Жасырын үндер: ерекше балалардың қоғамға бейімделуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасырын үндер: ерекше балалардың қоғамға бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада есту қабілеті бұзылған балалардың қоғамға бейімделуіндегі психологиялық ерекшеліктер қарастырылады. Ерекше балалардың ақпаратты қабылдаудағы, қарым-қатынас пен эмоциялық дамудағы қиындықтары талданып, оларға кешенді қолдау көрсету бағыттары ұсынылған. Зерттеу барысында әлеуметтік бейімделу, эмоциялық қолдау және педагогикалық тәсілдер арқылы балалардың өзіне деген сенімін арттырудың тиімді жолдары көрсетіледі. Авторлар инклюзивті білім беру жүйесінде арнайы психология пәнінің маңызын айқындай отырып, мұғалім мен ата-ананың рөліне назар аударады. Мақаланың нәтижесі ерекше балалардың әлеуетін ашу мен қоғамға толыққанды қосылуына жағдай жасаудың маңыздылығын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Жасырын үндер: ерекше балалардың қоғамға бейімделуі

Бүгінгі таңда әр баланың қоғамға толыққанды енуі, өзін сенімді тұлға ретінде сезінуі аса маңызды. «Әр бала – болашақтың бір бөлшегі, әрі отбасы үшін ең қымбат қазына.» Баланың дамуына, тәрбиесіне жасалған көңіл тек отбасы емес, тұтас қоғамның болашағына әсер етеді. Бала – ата-ананың өміріндегі басты қуаныш, олардың арманы мен үмітінің көрінісі.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Арнайы психология» пәні аясында дамуы қиындықтары бар балалар мен олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсету әдістерін оқытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл пән студенттерге терең білім беріп, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызады.Адамның тұлға болып қалыптасуында ұстаздың рөлі зор. Ұстаз – білім нәрімен сусындатып, балаға бағыт беретін тұлға. Біз осы пәнді меңгеру барысында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы, PhD Гүлнұр Нұрсайынқызының еңбегін ерекше атап өтеміз.«Психология» пәнінде қарастырылатын өзекті тақырыптардың бірі – есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық ерекшеліктері.

Есту қабілеті төмен дамыған балалар ақпарат қабылдауда, қарым-қатынас жасауда және қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болады. Оларға кешенді қолдау қажет, ол бірнеше бағытты қамтиды:

  • Қарым-қатынас қажеттілігі. Дыбыстық сигналдарды қабылдауда қиындық тілдік дамудың кешігуіне әкелуі мүмкін.

  • Эмоциялық қолдау. Өздерін толыққанды сезінбеу, қоғамнан оқшаулану балалардың психикалық жағдайына кері әсер етеді.

  • Білім және өзін-өзі дамыту мүмкіндігі. Танымдық дамуы тежелген балалардың оқу үлгерімін арттыру үшін арнайы әдістемелер қолданылады.

  • Әлеуметтік бейімделу. Қоғаммен байланыс орнату балалардың өзін-өзі тануына және тұлғалық дамуына оң әсер етеді.

Есту қабілеті төмен балаларға көмек көрсету психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік бағыттарды біріктіре жүзеге асырылады. Бұл баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның әлеуетін арттыруға бағытталған.Қорытындылай келе, естуі нашар дамыған балаларға көрсетілетін психологиялық қолдау – олардың өмірлік мүмкіндіктерін кеңейтіп, қоғамға толыққанды кірісуіне жол ашатын маңызды құрал. Эмоциялық қолдау, коммуникациялық дағдыларды дамыту, ата-аналармен жұмыс және әлеуметтік бейімделу тренингтері арқылы балалар өзіне деген сенімін қалыптастырады, қоғамдағы орнын табады. Біз, ересектер, балалардың болашағы үшін жауаптымыз. Дер кезінде көрсетілген қолдау олардың потенциалын ашып, өмірін жеңілдетеді.

Ерекше балалардың болашағына сеніммен қарайық!

Shape2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD, доцент м.а., Г.Н. Борбасова

«Психология» мамандығының 2 курс студенттері

Shape3



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2025
22
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі