400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар тәрбиесі – қазақы салт дәстүрде ​​

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүр біздің өміріміздің үлкен бір бөлшегі.Салт-дәстүр дегеніміз – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әр елдің салты,наным – сенімі әр түрлі болады.Біреулер отқа табынса,біреулер пұтқа табынады.Ал қазақтардың салт-дәстүріне келетін болсақ, қазақ халқы салт дәстүрге өте берік халық деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салт-дәстүр біздің өміріміздің үлкен бір бөлшегі.Салт-дәстүр дегеніміз – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әр елдің салты,наным – сенімі әр түрлі болады.Біреулер отқа табынса, біреулер пұтқа табынады.Ал қазақтардың салт-дәстүріне келетін болсақ, қазақ халқы салт дәстүрге өте берік халық деп есептеймін. Қазақтарда салт дәстүр өте көп. Бірін білсек,бірін білмейміз.Мысалы: сүйек жаңғырту,сүйінші сұрау, тұсаукесер, шілдехана, бесіктой, беташар секілді дәстүрлеріміз сонау ата бабамыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр. ​​​

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесінеде көп көңіл бөлген. «Тәрбие басы тал бесік» демекші, балаларын ерте жастан қадағалап, салт дәстүрмен тәрбиелеген. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар да аз емес. Мысалы: тоқым қағу, тана тағар, сүндет той, атқа мінгізу, нақыл, тыйым сөздер, үлгі берерліктей ертегі, аңыздар, мақал-мәтелдер, т.б. Менің ойымша баланы салт-дәстүр арқылы тәрбиелеу тапқырлық болып табылады. Қазіргі жастардың да тәрбиесі салт-дәстүрдің мойнында деп есептеймін.Себебі, қазір 21 ғасыр, шыны керек бұзылған жастар аз емес. Алайда осы әдіспен тәрбиеленген ата-әжелеріміз жастарға әдет-ғұрыптарды насихаттап, айтып отырса, өнегелі,ақылды,мейірімді,адамгершілігі мол ұрпақ тарбиеленіп шығатыны сөзсіз. Бұған мын өлең жолдары дәлел бола алады:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.​​​

Менің ойымша болашақ, жастардың яғни біздің қолымызда. Сол себептіде жастардың тәрбиесі, алға қойған арман - мақсаттары маңызды деп есептеймін. Бұл әлемді көркейтетін де жастар деп сенемін. Ата - бабаларымыз үшін өнегелі ұрпақ тарбиелеу басты міндет болған. Ал менің ойымша өнегелі жастар тәрбиелеу салт-дәстүрдің қолында. Еліміз дамып, дамыған отыз елдің қатарына енуге батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт - дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып – халқымыздың асыл қазынасы, ұлттық айнасы. Бізге аманат болған ұлттық құндылықты көзіміздің қарашығындай сақтап, оны құрметтеу һәм болашақ ұрпаққа үлгі ету – біздің басты міндетіміз.





Қорытындылай келе айтқым келетіні, салт-дәстүр біздің өміріміздің ажырамас бір бөлшегі . Оны дәріптеп,насихаттап,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің қолымыда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі