Тойбекова Раушан
Болысбековна
Алматы
қаласы,
Алатау
ауданы
№179
жалпы білім беретін
мектеп
Жастар – кез келген
қоғамның болашағы
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты,
Қырандай күшті
қанатты —
Мен жастарға
сенемін!, -деп Мағжан ақын жырлап кеткендей, жастар-еліміздің
болашағы. Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар
буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік
сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да
мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы.
Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Жастар — бұл
мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын
ұрпақ өкілдері.
Тәуелсіздіктің туы көгімізде шарықтағалы бері Елбасымыздың әр жыл
сайынғы жолдауы халыққа қарай жол тартады. Бұл жолдаулар – өзін
патриотпын деп санаған азамат пен азаматшаның жүрегіндегі еліне,
жеріне деген махаббатын оятатын бірден – бір
құжат.
- Біз
Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар
мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекет саясатының
басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға
арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды
платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп
жариялауды ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.
Елбасымыздың бұл жолдауын жас мамандарға жол ашқан,
еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса
маңызды жолдау деп санаймыз . Ұлт Лидері қойған негізгі міндет-
еліміздің өркендеп, дамуы барысында негізгі рөлде - жастарды бөліп
қарастыру. Бүгінде, 3D-принтинг секілді жаңа технологиялар
мен салалар, онлайн сатылымдар, мобильді банкинг, сандық қызметтер
прогрессивті жастардың арқасында тың қарқынмен даму үстінде.
Себебі, жастар жаңашылдыққа ұмтылады, өзіндік бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға тырысады. Жас адамдар жаңа заманның
сұранысына жылдам бейімделеді. Бүгінде республикамызда білім беру
әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру,
заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа
жаңашылдыққа баса назар аударылуда. Осының барлығы дерлік кең
ауқымдағы жетістікке жету жолында барлық алғышарттары бар біздің
жастарды қоғамның қозғаушы күші ретінде
танытады.
Сонымен, сөз басында
айтып өткеніміздей, 2019 жыл- Елбасымыздың бастамасымен «Жастар
жылы» деп жарияланды. Осы бастаманы қолдап, тың серпінмен іске
асыру мақсатында Алматы қаласы , Алатау ауданы бойынша «2019
жыл-Жас мамандар жылы» деп аталып отыр. Қазақ халқы үшін ең басты
талап, шарттардың бірі- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену
екені баршамызға аян. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман бәсекеге
қабілеттілік жолында тез қарқынмен дамып барады. Жаңа заманның жас
мамандарға қояр талабы да өз ісіне беріктік, адалдық, өз ісінің
білікті , шебер маманы бола білу, өз тәжірибесін жетілдірудегі
табандылық пен ізденімпаздық.
Ал ауданымыздың
биылғы жылды «Жас мамандар»жылы деп жариялауының өзі-еліміздің
өркендеуіне қосып отырған зор үлесі деп білуге болады. Бұл жерде
ұстаздардың алар орнын ерекше атап өтуге болады. Себебі жаңа
заманға бейімделген, білікті де білімді жас мамандарды даярлап
шығаратын ол-әрине,ұстаздар.Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ
шәкіртінің бойына өз еліне деген сүйіспеншілік пен жанашырлық
сезімін сіңдіре білу арқылы жастардың өз елінің болашақ білікті де
білімді, заман талабына сай маманы болып қалыптасуына жол салады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бүгінгі таңдағы мұғалімдердің, оның
ішінде білімі мен білігі қатар жүретін жас маман ұстаздардың
Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыруда ерекше рөл атқаратындығы
нақтыланып тұр.
Жоғары оқу орнын
бітіріп, жас маман ретінде жұмысын бастаған маманға қолдау көрсету-
өз ісіне машықтанған тәжірибелі мамандардың міндеті. Бұл үрдіс
біздің Алатау ауданы, №179 жалпы білім беретін мектеп ұжымында да
сақталған. Мектебімізге жыл сайын оқу орнын бітіріп келген жас
мамандар жұмысқа орналасып жатады. Олардың қатарында, Сембай Аида,
Әлібек Салтанат, Чатеева Ақжан, Әлібек Назерке, Зияда
Айжан,Бейбітова Гүлжанат, Рамазанов Ақжол, Маханбетова Айдана
сияқты өз ісін сүйіп атқаратын жас мамандарымыз бар. Жас
мамандарымыздың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру,
көңіл-күйін көтеру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал
қалыптастыру арқылы көмек көрсету мақсатымен мектебіміздің
тәжірибелі ұстаздары жас мамандарға тәлімгерлік бағыт-бағдар
береді.Жас мамандарымыздың әрқайсысына тәлімгерлер белгіленіп,
оларға сабақ өту барысында ,түрлі жұмыстар атқаруда мейлінше
әдістемелік көмек беріп отырады.Жыл сайын мектебімізде «Жас
мамандар айлығы» ұйымдастырылып,жастарымыз тәлімгерлерінен үйренген
іс-тәжірибелерін жинақтап, түрлі тақырыптарда үлгілі сабақтар
өтіледі, аудандық, қалалық түрлі сайыстарға қатысады. Атап өтер
болсам, Әлібек Салтанаттың 6- сыныбында биология пәнінен өткізген
«Жемістер. Жемістердің таралуы» тақырыбындағы ашық сабағы ,
Бейбітова Гүлжанаттың 7 «в» сыныбында А.Байтұрсыновтың туған күніне
орай өткізген әдеби кеші, Әлібек Назеркенің қазақ тілінен 5 -
сыныбында «Төрт түлік» тақырыбында өткізген ашық сабағы өте қызықты
өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Чатеева Ақжан қалалық «Адал
ұстаз» байқауына қатысып, арнайы мақтау қағазына ие болды. Жас
мамандарымыздың мақтанышпен атап өтерліктей іс-шаралары өте көп.
Жас мамандарымыздың келешекте өз ісінің білгір маманы болып
шығатынына мектеп ұжымы сенімдіміз .