Материалдар / "Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл – сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Бұл үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асыру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл білім берудің барлық деңгейлеріне енгізілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
1020
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл – сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Бұл үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асыру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл білім берудің барлық деңгейлеріне енгізілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (6 жасқа дейін) – бала отбасында тәрбиеленіп жатқанда, сондай-ақ, балабақшада жүргенде айналасындағы әлем туралы танып біледі. Осы кезеңде рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтар қалыптасып, қоғамдағы мінез-құлық нормалары анықталады.

Екінші кезең (7-ден 18 жасқа дейін), бұл мерзім адамгершілік мәдениет, сондай-ақ, абырой, ұят, абырой, мейірімділік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттер қалыптасатын төменгі, орта және жоғары мектеп жасын қамтиды.
Бұл кезеңде сыбайлас жемқорлық пен оның зияны, құқықтық сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы идеологиялық сипаттаулар мен ұғымдарды қалыптастыру, заңды құндылықтарды, наным-сенімдерді, заңдылықты дамыту өмірлік жағдайларды шешуде тәжірибе алу дағдыларын дамыту қажет.

Үшінші кезең (студенттік шақ). Осы кезеңде қазақстандық патриотизмді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді өмірлік көзқарас қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жеке тұлғаның құрылуының барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өту қажет.

Отбасы – бұл бүкіл қоғам берік байланысқан, әлеуметтік институт. Отбасы – бұл барлық бастамалардың бастауы. Тұлға болып қалыптасуда отбасының алар орны басым. Отбасында мектепке дейінгі жастағы баланың мінезінің, оның әдеттерінің негізгі ерекшеліктері қалыптасады. Ал кішкентай бүлдіршіннің қандай азамат болып өсетіндігі отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей байланысты. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек, өйткені, бұл оның сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне әсер етеді.
Ата-ананың басты міндеті – өз балаларын қоғамға пайдалы етіп өткеннің дәстүрлеріне құрмет көрсету рухында тәрбиелеу. Отбасында адал еңбек адамгершілік негізі ретінде үстем болуы керек, ал содан кейін ғана біз тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші қорғанысты қоямыз.
Қазақстан Республикасының дамуы, халықаралық аренаға шығуы, дамыған елдердің қатарына енуі жас ұрпаққа байланысты. Осыған байланысты жастар толығымен жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді, бірнеше тіл білетін және сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмайтын болуы керек. Әрине, ар-намыс, қадір-қасиет, әділдік, адалдық сияқты жоғары моральдық қасиеттерге ие адам заңды ешқашан бұзбайды және өз халқына лайықты қызмет етеді.
Бұл қасиеттердің барлығы бастапқы сатысында балаға, әрине, отбасында беріледі. Сондықтан, ата-ана баланы тек қана кәмелеттік жасқа дейін материалдық тұрғыдан ғана қамтамасыз етіп қоймай, рухани құндылықтарды санасына сіңіріп тәрбиелеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу – отбасының негізгі жауапкершілігі. Көптеген ғалымдардың айтуынша, бала ата-анасының айнадағы бейнесі іспеттес, сондықтан ата-ана баласына мысал болуы тиіс. Отбасындағы қарым-қатынас неғұрлым жоғары және таза болса, соғұрлым ол бала тәрбиесіне әсер етеді, яғни, тұлғаны физикалық, моральдық тәрбиелеудің және еңбекке баулудың нәтижесі жоғары болады.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт - дәстүр мен әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!