|
Жастарды еңбекке баулу-отбасында берілген
тәрбиеден бастау алады.
«Еңбек түбі-береке» деп халқымыз еңбек ету
арқылы мағыналы өмір сүруге болатынын нақтылайды. Адамды дамытудың,
тәрбиелеудің басты құралы еңбек. Еңбек адамның күшін ғана дамытып
қоймайды, оның ойын дамытып, мінез-құлқын қалыптастырады. Адамды
құрмет пен абыройға бөлейтін де еңбек.“Бала тәрбиесінің ең үлкені –
оны еңбекке баулу.Қазіргі бәсекелестік өріс алған кезеңде
ерінбей еңбек етіп, елдің дамуына үлестерін қосқандардың бәсі биік
болатындығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан жас буынды еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Отбасында, бала-бақша
мен мектеп қабырғасында баланың еңбектің әр түріне қызығушылығын
ояту, жанұядағы еңбекке араластыру, яғни үлкендерге
көмектесуге үйрету өзекті. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік
бағдар, жас өскіндердің қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей
қатысуы жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан
қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Тәуелсіз еліміздің болашағы - жас буынды еңбекке тәрбиелеу
арқылы өмірде өз орнын тауып, белгілі бір кәсіппен шұғылдануына,
отбасын асырап, елдің дамуына үлесін қосуға жетелейді. Өскелең
ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге бағытталған шараларға сәйкес, қарапайым
еңбек адамдарымен кездесулер ұйымдастырылып, қарапайым мамандық
иелерінің жетістіктері кеңінен насихатталуда. Техникалық және
кәсіптік мамандық иелерінің қоғамдағы орны, еңбегімен
ауданның даңқын асырған тұлғалардың қол жеткізген табыстары мен
жетістіктері туралы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланып, әлеуметтік желілерге жүктелуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы
Жарлығымен “Еңбек күні” мерекесі тағайындалды. Ол жыл сайын
қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл мереке еңбек
адамының беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмысшы
мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды көптеп
тартуға, жұмысшылар сабақтастығын көпжылдық дәстүрді нығайтуға
қызмет етуде.
«Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және
мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның
еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының
негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз» деп Тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тек еңбекпен ғана
жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.Беталысы күнде
өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген,
өзгермейтін құндылықтар бар.
Ол – білім! Ол – еңбек! Сондықтан өсіп келе
жатқан жас ұрпақ еңбекке бейім болса, еліміз өсіп өркендеп,
бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығая түседі.
|