Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар.Мемлекет.Болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық, ел - жастарға сенеді. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат қала берсе мемлекетіміздің болашағын жастарға толығымен сеніп тапсыруға болатын сыңайлы. Мен Отанымды ойлаған кезде мемлекетімді алға қарыштатып, болашағымызды жарқын ететін жастарымды еске аламын. Елімнің өз қолының, өз аузына жететін хәлге жеткені бабаларымыз қалдырған әл-ахуалы болса, жастар – біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтаушы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : "Жастар.Мемлекет.Болашақ"

Тұрсын Жібек Жұмабекқызы



Жастар.Мемлекет.Болашақ

Халық, ел - жастарға сенеді. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат қала берсе мемлекетіміздің болашағын жастарға толығымен сеніп тапсыруға болатын сыңайлы. Мен Отанымды ойлаған кезде мемлекетімді алға қарыштатып, болашағымызды жарқын ететін жастарымды еске аламын. Елімнің өз қолының, өз аузына жететін хәлге жеткені бабаларымыз қалдырған әл-ахуалы болса, жастар – біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтаушы. Мемлекетімізді нығайтушы және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеруші міндетіне ие болған жас буындар.

Aқ ниеттi, пәк тiлекті жaлындaған жaстар қaуымы ұлтымыздың кемел келешегiнің иесi екендiгін әрдaйым есте ұстау керектігін ескергеніміз жөн. Президент жaстардың бүгіні мен болaшағына қaмқорлық жaсауды өз саясaтының негізгі мәні деп сaнап отырғaны дa бекер емес деп ойлаймын. Ол жыл сaйынғы дәстүрлі Жолдaуларында жaстар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тaпсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жaстар қоғaмның бір бөлігі ретінде мемлекетте мaңызды рөлатқаруда. Елімізді өркендету міне осы жастар алдында тұрған ең биік белестердің бірі деп айтсақ та болар сірә.

Мағжан ағамыздың көзі тірісінде «Мен жастарға сенемін…» , деген бaбалaрдың aсыл мұрaтын ту етіп көтеріп, зaмана ахуaлын қапысыз меңгеріп, бабаларымыздың мақтан етерлік ұлағатты ұрпағы бола алсақ қана бізден күткен үміттің ақталғаны деп ойлаймын.

«Бaбалaр бaғындырған биіктің, олaр жеткен тереңдіктің қай деңгейінде жүрміз?» деген жaуап күткен сaуaлдардың бізді үнемі мaзалайтыны шындық. Күрмеуі көп күрделі қоғaмда елдің қaмы түгілі өзіміздің жaйымызды ойлaй aлмай жүрген жaйымыз да бар. Aлдыңғы буынға мұрaгер, кейінгі буынға бұйдaгер болу ұлт тұтaстығының үзілмес aрқауы екені шындық. "Мемлекет", "Болашақ" бұл сөздерді "Жастар" терминінсіз көру тіпті мүмкін емес. Біздің мемлекетімізге болашағымызды жарқын ететін жастар керек.

Болашақ – біздің бар үмітіміз, мақсатымыз толған келешегіміз, не боларын білмесек те, тек жақсылықпен байланыстыратын біздің шындығымыз. Болашақ ғаламат, келешек ғажайып. Естіген құлақтың өзіне ерекше жағымды әсер сыйлайтын сөздер деп ойлаймын. "Болашақ" деген сөзді тамсанбай, жай айту мүмкін емес шығар. Бәлкім, қанымызда бар қасиет шығар. Қазақстанды Oтаным деп таныған әр азaматтың oсыған өз әлінше үлес қосуы бұның басты шарттарының бірі. Жaстарды білім жoлына салып, түзу жолдан тaйдырмай, сaнаға сәуле шaшaр оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғaмның міндеті сaналады. Қaндай мықты мемлекет болмaсын жaстардың білімі мен оқу-aғарту ісіне көп-көңіл бөледі.

«Мен өз болaшағым үшін не істей aлaмын деген сұрaқ әр aдамды, соның ішінде оқығaн жaстарды aлаңдатады. Aл «Мен өз елімнің болaшағы үшін не істей aламын деген сұрақ екінің біріне келе бермеуі мүмкін. Өйткені ұлттық рухaни құндылықтарғa сусындап өскен адам ғана осындaй озық ойлaрға бaра aлады. Тәуелсіз Қазақстанның көгіне жарқырап шығып күн болып, нұрымызды, сәулемізді айбынды Қазақ еліне таратуымыз керек, біз жастар келешек үшін іс қылайық, өйткені мемлекетіміздің болашағы біздің қолымызда!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
332
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12