Материалдар / ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Спортпен үзбей шұғылданған бала күшті де батыл, икемді де төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі. Болашақта еліміздің намысын қорғап, әлемге атын шығаратын спортшы да жастардың арасынан шығады. Дене шынықтыру жеткіншектерді жан – жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға елін қорғауға дайындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2022
748
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. Дене шынықтыру пен бұқаралық спортты дамыту жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды.

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде студент жастардың дене мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру, спорттық үйірмелерге қызығуын арттыру мақсатында «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол», «Дойбы», «Шахмат», «Үстел теннисі», «Тоғызқұмалақ» үйірмелері белсенді жұмыс жасайды. Колледж студенттерінің 90 пайызы түрлі үйірмелермен қатысады.

Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылық шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін коллективизмді рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие. Доп үшін күресте ойыншыдан допты дәл беру нақтылық, дәлдікті, техникалық дағдыны, ара қашықтықты болжауды, соққы күшін есептеу, уақытты ұтымды пайдалану, жылдам ойлауды талап етеді

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б.

Баскетбол ойыны дене күшінің дамуына тиімді әсер етеді. Өткір лақтыру, секіру, қимылдар мен жүгіру тыныс алу жүйесінің жаттығуларына ықпал етіп, төзімділікті арттырады. Дене белсенділігі процесінде үйлестіру керемет дамиды. Баскетбол ойындары ойын барысында ағзаның үйлесімді жұмыс істей бастайтындығына әкеледі, бұл ас қорыту жүйесі мен ішкі секреция мүшелеріне жемісті әсер етеді.

Дойбы - Бүгінгі күнде дойбы спорттың өзге түрлері арасында елеулі орын алады. Қазақстан Республикасының чемпионаттары үнемі өткізіліп тұрады, секциялар құрылған. Дойбы (орыс. шашки) — спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы) не жүз (халықаралық дойбы) шаршыға бөлінген тақтада он екі (орыс дойбысы) не жиырма (халықаралық дойбы) таспен екі адам ойнайды. Ойынның мақсаты — қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMІD) 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше. Дойбы біздің заманымыздан 2500 жыл шамасы бұрын Мысыр елінде пайда болған. Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады.

Шахмат ойыны Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шахмат сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады. Шахмат спортының отаны – Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда болған.

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны. Археолог -ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олиндакалия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды.

Үстел теннисі – пайдасы мол дара спорт. Үстел теннисі (Пинг - понг) – белгілі бір ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі.Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз. Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады, ойлау шапшаңдығын арттырады, рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады, буындарға аса пайдалы, мидың саулығын сақтайды, Мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады, ұжым бірлігін арттырады.

Тұрақты физикалық жаттығулар көңіл-күйді көтереді және стресспен күреседі. Арықтауға көмектеседі. Физикалық белсенділік – метаболизмді арттырып, қосымша калорийлерді азайтуға ықпалын тигізеді. Спортпен шұғылдану – иммунитетті және төзімділікті арттырады. Тез ұйықтауға көмегін тигізеді. Спорттық іс-шаралар денеден көп күш алады, сондықтан ұйқы ұзақ және күшті болады. Дене шынықтыру кезінде өкпеде өзгерістер пайда болады. Өкпенің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты, бронхит және пневмония аурулары туралы ұмытуға болады. Жаттығулар жасау кезінде, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жақсы әсер ететін эндорфиндер шығарылады. Мидың ойлау және есте сақтау қабілеттеріне тигізетін пайдасы үлкен. Созылмалы аурулардың пайда болуының басты себептерінің бірі – дене белсенділігінің болмауы. Жаттығулар қан айналымын жақсартады және адамның сүйегін қатайтады.

Спортпен үзбей шұғылданған бала күшті де батыл, икемді де төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі. Болашақта еліміздің намысын қорғап, әлемге атын шығаратын спортшы да жастардың арасынан шығады. Дене шынықтыру жеткіншектерді жан – жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға елін қорғауға дайындайды.



Қожантаев Олжас Нұрланұлы,

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Байқоңыр жоғары колледжінің

«Дене тәрбиесі» пәнінің оқытушысы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!