Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жасынын оқу оқып, өнер қуған
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы білім беретін мектеп КММ
«Мағжан оқулары» байқауы
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы
Зерттеу жобасы
Зерттеу тақырыбы :
«Мағжан Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңінің тілдік ерекшеліктері»
Орындаған: Тұрғын Асылай Сәкенқызы – 10 –сынып оқушысы
Жетекші: Бекенова Ұлжан Лесбекқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2024 жыл
Мазмұны:
-
Кіріспе -------------------------------------------------------------------------- 4-5
-
Негізгі бөлім:
-
М.Жұмабаев өлеңдеріндегі символ өрнектері ------------------ 6
-
«Сырдағы Алашқа» өлеңінің тілдік ерекшелігі --------------- 7-8
-
«Сырдағы Алашқа» өлеңінің жаңашылдығы ------------------ 9
-
-
Қорытынды -------------------------------------------------------------------- 10
-
Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------------------------- 11
Аңдатпа
Бұл зерттеу жұмысында оқушы ақын М.Жұмабаевтың «Сырдағы алашқа» өлеңін жан-жақты талдап, терең зерттеген. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын, тілдік ерекшелігін анықтағвн. Ақын өлеңдерінде ең көп кездесетін негізгі тілдік ұғымдардың қолданылу мақсатын айқындаған. Өлеңнің тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, өз көзқарасын білдірген. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаған.
Өлең құрылысын талдап көрсеткен.Өлеңнің жаңашылдығына баға берген.
Аннотация
В данной исследовательской проекте проанализировано и глубоко изучено стихотворение М.Жумабаева «Сырдагы Алашка». Ученица определила тему и идею стихотворения, языковые особенности. Она определила цель использования языковых понятий, которые часто встречаются в стихотворениях поэта. Оценила историческую и художественную ценность поэмы и высказал свою точку зрения.
Проанализировала структуру стихотворения.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевты басқа ақындардан ерекшелеп тұратын - оның нәзіктік пен лирикаға толы өлеңдері. Лириканың да жоғары мәдениетін көрсете білген ақын өлеңдері өз оқырманын тез баурап алады. Заман өзгерді . Кешегі Алаш зиялылары ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы ұғымы жарыққа шықты.Мәңгілік елдің тілі, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары ашықтан ашық насихатталатын заман туды. Дегенмен, «Ұлт болашағы», «Ұлт тағдыры», «Ұлттық құндылықтар» деп ұрандап, жар салғанмен, жастарда жалын мен жігер жетіспейтіндей көрінеді. Дәл осы тұста М.Жұмабаев:
«От дегенің аспан ғой
Аспан жерді басқан ғой
Жер дегенің –көр ғой ол,
Көрді сүйген - өлген ол» - деп жырлап, жалыны оттай жастарды биікке бірге самғауға шақыратын арман ақынға айналғандай. Қазақ халқының ішінде өзі де аспанға, яғни биікке ұмтылатын, Алаш атын да аспанға шығарғысы келетін қазақ жастары азайып кеткен бе? Жастарды жалынды жырларымен жарқын болашаққа бастаған Мағжан Жұмабаевтың от өлеңдері өз дәрежесінде насихатталып жатыр ма? Ақынның «Жатыр», «От», «Мен кім?» деген өлеңдері тереңіне бойлап оқыған адамға рухани күш береді. Осындай ерекше пафос есіп тұрған өлеңдері жастардың ұранына айналу керек емес пе? Өмірден өзі де от боп жалындап өткен ақын өлеңдеріндегі әрбір сөз, әрбір ұғым терең зерттелуі керек. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі де осында жатыр.
Зерттеудің мақсаты: М.Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңін жан-жақты зерттеу, өлеңдегі негізгі ұғымдардың мағынасы мен қолданылу мақсатын зерделеу, жаңашылдығына баға беру.
Міндеттері:
-
М.Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңінің жазылу тарихын, негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау;
-
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау;
-
Өлеңнің тілдік ерекшелігін талдау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру.
Жаңашылдығы: «Сырдағы Алашқа» өлеңінің дәл қазіргі уақытта «Мәңгілік ел» жастарын жігерлендіретін, ерекше пафоспен айтылып, жүрекке жеткізетін құдіреті жеткілікті. Ұлттық құндылық деп есептеген барлық қазынамызды сақтап қалу үшін өлеңде айтылғандай жастардың жаны отпен аласталып, әлемдік биік деңгейге ұмтылуға дем береді.. Өлеңде көтерілген мәселенің жаңашылдығы осында.
Күтілетін нәтижесі: М.Жұмабаевтың азаматтық лирикаға жататын өлеңдері көп. Бұл өлеңдердің негізгі идеясы мен ондағы «от», «аспан», «жер», сияқты т.б. тілдік ұғымдардың мағынасы мен мақсаты не екенін жастарға түсіндіріп, талдап көрсетсек, болашақта М.Жұмабаевтың сөздері қазақ жастарының ұлттық ұранына айналады. Қазақ әдебиетінде Мағжантану ғылымы кеңейіп, оқырмандары арта түседі. Қазақ жастарының рухани дамуына ерекше күш береді.
-
М.Жұмабаев өлеңдеріндегі символ өрнектері.
Мағжан Жұмабаев – сыршылдық пен нәзіктіктің жаршысы, өзі жырлағандай ұлы даланың «от» боп жалындап өткен ұраншысы. Болашаққа өзіндік үнін жеткізуде ақынды ерекше символист деуге болады. Ол қазақ поэзиясына «От» пен «Күн» ұғымын алып келді. Мағжандағы От – « жарқырау мен жанудан» танбайтын толассыз әрекеттің, зұлымдықпен бітіспейтін, қараңғылыққа төзбейтін жанын Отпен аластаған Алаш күрескерінің, өр рухтың символы.
«Көздерінде от ойнаған, сөздерінің жалыны бар» жастарға сеніп өткен Мағжан ұстанымы Алашқа ұран салу болды. Осы ұранмен бір күні «Алаш атын аспанға шығарар» деп сенген ақын үміті ақталғандай. Себебі, ел тәуелсіздігін алды, Алаш жастары мәдени жаһандану жолында күресіп жатыр, өнер мен білім, мәдениет өсіп, дамып жатыр.
М.Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңінде осы «От» тағы да қаймықпай күресудің, таптауға берілмеудің, азаттыққа ұмтылудың символы ретінде көрініс тапқан:
Шаппағанға шаң жұқпас,
Шаппағанға қан жұқпас.
Күйдірем десең, өзің күй.
Отқа табын, Тәңір-От,
Оттан басқа тәңір жоқ.
Сөзім Сырдағы алашқа:
Жаның жасып, кірлеген,
Отпен аспанға өрлеген,
Жаныңды, алаш, аласта!
Қарап тұрсаңыз, «шашасына шаң жұқтырмау үшін тек алға қарай шабу керек» деген түйінді ой айтады. От боп күйдіру үшін өзің күй дегені-жалындап, жігерленуге шақырғаны.
Бұл өлең 1925-1929 жылдары қазақ елінің астанасы Ақмешіт болған кездерде жазылған. Жаны теңсіздік пен надандықтан кірленген елдің отпен арақатынасы туралы Мағжантанушы ғалым Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы былай дейді:
«От пен күн бір-бірімен тығыз байланысты, жарық пен жылу беретін қасиеттері ортақ. Күн от тәрізді өртеніп тұрады. Бағзы заманда от жарық беретін күн көзінің бір бөлігі деп таанып, отқа табынған.Ежелгі тұрғындардың Отқа табынуы кейін ислам дінімен кірігіп, бүгінгі тұрмысымызда « шырақ жағу, аластау, отқа май салу ғұрпынан көрініс тауып отыр. Оттың қазақ халқының дүниетанымындағы алатын орнының ерекшелігі мағжан Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» (Алаш зиялыларының Қызылорда қаласы астана болған жылдары Қызылордаға бет бұруы кезінде жазылған) өлеңінен анық көрінеді:
«Атаң Отқа табынған,
Өзің бірге бағынған.
Тәңірің оттан боп үміт,
Атаң отқа табынған,
Атаң отқа май салған,
Жан ба еді жыннан тайсалған?»- деген өлең жолдары қазақтың оттың қасиетін тануы атадан балаға беріліп келе жатқан дәстүр жалғастығы екендігінің дәлелі» [2]
2.2. «Сырдағы Алашқа» өлеңінің тілдік ерекшеліктері
М.Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңінің тілдік ерекшелігі автор стилінің бағытын көрсетекендей. Негізгі тақырыпты ашу үшін ақын көк пен жер, от ұғымдарын қолданған. Рухани тазару мен жаңаруды негізгі идея етіп алып, оны «аластау» ұғымымен жүзеге асырады. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасап көрейік.
М.Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңіне сатылай кешенді талдау:
Авторы: Мағжан Жұмабаев
Тақырыбы : Болашаққа талпыныс, рухани тазалық
Идеясы : надандықтан тазару, жаман ойдан арылу, қиындыққа берілмеу
Жанр түрі: поэзия (өлең)
Шумақ: 5 шумақ
Тармақ: 30
Бунақ: 2 бунақты
Атаң отқа // табынған
Өзің бірге //бағынған
Буын: 7-8 буынды
А-таң от-қа та-бын- ған 7
Ө-зің бір-ге ба- ғын- ған 7
Тә- ңі -рің От -тан боп ү- міт 8
А- таң От- қа та -бын -ған 7
Ұйқас: ерікті ұйқас, шұбыртпалы ұйқас
Әдеби теория:
Метафора:
От дегенің - аспан ғой
Бір дегенің – жер ғой ол,
Жердегенің – көр ғой ол.
Отқа табын, тәңір - от
Тұрақты тіркес: Шашасына шаң жұқтырмау (Шаппағанға шаң жұқпас, шаппағанға қан жұқпас)
Символ: от, аспан, жер.
Риторикалық сұрау:
Жан ба еді ол жауға жалынған?
Жан ба еді ол жыннан тайсалған?
Түсіндірме сөздік:
Жаһұт-асыл тас.
Ажы- қажы.
Жақұт жапқан ажыдан,
Жанын жасып кірлеген - бұл жерде бетіңе ғана жылтыраған адамдар туралы айтылып тұр
Аласта- рухани тазару, бәле жаладан арылу
Атаң отқа май салған- шамандық қалдықтары. Жаңа түскен келін үйге кірерде отқа май салады. Бұл жаңа өмірге деген талпыныстың белгісі.
Тәрбиелік мәні: М.Жұмабаевтың «Сырдағы Алашқа» өлеңі қазақ азаматтарын бірігуге, мойымауға, тәуелсіздік жолында күресуге шақырады. Ата-бабамыздың қандай азапты күндерде де «жаудан да, жыннан да тайсалмаған» ерлігін насихаттайды. Жастық шақта от боп жалындап, жігерленуге, надандықтан арылып, өнер мен білімге, жетістіктерге қол жеткізуге үндейді. Болашақ жастардың қолында екенін ескертеді.
-
«Сырдағы Алашқа» өлеңінің жаңашылдығы
М.Жұмабаевтың «Сырдағы алашқа» өлеңінің жаңашылдығы көтерілген мәселенің әлі күнге дейін өзекті мәселе екендігінде.
М.Жұмабаев ең алдымен өзі өмір сүрген дәуірдің өкілі. Қазақ тарихының бұл кезеңі «Абай дәуірі» және «Жәдиттік қозғалысы» деп жүктеуге келетін өзара желілес, сабақтас сатылардан тұрады. Бұл сатылардың сипатты белгілері ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында дәуірдің бірегей мәдени стилін белгіледі. Әдебиет ғасыр басындағы мәдени өмірдің синкретті мазмұны ретінде осы стильдің өнебойында жетекші рөл атқарды.
Мағжан Жұмабаев міне, дәуірдің мәдени стилін танытқан осындай бірегей тұлғалардың бірі. Ақын дәуірдегі күрмеулі мәселелерді, әсіресе әлеуметтік, елшілдік мәселелерін көркем шындыққа айналдыру барысында өзіндік дара стильге ие болды. Мағжанның бұл қолтаңбасы өткен көркемдік тәжірибесін өзінше игерумен, сондай-ақ әлем мәдениеті жасақтаған игіліктерді өз шығармашылығының көрігіне салып, қорытып, пайдалана білудегі бітімімен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктерді оның шығармашылық жүйесінде біржағынан мәдени стиль жасақтаушы бөліктер функциясын, екінші жағынан төл мәдениетті өзге мәдениеттермен үндестіруші қызметін атқарған.
Бұл тұрғыда Мағжан Жұмабаев шығармаларының этномәдени негізі айрықша мәнге ие. Ол қоғамдық прогресті, оған мәдениетті негіз етуді халық тілінен, төл әдебиеттен бастап, осы көзқарасты көркемдік принципке айналдырған қаламгер. Сөйтіп, ол қазақ мәдениетінің гинетикалық нәрі ұлттық қайнарда жатқанын өз шығармашылығы арқылы дәлелдеді және ауыз әдебиеті үлгілерін әлеуметтік мақсатта пайдалана білді.
«Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – мәдениеттер үндесуінің жарқын үлгісі. Мағжанда мәдениеттер келісетін де тұстар баршылық. Мұның өзі заңды да. Әсіресе синкреттілігі, өзге мәдениетті өз ішінде қайта қорытып алу жағынан түркі мәдениеті өзгелерден өзгеше тұр. Исламның суфизм бағытының қазақ бақсылығы мен контоминациясын да осы тұрғыдан бағалау керек. Бұл кірігу Мағжан шығармаларында, әсіресе оның лирикасында күшті көрінеді.» [4]
Қорытынды
Зерттеу жұмысының нысаны болып отырған М.Жұмабаев шығармашылығы болғандықтан, оның жалпы өзінің авторлық идеясын іздеуге тырыстым.
Ағарту – Алаш зиялыларының өзек жарды мәселесі болғанын білеміз. Бірақ бұл бағыттағы Мағжан ақынның айтары ашық. Оның өлеңдерінен ғасыр үнін естіледі.
Сөзім Сырдағы алашқа:
Жаның жасып, кірлеген,
Отпен аспанға өрлеген,
Жаныңды, алаш, аласта!
Бұл – Мағжанның жігерлендіруі .Дәл осы орайда Абайдай терең күрсінбей, алға қарайды.. Сол қатерлі отқа қанаты күйдіру- Мағжанның философиялық тоқтамы. Соңы Абайдан алдыңғы ақындар қолданған «ақ өлеңмен» тұжырымдалады. бұл өлеңнің көркемдік шешімі. Яғни, Мағжанның түршіл болуына негізінен Абай түрткі болды. Дегенмен, Мағжантанушы ғалымдар Мағжан Жұмабаевтың өзіндік мәдениеттанушылық көзқарастарын тақырып төңірегінде былай топтап қарастырған тиімді деп көрсетеді:
-
Ұлы суреткердің шығармашылығын дәуірдің мәдени стилі проблемасының аясында алып, оның дара стилінің қалыптасу процесі;
-
Ақынның көркемдік дүниетанымы мен ізденістерінің халықтық рухани мұрасынан тамыр тартудың, яғни олардың этномәдени негізі;
-
Бүкіл әлемдік ауқымда ойлайтын қаламгердің туындыларындағы мәдениеттердің үндесуі.
Мағжанның мәдениеттанудағы орны бөлек.
Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбегі қазақтың ояну дәуірінің ауқымында толықтай танылады.
Ұсыныс:
-
Жыл сайын “Мағжанның ұлттық мотивациясы” тақырыбында жастар форумы өткізілсе;
-
М.Жұмабаев өлеңдеріндегі негізгі ұғымдар бойынша сурет байқауы ұйымдастырылса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Жұмабаев . Екі томдық таңдамалы шығармалары. А, «Жазушы»2010ж.
2. qasim.kz.Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы «Мағжан философиясы». Мақала.
3. https// massaget.kz. Мағжан поэзиясындағы символизм.
4.https//bilim-all.kz “Сырдағы Алашқа»
5. Қазақ әдебиеті. 11-сынып. А, «Мектеп», 2016,

