Жасөспірімдік кезеңдегі мінез-құлық
қалыптасуының психологиялық негізі
Жасөспірімдік кезең-балалалық шақтан ересектікке
өткір өтетін,үнемі қиын,дағдарыстық қақтығыстармен сипатталатын
адам онтогенезінің күрделі кезеңі. «Жасөспірім»сөзінің мағнасы ішік
дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.Жасөспірімдік
кезеңді «қоғамдық импритинг»кезеңі деп те атайды,себебі осы
кезеңде барлық заттар мен құбылыстар адамдарға ерекше әсерлі болады
және бұл жасөспірімнің есеюіне мүмкіндік береді.Л.Ф.Обухова өзінің
психологиялық зерттеулерінде «Жасөспірім тұлғасының ерекшелігі
психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры,жеткіншек жаста
қалыптасып қойған туындысы.Өзіндік жеке тұлғасына деген
қызығушылықтың күшейуі,сыншылдықтың көрінуі ерте жеткіншек жаста
сақталады,бірақ,олар мәнді өзгерістерге ұшырап,саналы түрде
бейнеленеді.Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында және
айырықша ерекшелігі өзіндік рефлексиясының күштілігінде
көрінеді»-деген.М.Ю.Красовицкий жасөспірімді барлық қатынас жағынан
ересек адам дей келе,бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта
алмаймыз,сондай-ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік
бейімделуі белсенді жүреді деген.Л.И.Рувинский мен С.И.Хохлованың
еңбектерінде жасөспірім шақта қоғамдық жүйедегі көзқарасқа
байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды,бірақ та
әлемге деген көзқарасын толығымен пайымдай алмайтындығы
қарастырылған.Ш.Бюллер жасөспірімдік кезеңді позитивті және
негативті фазаларға бөліп қарастырады.Негативті фазаға
пубертанттылық кезеңдегі жеткіншектердің дамуын,позитивті фазаға
өмірге деген қызығушылықтың пайда болуын,адамға деген ыстық
сезімді,табиғатты түйсінуді жатқызады.М.И.Шардаков жасөспірімдік
кезеңде адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге
психологиялық тәуелділігі қалыптасып,жасөспірім өмірге ой жүгірте
бастайды және соның арқасында ортаға кіреді,әр затпен дүниеге
таңдау жасау арқылы тұтынушыға айналады,өз иелігіне қажетті
заттарды жинай отырып,әр түрлі құндылықтарды
жинайды,ақыл-ой,адамгершілік пен әлеуметтік жағынан есейеді деген
пікірде.Э.Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының
бір кезеңі деп қарастырса,Э.Шпрангер өзіндік сана сезімді құнды
бағыт-бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы
деп санаған.Жасөспірімдік кезеңде баланың өсуі мен дамуында жаңа
өзгерістер пайда болады.Ұл балалар мен қыз балалардың дене
бітімдерінде жыныстық-ағзалық жетілуімен тікелей байланысты
айырмашылықтары айқын байқалады.Зат алмасу қарқындығы
артып,қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі және барлық
физиологиялық үрдістер жедел жүреді.Жасөспірімдік кезең адамның
жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды кезеңі.Жасөспірімнің жеке басы
дамуының аса маңызды факторы-өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі.Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді
игеруге,үлкендермен және жолдастарымен,ақырында өзінің жеке басы
мен өзінің болашағын және ниетін,мақсаты мен міндетін жүзеге асыру
әрекеттерін жобалауға бағытталады.Жасөспірім шақта аяқ басқан
баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана сезімнің
дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады,осының арқасында бала мен
ортаның арасындағы қатынас бұзылады.Жасөспірімнің өзі туралы енді
бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады.Ол өзін
ересекпін деп сезіне бастайды,ерексек болуға және өзіне жұрттың
осылай деп қарауына ұмтылады.Өтпелі кезеңнің психологиялық
ерекшеліктері мінез-құлық модельдерін анықтайды.Кіші жасөспірімдік
кезеңде балаларға тән мінез-құлықтың жағдайлық бұзылулары
кездеседі.Ол психикалық инфатилизм құбылысы және мидың
резидуалды-органикалық бұзылуы тән жасөспірімдерге де
қатысты.Мінез-құлықтың арнайы жасөспірімдік формалары
бөлінеді.Жасөспірімдердің әлеуметтік есеюін дамыту,болашақ өмірге
даярлау қоғамдық тұрғыдан өте қажет.Бұл уақытты және
жасөспірімдердің ересектерге арналған нормалар мен талаптар
жүйесінде өмір сүруін талап ететін күрделі үрдіс.Тұлғаның
дербестенуіне қажетті әр түрлі міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен
байланысты жағдайларда ғана жасөспірімдер ересектерге іс әрекет
етуге,ойлауға,алуан түрлі міндетті орындауға,адаммен қарым-қатынас
жасауға үйрене алады.
А.В.Мудрик жасөспірімдік кезеңінің ең басты
жағдайы екіжақтылық пен қарама-қайшылық деген.Ең алғаш
жасөспірімдердің мінезіндегі бірнеше негізгі қарама-қайшылықтарды
амбиваллленттілік(екі жақты құбылмалы)пен
пародоксальдылық(кенеттен,аяқ асты)негізінде
сипаттаған.Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік аяқ
шалысқа,шектен тыс көңілділік уайымға,өзіне сенімділік ұялшақтық
пен қорқынышқа,жоғарғы деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт
төмендеуі ашық қарым-қатынастыққа,өте нәзік сезімталдық
апатияға,өткір құштарлық бірбеткейлікке,оқуға деген ынта
белгісіздікке,бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар
болады.Жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана-сезім»кризисі деп
сипаттайды.Текосыны басынан өткеріп,жасөспірім өзіндік дербес
сезіміне ие болады.Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі
әлемін тану»мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты.Әлеуметтік
дамыған тұлға тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстануымен ғана
емес,белгілі бір топтарға,ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға
бағытталғанымен де ерекшеленеді.Құндылықтар обьект жайлы біліммен
және оған деген қатынастан тұрады.Психологиялық тұрғыда өзіндік
анықталған тұлға дегеніміз-өзінің нені қажет ететіндігін
(мақсаты,өмірлік жоспары,идеясы),жеке басының дербес
қасиеттерін,қолынан не келетінін саналы бағалай алатын
субьект.Аталған элементтер тұлғаның мінез бітістерін,іс-әрекетінің
дәрежесін,бағыттылығын,интенсивтілігін анықтайды.Өз мүмкіндіктерін
ашуда қоғам,топ талаптарын саналы бағалау арқылы ұжым шеңберінде
белсенді іс-әрекет етеді.Әлеуметтік маңызды іс-әрекет жасауға
даярлығы,шынайы іс-әрекеті,қарым-қатынаста субьектіні қабылдау және
қарым-қатынасты жаңғырту сынды дағдылары да
қалыптасады.Жасөспірімдік кезеңнің негізгі ерекшелігі-дамудың
барлық жақтарындағы өзгерістер.Осы кезеңде адамның өз беттілігі
өмірге деген дайындығымен анықталады.Жасөспірімнің
дүниетанымы,кәсіби іс-әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтық
маңыздылығын нақтылау аяқталады.Факторлар әсерінен тұлғаның
қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынасы
өзгереді.Әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы
іс-әрекетке,оқуға деген қатынасы өзгереді.Белгілі бір болашақ
мамандыққа деген байланысы қалыптасады.Осы кезең жасөспірімнің
үлкендермен мінез-құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін
көрсетеді.Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылысы,белсенді түрде
үлкендер арасынан өзі ұқсағысы келетін адамды іздеуі
жасөспірімдердегі «идентификацияның»туындауын сипаттайды.Өзіндік
сана-сезімі мен өзін-өзі бағалауы белсенді түрде қалыптасып,өз
тұлғалық қасиеттеріне және қоршаған адамдардың бағалауына
қызығушылық пайда болады.Жасөспірімдік
кезеңдегіәлеуметтік-психологиялық және биологиялық
жағдайы,ересектік кезеңге өтуіне байланысты,психикалық
ерекшеліктердің өзгеруі мен басқа қасиеттердің пайда болуы бір
қатар психикалық қиындықтарды тудырады.
Белгілі кеңес психологтары мен
педагогтарының:
Л.С.Выготский,Д.Б.Эльконин.Л.И.Божович.Л.В.Мудрик,В.А.Сухомлинский,И.А.Невскийдің
еңбектерінде жеткіншек кезеңнің қауіп-қатерлі топқа енетіндігі
баяндалған.
Балаларға тән мінез-құлық
формаларына
гиперкомпенсацияекомпенсация,имитация,протест,қайтару
реакциялары жатады.
Жасөспірімдік мінез-құлық
формалары:қызығу,топтасу,эмансипация реакциялары,сонымен қатар
суицидті мінез-құлық,транзиторлары сексуалды
девиация,қаңғыбастық.
Қорыта айтқанда,қазіргі кезеңдегі
жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайға
бейімделуіне,мінез-құлықтарының қалыптасуына,тұлға ретінде дамуына
әсерін тигізетін тиімді жолдарын көрсету мен анықтауда басты
проблемалардың бірі болып табылады.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
мінез-құлқы мен тұлғасын зерттеу,әлеуметтік маңызы
бар,қасиеттерінің қалыптасуы мен даму деңгейі жәнемінез-құлқының
тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жұмыстарды және шараларды
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдердің психикалық дамуын анықтауда
қолданылатын әрбір зерттеу әдісінде міндетті түрде анық шешілетін
тапсырманы,обьектінің таңдалуын,мәселені қалыптастыру,қолданылатын
ұғымды анықтап алу,сонымен қатар барлық қолданылатын әдістер
жүйесін белгілеп алу қажет.