Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру: ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік пен мәдени сана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру: ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік пен мәдени сана

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың құқықтық мәдениеті – заңды білу мен оны күнделікті өмірде саналы түрде қолдануды қамтитын маңызды құндылық. Қазіргі жағдайда әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату, құқықтық жауапкершілікті түсінбеу жастар арасындағы құқықтық түсініктің төмен екенін көрсетеді. Құқықтық білім беру, медиа және мемлекеттік институттардың бірлескен әрекеті бұл мәдениетті қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, ал құқықтық мәдениеттің дамуы қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігінің кепілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру: ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік пен мәдени сана


Қазақстан қоғамы дербес мемлекет ретінде қалыптасып, құқықтық мемлекет құру жолында көп қадам жасады. Бірақ заңдар мен ережелер жазылған қағаздан тыс, жастардың құқықтық мәдениетті білуі өзекті мәселе. Жастар құқықтық мәдениетке ие кезде ғана заң мен мораль арасындағы үйлесімділікті сезіне алады, құқықтық тәртіпті ішкі ұстаным ретінде қабылдайды.

Қазақстанда құқықтық мәдениеттің қалыптасуына құқықтық білім беру, мемлекеттік саясат, қоғамдық білімдік іс-шаралар және ақпараттық орта әсер етеді. 2022 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметі атап көрсетілген: жастар саясатын ғылыми қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылық пен әлеуметтік белсенділікті арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізеді және ұсынымдар әзірлейді.


Құқықтық білім беру мен құқықтық мәдениетті дамыту саласында нақты практикалық қадамдар бар. Мысалы, Шығыс Қазақстан университеті студенттер арасында «әділ қоғам – адал азамат» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік, адалдық пен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы пікірталастар жүргізді. Сонымен қатар осы оқу орнында прокурорлық органдар мен полиция өкілдері қатысқан «Students for Law» форумы өтті, оның негізгі мақсаты жастарды құқықтық тәрбиелеу және қоғамдық қауіпсіздікке тарту болды.

Бұл іс-шаралар тек құқықтық білім берумен шектелмейді. Оқушылар мен студенттерге заң нормаларын түсіндіру, құқықтық жауапкершілікке қатысты нақты жағдайларды талқылау, өз пікірін білдіре алу мүмкіндігін беру – құқықтық мәдениеттің ең өзекті бөлігі. Жастар заң нормаларын меңгергенмен, оның күнделікті өмірде қалай жұмыс істейтінін түсінуі маңызды.


Құқықтық ақпаратты іздейтін жастар саны өсуде. 2024 жылғы зерттеу бойынша жастардың шамамен 63 %-ы интернеттен құқықтық ақпарат іздейді, бірақ олардың көпшілігі ақпараттың қайдан алынғанына мән бермейді және заңды дереккөздерді дұрыс айыра алмайды. Бұл құқықтық ақпарат сапасының маңыздылығын айқындайды және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда сенімді дереккөздерге сілтеп, түсіндірудің қажеттілігін жеткізеді.


Қазір жастардың құқықтық ақпаратқа қызығушылығы артқанымен, оны дұрыс қолданып жатқан жоқ. Әлеуметтік желілерде пікір жазу барысында кейбір жастар өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін ескере бермейді. Әсіресе соңғы жылдары Instagram мен TikTok желілерінде жалған ақпарат таратып, басқа адамның ар-намысына тиетін мәлімет жариялаған жағдайлар жиі кездесуде.

Мысалы, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар тізімінде Алматыдағы жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желілерде біршама адамдар шындыққа жатпайтын хабарлама таратты. Бұл ақпарат жалған табиғи апат туралы жаңалықтар ретінде көрсетіліп, адамдарды дүрліктірді. Прокуратура қызметкерлері бұл әрекеттерді анықтап, 1995 және 2006 жылы туған екі әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мұндай әрекеттер Қазақстан заңнамасы бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі әбден мүмкін.


Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің төмендігі кейбір заңсыз мінез-құлық пен құқықтық нигилизмге әкеледі. Сарапшылар құқықтық сауаттың төмендігін қоғамдағы қате түсініктер мен сенімдердің негізіне жатқызады. Яғни, жастар құқықтық нормалар мен жеке жауапкершілік туралы қорытынды қабылдағанда, ақпараттың қайдан алынғанын және оның қандай заң нормасына негізделгенін білмейді. Ұлттың құқықтық санасы жоғары болғанда ғана заң нормаларының мағынасы терең қабылданады.


Құқықтық мәдениетті тек білім беру мекемелерімен шектеліп қалмай, медиа, қоғам ұйымдары және мемлекеттік институттар бірігіп қалыптастыруы тиіс. Ақпарат кеңістігінде құқықтық тақырыптарды түсіндіретін журналистикалық материалдар, қоғамдағы құқықтық іс-шаралар туралы нақты репортаждар жастарды заң мен мораль арасындағы байланысқа саналы түрде тартуға мүмкіндік береді.


Қорыта айтқанда, жастар арасындағы құқықтық мәдениет – бұл заңды білу. Құқық нормаларды түсініп, оларды күнделікті іс-әрекеттерде жүзеге асыру қабілетін арттыру. Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің негізін қалыптастыратын маңызды компонент. Заң мен құқықтық мәдениет – әрбір азаматтың санасында тұрақты орын алған кезде ғана қоғам толық құқықтық мемлекетке айналады.



Материалды дайындаған: Мейірқұл Күнсұлу, Нұрлыбай Аяна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 3-курс студенттері

Жетекшісі: фил ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі