүмкіндіктері мен қиындықтары атты кітапта білім беруде жасанды
интеллектті қолданудың әртүрлі зерттеулері мен мысалдары, соның
ішінде оны мектеп информатикасында қолдану
келтірілген.
Жасанды интеллект жұмысы екі
бағытқа бөлінеді. Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды
әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді(есептерді
шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі
техника көмегімен жасайды. Жасанды интеллектінің екінші бағыты
интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық
механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы
іс-әрекетін қарастырады. Осының негізінде біз жасанды интеллекттің
адамзат үшін қаншалықты маңызды екенін айқын көреміз. Ал ол білімді
жас ұрпаққа игерту келешектің кемел болатынын айқындайды.
Информатика пәні бойынша ЖИ тің екі түріне шолу
жасадым.
GAMMA.AP – бұл интеллект барлық тақырыпта қазақша
презентацияны 20-30 секундта орындайды.
Диаграмма мен кескіндемелері мен суреттерімен әдемі дизайнды
құрастырып береді.

Diffit
Me – бұл интеллект арқылы
тапсырмалар мен тесттер құрастыра аламыз. Сыныбын тақырыпты және
тілін таңдау арқылы жасаймыз. Оқышыларға тапсырманы сабақты
түсінідіріп және қорытындылау барысында қолданатын
интеллект.

Қорытындылай келе
білім берудегі жасанды интеллекттің алатын
орны ерекше. Қазіргі заманауи технологияларға сай ЖИ -
те біздің оқушыларымызды –
жаңашылдар мен көшбасшылардың болашақ ұрпағын ғалымдар ретінде
зерттеулер жүргізуге, технолог ретінде модельдеуге, инженерлер
ретінде құрастыруға, суретшілер ретінде салуға, математиктер
ретінде аналитикалық ойлауға және балалар ретінде ойнауға
шабыттандырары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Сартаева, Н. Т. Ақпараттық
технологиялар негізінде бастауыш білім оқушыларының зерттеулік
іс-әрекет мотивациясын қалыптастыру [мәтін]: филос.док (PhD) дис.
Алматы, 2019. – 182 б.
2. Информатика [мәтін] : жалпы
білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытының
11-сыныбына арналған оқулық / авт. пр.: Г. И. Салғараева, Ж. Б.
Базаева, А. С. Маханова. – Нұр-Сұлтан: Арман-ПВ баспасы, 2020. –
272 б.
3. Платон. Диалоги. Серия «Философское наследие».
– Мәскеу: Мысль, 1986. – 605 с.