Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мəдени-əлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһанданудың өзектілігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК


ЖАНГАБУЛОВА АНАР АСИЛХАНОВНА

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы, тренер


Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мəдени-əлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мəлім.

«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген.

Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.

Мәдени бірегейлі - жаһандану, ықпалдасу процестері, біртұтас әлемдік нарықтың орнау, еркін тауар, капитал айналымы, ақпарат таралымы жағдайында этникалық мәдениеттердің болуымен байланысты туындайтын мәселелер. Жаһандану теоретиктері жақын болашақта сапалы түрде жаңа адамның және қауымдастықтың ғаламдық түрінің мегақоғам, мегамәдениет, суперэтностың пайда болуы жайлы аз айтып жүрген жоқ. Алайда, жаһандану, интернет және өзге де жаңа ақпарат құралдары жаңа адамды, яғни, этностан және жетекші өркениеттен, сондай-ақ тарихы мен мәдениеті сан ғасырдан басталатын ірі этностардан тыс адамды қалыптастыруға қабілеті жоқ. Мәдениеттер ықпалдасуы әртүрлі мәдениет аясында, мысалы, Батыс пен Шығыс (ислам әлемі, Қытай, Үндістан) мәдениеттерінде тәрбиеленген адамдардың өзара түсінісуін талап етеді. Міне, сондықтан да біртұтас мәдениеттің қалыптасуы, этностардың жалпыпланеталық суперэтносқа немесе "мегақоғамға" айналуы аса күрделі әрі күмән туғызады. Халықаралық байланыстардың, әсіресе, экономикалық қатынастардың күшеюіне орай, жаһандануды жақтаушылар, біріншіден, халықаралық қатынастардағы экономикалық факторды жөнсіз асқақтатады, екіншіден, жаһанданудың қарама-қайшылықты сипатын көзден таса қалдырып отыр. Жаһандану этникалық мәдениеттердің өзара ықпалдасуын және әрекеттесуін қарастырғанымен, ол мәдениеттер әркелкілігін жойып, бірегейлендіре алмайды. Этникалық сезім және этникалық ерекшелікті сақтап қалуға талпыну әрбір халықтың санасына сіңген. Адамзат баласының, жалпымәдени құндылықтардың және бағдарлардың бірлігіне қарамай, әсіресе, жетекші өркениеттер мен ірі этностарда этникалық мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін сақтап калуға негізгі алғышарттар жетерлік.

Біздің міндетіміз – жаһанданудың дəстүрліктен тікелей бас тартуын түсіндіру, қоғамға азаматтылықтың қазіргі стандарттарын, қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік серіктестігі түсінігін жеткізу болып табылады. Осыдан əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен пəндерге, ең алдымен, саясаттануға, құқық пен əлеуметтануға қазіргі қоғамның болашағына деген жауапкершілік түсіп отыр. Біздің алдымызда қоғамның дағдарыстан шығуы посткеңестік кеңістік қоғамының өтпелі кезеңін теоретикалық қамтамасыз етуді шешу міндеті тұр, біздің ойымызша, оның дамуы мен жолдары социомəдени негізде жатыр деп айтсақ та болады. Мұндай методологияға негізделген, дəстүрлі социомəдени құндылықтардың орталық зонасы қоғамның барлық саяси, құқықтық, əлеуметтік салаларындағы дəстүрліктің құралдары мен қазіргі тəсілдерін зерттеу болып табылады.

Еліміздегі жоғары жəне орта білім беру жүйелері заманның жаңа талаптарына сай құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл шаралардың басты мақсаты – əлемдік білім беру мен ғылым кеңістігіне кіру. Əрине, бұл əрекеттердің тиімді жақтарын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ білім беру тек жақсы маман дайындаумен ғана шектелмейтінін айта кетуіміз керек. Оның басты мақсаты – жан-жақты білімімен бірге үлкен азаматтық жəне əлеуметтік қасиеттерді бойына дарытқан тұлғаны қалыптастыру. Алайда жаһандану дəуіріндегі нарық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беруде адамдық қасиеттерден гөрі маман ретіндегі бағалану алдыңғы қатарға қойылатыны жасырын емес. Бұл білім беру өзінің кең мағынасындағы маңызын жоғалтып, «шектелген» немесе Г. Маркузе тілімен айтқанда, «бірөлшемді» адамдарды өндіру корпорациясына айналып кетпей ме деген сұрақты алға қояды.

Осы тұрғыда академик Ə.Н. Нысанбаевтың ортаға салған мына пікірі өте орынды деп ойлаймыз: «Мəдениет пен ғылым саласында либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының ықпалы артып отыр. Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен өзіндік мəдени мұраттары қатты қысымға ұшырауда, сондықтан олар өздерінің рухани мұраларын сақтап қалуға талпынуы керек. Бірақ, сонымен қатар олар батыс мəдениетінің нормаларымен де өзара əрекеттесіп, өзара толығуы қажет. Мəселе батыс мəдениетімен бəсекеге қабілетті болу үшін құндылықтарды қайта қарап, қазақ мəдениетін қайта жаңғыртып дамыту туралы болып отыр. Қарқынды өріс алып отырған жаһандану жағдайында, Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының конструктивті сұхбаты өте қажет. Өтпелі қоғамның мəдениет саласындағы күрделі қатынастарын реттейтін жəне халқымыздың мəдениетінің қайталанбастығы мен өзіндік сипатын қамтамасыз ететін заңдар қажет» Мəдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтау, қоғамдық жəне мемлекеттік тұтастықты сақтау ұлттың ішкі рухани əлеуетіне жəне шығармашылық қуатына байланысты. Ұлттың қалыптасуында ортақ тарихи жадымен бірге ортақ мақсат-мүдделер, идеялар да үлкен рөл атқарады.

Сондықтан қазіргі Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің болашағы осындай мақсат мүдделер мен идеялардың өміршеңдігіне жəне олардың интеграциялық əлеуетіне тығыз байланысты болары сөзсіз. Бұл, ең алдымен, Қазақстан мемлекеті мен қоғамның тарихи-субстанционалдық негізін құрап отырған қазақ халқына қатысты. Қазіргі қазақ зиялы қауымы мен саяси элитасы осындай ортақ мақсат мүдделер мен идеяларды өндіруге жəне іске асыруға қаншалықты қабілетті, көп мəселенің түйіні осыған келіп тіреледі.

Қортындылай келеп, егер мемлекеттер жаһанданудан туындайтын мәселелерді белсенді түрде шешуге тырсса , онда олардың жаһанданудан көрер жақсы жақтары көбірек болатын анық.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нысанбаев А.Н. Сущность глобализации и ее влияние на Республику Казахстан // Казахстан в условия глобализации: философско-политологический анализ. Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006 – 363 с. 82-121 бб.

2. Сексенбаев Б. Мəдени сабақтастықтағы тарих даналығы // Əлемдік мəдениеттану ойсанасы. Он    томдық.    10-том.  Қазақстанның қазіргі заманғы мəдениеттану парадигмалары. –Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б.

3. Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К и др. Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты. – Астана: Елорда, 2002. – 232 с.

4. Кенжакимова Г.А. Основы социологии: учебное пособие. – А., 2011. – 453 с.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2021
703
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі