Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі және құқықтық сауаттылығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоғамның дамуы тек экономикаға байланысты емес. Елдің қаншалықты алға басқаны оның азаматтарының құқықтық сауаттылығынан да көрінеді. Заңды білу, оны сыйлау және құқығың мен міндетіңді түсіну – өркениетті мемлекеттің негізі. Осындай мәдениет ең алдымен жастардың бойында қалыптасуы керек. Өйткені бүгінгі жас – ертең шешім қабылдайтын азамат, ата-ана, маман, тіпті ел басқаруға араласатын тұлға.

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – жай ғана заң баптарын жаттату емес, бұл – азаматтық ойлау жүйесін, жауапкершілік пен әділдікке деген ішкі ұстанымды тәрбиелеу. Құқықтық мәдениет қалыптасқан қоғамда адамдар заңнан қорыққаннан емес, оны саналы түрде құрметтегеннен орындайды. Ал мұндай деңгейге жету үшін құқықтық түсінік адамның бойында ерте жастан қалыптасуға тиіс.

Қазір құқықтық мәдениет мектептегі бір пәнмен шектелмейді. Ол адамның күнделікті өмірдегі әрекетінен, өзгелермен қарым-қатынасынан, қоғамдағы ситауцияларға көзқарасынан көрінеді. Адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығын таптамау керектігін түсінгенде ғана құқықтық мәдениет туралы айтуға болады. Бұл – тұлғаның ішкі мәдениетінің бір бөлігі.

Соған байланысты, Қазақстанда бұл мәселенің маңызы күннен-күнге артып келеді. Мысалы, 2025 жылы Алматы қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған 330-дан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам жас қатысты. Бұл түрлі форматтағы семинарлар, пікірталастар, құқықтық викториналар, онлайн дәрістер мен құқық қорғау органдарымен кездесулер арқылы жүзеге асты. Дегенмен, әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, елімізде жастар мен жалпы халықтың құқықтық сауаттылығы әлі де ақсаңдап тұр. Мәселен, Қазақстан азаматтарының орта есеппен 25–30 %-ның құқықтық сауаттылығы төмен. Яғни, заң нормаларын түсіну мен қолдану дағдылары жеткіліксіз.

Бұған себеп — құқықтық білімнің тек теориялық деңгейде қалып, өмірлік тәжірибемен байланыспауы. Жастар ақпаратты интернет пен әлеуметтік желілер арқылы алады. Бірақ ондағы ақпараттың сапасы әртүрлі, заң нормалары бұрмаланып көрсетілетін жағдайлар да кездеседі. Мұндай ақпараттық орта жастардың құқықтық бағдарын шатастырып, заң нормаларын бұзу қаупін арттыруы мүмкін.

Оған мысал ретінде қарапайым студентті алсақ болады. Бір колледж студенті алғаш рет жұмысқа тұрған кезде қуанып, ұсынылған еңбек келісімшартына көз жүгіртпестен қол қоя салады. Жұмыс беруші «бәрі заңды, уайымдама» деген соң, ол сеніп қалған. Бір ай өткен соң жалақысы уәде етілген сомадан әлдеқайда аз болып шығады. Студент ренжігенімен, ештеңе дәлелдей алмайды. Себебі келісімшартта сынақ мерзімінде жалақы төмен болатыны жазылған, ал ол құжатты толық оқымаған. Осы жағдайдан кейін ол заңгерге жүгініп, өзінің еңбек шартымен танысуға, сұрақ қоюға және әділ талап етуге толық құқығы бар екенін біледі. Сол кезде ғана ол бір нәрсені түсінеді: заң адамды қорқыту үшін емес, қорғау үшін керек. Тек оны білу және қолдана білу қажет.

Бұл қарапайым оқиға бір адамның ғана емес, мыңдаған жастың басынан өтетін жағдай. Құқықтық мәдениет дегеніміз – дәл осындай сәттерде өзіңді жоғалтпай, өз құқығыңды білу.

Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі маңызды. Мектептерде «Құқық негіздері» пәнінде жастарға заң әлемінің негізгі түсініктері оқытылады. Бұл заң нормаларын оқу мен түсіну кезеңі ғана емес, құқықтық мінез-құлықтың алғашқы сатысы. Жоғары оқу орындарында бұл білім нақты салалармен — еңбек құқығы, азаматтық құқық, авторлық құқық, интернет қауіпсіздігі сияқты пәндермен үйлестіріледі. Бұл жастардың заңды күнделікті өмірде қолдануына мүмкіндік береді.

Құқық пен заң туралы әлем ойшылдары Иммануил Кант: “Ешкімнің еркіндігі басқаның құқығын таптауға себеп болмауы керек”- десе, Платон: “Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ ”- дейді. Бұл заң мен құқықтың өз құндылығын ешқашан жоғалтпайтынын дәлелдейді.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда бірнеше орта бірдей рөл атқарады. Отбасы – баланың ең алғашқы әлеуметтік мектебі. Үйде әділдік, тәртіп, жауапкершілік құндылықтары сақталса, бала оны қалыпты өмір салты ретінде қабылдайды. Мектеп пен колледждерде берілетін құқықтық білім өмірмен байланысты, нақты жағдайлар арқылы түсіндірілсе ғана тиімді болады. Ал жоғары оқу орындарында академиялық адалдық, авторлық құқық, еңбек заңнамасы сияқты маңызды тақырыптар жастардың саналы көзқарасын қалыптастырады.

Ең маңыздысы – жастардың өз ұстанымы. Құқықтық мәдениет сырттан ғана берілмейді, ол адамның жеке таңдауы арқылы қалыптасады. Жалған ақпарат таратпау, біреуді қорламау, заңсыз әрекетке үнсіз қалмау, өз құқығын да, өзгенің құқығын да құрметтеу – осының бәрі құқықтық мәдениеттің көрінісі.

Осылайша, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бұл болашаққа жасалған ұзақ мерзімді инвестиция. Заңды түсінетін, әділдікті бағалайтын, жауапкершіліктен қашпайтын жас ұрпақ қалыптасса, қоғамда сенім де, тәртіп те, тұрақтылық та нығаяды.





Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент: Р.С. Жақсылықбаева



.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі