Алматы облысы, Жамбыл ауданы
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Педагог дефектолог-логопед
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар оқушыларымен жүргізілетін түзету жұмысы
Жазбаша сөйлеу тілі – өте күрделі, жоғары деңгейде ұйымдасатын психикалық іс-әрекеті, ол ойды жазу арқылы белсенді жеткізе білуге, сондай – ақ жазылғанды түсінуге мүмкіндік береді.
Жазбаша тіл арқылы қарым – қатынасқа түсу қажеттілігі әр түрлі өмірлік жағдайда жиі күнделікті өмірде кездеседі. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы бастауыш сынып оқушыларында басқа бұзылыстармен салыстарғанда кең таралған. Оқу бастала салысымен мұғалімдер кейбір оқушыларда жазуды меңгерудегі қиындықтары байқала бастайтынын айтады. Олар өз кезегінде тұрақты қателерге айналып, дисграфия деп аталуы мүмкін. Жылдан жылға бастауыш сыныпта жазу бұзылыстары бар балалардың саны артуда.
Қ.Қ.Өмірбекова мен А.С.Тухышева [8] жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, атап айтканда 2- 4 сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің жағдайына салыстырмалы зерттеу жүргізе келе мынандай қорытынды жасаған болатын:
Сынып жоғарылаған сайын, қателердің жалпы санының азаю тенденциясы байқалды.
Бастауыш сынып оқушыларында көп кездесетін қате түрлері: екінші сыныпта шатастыру, тастап кету, орнын алмастыру, артық әріпті, буынды қосып жазу, үшінші сыныпта шатастыру, тастап кету, орнын алмастыру, бөлек жазу, ал төртінші сыныпта шатастыру және тастап кету, бірге жазу, бөлек жазу қателері жиі кездескен.
Бастауыш сынып оқушыларынан алынған үш жазбаша жұмыс (диктант, мазмұндама, көшіріп жазу) түрлерінің ішінде мазмұндама жұмысында қателердің басым түрде көп кездескенін байқаған.
З.А.Мовкебаева мен Г.Н Ибдиминова өздерінің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы білім беретін мектептің бастауыш, соның ішінде 2-4 сынып оқушыларының жазбаша жұмыстарында ерекше қателердің кең ауқымда таралғандығын анықтады. Ал, бұл жағдай өз кезегінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жазуындағы кездесетін ерекше қате түрлерін жою мақсатында логопедиялық жұмыстың қажет екенін нақтылай түседі.
Қ.Қ. Өмірбекова арнайы әдебиеттердегі деректерді және мақсатты жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін басшылыққа ала отырып жалпы білім беретін мектеп жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілінің бұзылуын түзету, яғни «логопедиялық сүйемелдеу» жұмысын тиімді жүргізудің келесідей педагогикалық шарттарын анықтаған:
жазбаша тілдің бұзылуына бейім балаларды ерте анықтау;
қамтып оқыту барысында жеке-дара ықпал ету;
бастауыш сынып оқушыларының жазуға, оқуға қажет алғышартын дамыту; 4) жалпы білім беретін мектеп жағдайында түзету педагогикалық үрдісін кешенді сүйемелдеу;
оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының ынтасын, қызығушылығын, сенімділігін қалыптастыруға бағытталған әр түрлі әдістерді қолдану;
түзете – оқыту үрдісін ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
түзету педагогикалық жұмыстың сапасын диагностикалау және мониторинг жүргізу.
Жазбаша сөйлеу тілінің алғышарттарын қалыптастыру орташа есеппен 6-7 жаста аяқталады. Алайда бұл жоғарыда айтылған баладағы психикалық функциялар мен үрдістер жетілген дегенді білдірмейді, бірақ олар оқуды бастау үшін жеткілікті екендігін көрсетеді. Жазудың психологиялық жүйесі жазу тәсілінен бірте-бірте жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, ойын жазбаша жеткізу жағына өзгеретін болады.
Қазіргі таңда дисграфияны түзету логопедияның ең өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Өз зерттеулерін логопедияның осы саласына арнаған ғалымдар - Р.И. Лалаева, В.А. Ковшиков, И.Н. Садовникова, И.Н. Ефименкова, Л.Г. Милостивейко, А.Н. Корнев және т.б. түзету жұмыстарын дисграфияның түріне сәйкес жүргізу керек деп есептейді [1-7].
Бұл тарауда біз мектеп оқушыларының жазу процесінің қалыптаспауы мен оны меңгерудегі қиындықтарын анықтауға арналған диагностикалық тапсырмалар және түзетудің кейбір тәсілдерін ұсынып отырмыз. Ұсынылған тапсырмаларды мектеп оқушыларының жазу процесіндегі кемшіліктерді анықтауда және түзету жұмысында логопед маманы мен бастауыш сынып мұғалімі толық немесе жартылай қолдануына болады.
Орфографиялық ережелерді қолдануға байланысты емес қателердің болуы дисграфияның негізгі белгісі болып табылатыны белгілі. Бұл қателер тұрақты сипатқа ие, олардың пайда болуы баланың зерде дамуының бұзылыстарына және білім беру мекемесіне келу-келмеуіне байланысты емес.
Қалыпты жағдайда жазу процесі келесідей сөзге қатысы бар және сөзге қатысы жоқ функциялардың жеткілікті деңгейде қалыптасуына байланысты:
дыбыстарды естіп ажырату;
дыбыстарды дұрыс айту;
дыбыстық талдау және жинақтау;
сөйлеу тілінің лексикалық- грамматикалық жағының қалыптасуы;
көріп талдау мен жинақтау;
кеңістік туралы түсініктері.
Бірінші сыныпқа балалардың кейбіреуі дайындықсыз келеді, олардың жазу мен оқуды өнімді меңгеруге қажетті функциялардың дамуындағы проблемалары байқалады. Оқушының жазуы туралы толыққанды ақпарат алу үшін, диагностикалық жұмысқа диктант пен көшіріп жазумен қатар, басқа да тапсырмалар ұсынылуы қажет. Олар тілдік талдау мен жинақтау дағдыларының қалыптасу деңгейін және өткен оқу жылында мектеп бағдарламасын толық меңгеруін бағалау. Бұл жұмыстан басқа оқушының үй тапсырмасын, сыныптағы, бақылау жұмыстарын орындауын бағалау қажет. Себебі, кейбір оқушылар аса таныс емес мұғалімді көргенде, күрделі тапсырманы орындау алдында қобалжиды, соның салдарынан өз мүмкіндіктерінен нашар орындап, қателер саны көбейіп кетуі мүмкін.
Кейбір жағдайда керісінше, диктантты жақсы жазғанымен, балалар сөздерді буындарға бөле алмауы да, дыбыстықәріптік талдау жасай алмауы да байқалады. Логопед оқушылардың қателерін нақты ажырата білуі қажет. Екінші сыныпта орфографиялық және пунктуациялық қателерді санап, жұмысты нашар жазса да бәрін жіпке тізудің қажеті жоқ. Алайда, қателердің сипатын, түрін ескеруі керек.
Ерекше назарын логопед оқушының парқ бетінде бағдарлау білігіне, идеограммды — еріксіз жазуына (аты, тегі, мекен- жайы т.б.). Сонымен қоса, тіл бірліктерін ажыратуына (сөйлем, сөздер, үстеулер), дыбыстық талдау қателері (тастап кету, қосып жазу, сөздің құрамын жеңілдету, алмастырулар, контаминациялар), акустикалық-артикуляциялық ұқсастығы бойынша шатастыру (дауысты, дауыссыз қатаң, ұяң, үнді, ызың, ысқырық, сонор Р-Л, африкат), кинетикалық сипаты бойынша алмастыру, персеверация, антиципация, аграмматизм (сөзжасам, басқару).
Аталған қателер түрлеріне қарай мына процестерінің дамымауын атауға болады: - психикалық және фонематикалық процестердің жетілмеуі; - сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының дамымауы; - көру және есту зейінінің, қабылдауы мен есте сақтауының бұзылуы; - бір әрекет түрінен келесіге ауысудағы қиындықтар.
Қ.Қ.Өмірбекованың «Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы» әдістемелік оқу құралында жазудың спецификалық қателері берілген, оны мектеп оқушыларының жазудын тексеруде ескерген жөн. Төменде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жазу бұзылыстарын диагностикалауға қажетті тапсырмалар берілген.
Кейбір тапсырмалар (мысалы, диктант) оқу жылында алынған алынбағаны маңызды емес. Тәжірибе көрсеткендей – бұл жазуы бұзылған оқушылар оқу жылында жазған жазба жұмысты қайталап жазса да, дұрыс жазбайды екен. Тапсырмалардың мақсаты – жазуды меңгеруіне кедергі болатын кез келген функцияның қалыптаспауын анықтау.
Логопедтің басты міндетінің бірі, әрбір оқушының жазу бұзылысы негізінде жатқан механизмдерді дұрыс белгілеу. Оқытудың әдістері мен ұзақтылығы осыған байланысты болады. Диагностикалық жұмыс оқу жылының басында және соңында жүргізілуі тиіс. Бұл жұмысты 2-4 сыныптарды жүргізілгені әбден дұрыс болады. Екінші сынып оқушыларының үлгерімі жөнінде нақты ақпарат алу үшін, диагностиканы 1-сынптың соңында жүргізу қажет. Әр бір жұмыс бір оқу сабағына есептелген (40 минут). Жалпы білім беретін мектеп оқушыларындағы дисграфияны түзету мақсатында, зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдап, қорытындылай келе, біз аталған балалармен түзете-тәрбиелеу үрдісіне қатысушы мамандарға келесідей ұсыныстар беріп отырмыз: Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі және логопед мамандарына арналған ұсыныстар
Логопед мамандарға
Мектеп оқушыларының жазу бұзылыстарын анықтауға арналған логопедиялық диагностикалық жұмыс (оқу жылының басы)
№1 Тапсырма
Ұсынылған әріптерден сөз құра:
ТАУАС
№2 Тапсырма
Айтқан сөздерді бағанға тізіп жаз: шана орман тырна өлке
Сөздерде қанша дыбыс және қанша әріп? Әр сөздің жанына жазып қой.
№3 Тапсырма
ОРАМАЛ сөзіне дыбыстық талдау жаса.
№4 Тапсырма
Сөздерді тында және тек көліктердің атауын жаз:
Пойыз, алма, машина, мотоцикл, автобус, алмұрт, трамвай.
№5 Тапсырма
Орамал сөзіндегі екпінді белгіле, буындарға бөл.
№6 Тапсырма
Диктант: «Біздің отбасы» Біздің отбасымыз үлкен. Отбасындағы ең үлкендері: әжем мен атам. Оларды біз қатты жақсы көреміз. Тағы отбасымызда анам, әкем, ағам, мен және қарындасым бар.
Мектеп оқушыларының жазу бұзылыстарын анықтауға арналған логопедиялық диагностикалық жұмыс (оқу жылының соңы)
№1 Тапсырма
Сөздерді тында және бағанға жаз: шие қылыш жүгіру бәйшешек қарындаштар
№2 Тапсырма
Айтқан сөздерді тізіп жаз: Сабақ, қолшатыр, оқушылар. Оларды тік сызықпен буындарға бөл.
№3 Тапсырма
Сабақ, қолшатыр, оқушылар сөздерінің бірімен сөз тіркестерін құрастыр (зат есім+ оның белгісі).
№4 Тапсырма
Сөздердің дыбыстық сызбаларын сыз: КЕМЕ, ЙОГУРТ.
№5 Тапсырма
Диктант: «Дүкен» Арман, Айдос, Жандос, Дина, Дана бесеуі ата-аналарымен дүкенге келді. Олар ең бірінші мектепке керек құралдарды көрді. Арман сөмкелерді көріп келіп, оның ішінде жасыл сөмкені таңдады. Ал Айдос пен Жандос қарындаш пен тасбояуларды қарады. Дина мен Дана сурет дәптер мен кітаптар алды.
Акустикалық дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар
1 Дыбыстарды ажырату
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту; есту, көру, тактильді, қозғалыс анализаторларын жұмысқа қосу. Дауыссыз дыбыстарды ажырату кезінде негізінен жұмысты мына кезектілік бойынша жүргізген дұрыс: есту, айту, ажырату, жазу.
Буындарды айту кезінде қолдың қимылын қатар алып жүру керек.
Мысалы: - Логопед ША деп қолын жоғары көтереді, СА деп төмен түсіреді. - Логопед балалармен бірге айтады және көрсетеді.
Логопед айтады және көрсетеді, бала қайталайды.
Логопед қолымен ғана көрсетеді және баладан қайталауды сұрайды.
Логопед тек қол кимылын көрсетеді ал бала буындарды айтады және қолын қимылдатады.
Логопед буындарды айтады, бала қолдың қимылын көрсетеді.
Бала өзі айтады, өзі көрсетеді.
2. Дыбысталуы бойынша сөзді тап
Бала дыбыстарды айтқан кезде тілдің қалпын үйренгеннен кейін, карточкамен жұмыс жасалады. Бір карточка «+» белгісі, екіншісінде «-» белгісі бейнеленген болады. Дауыссыз дыбыстар басталатын сөздерді айтамыз бала тілдің орналасуына байланысты карточкаларды көрсетеді, яғни жоғарыда болса «+», төменде болса «-». Ауызша жұмыстан кейін, баланың есінде қалған сөздерді жазып шығу ұсынылады.
3. Ерекше сөзді айт
Мақсаты: есту арқылы дыбыстарды ажыратуды үйрету; сөздерді дұрыс айтуды үйрету. Велосипед – велосипед – фелосипед – велосипед Фонтан – вонтан – фонтан – фонтан Автобус – автобус - автобус - афтобус
4. Зейін қой
Мақсаты: сөздегі дыбыс санын анықтау дағдысын дамыту Сипаттамасы: логопед допты лақтырып сөз айтады. Бала допты ұстап, сөзде қанша дыбыс барын айтады және сөзді жазады.
5. Сөздермен ойын
Мақсаты: жазбаша сөйлеу тіліне қатысатын барлық анализаторларды қосу; сөздерді дыбыстық және әріптік талдауды бекіту; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуды үйрету.
а) Сөзді шифрлап таста: дауыссыз дыбыстардың орнына сызықша қой, дауысты дыбыстар жаз: алма, сабын. Жауабы: а - - а, - а - ы –
ә) Сөзді тап. Балаға сөздің дауыссыз дыбыстары ғана жазылған сөздер беріледі: ш – н -, қ – с – қ. Жауабы: шана, қасық. Содан кейін балаға сөздерді, сөйлемді дәл солай жазып шығу ұсынылады.
б) Берілген әріптерден сөз құрастыр. п, д, о (доп), н, а, й, а (айна, ай, ана) және т.б.
в) Берілген сөздің әр әрпіне сөз ойлап тап МЕКТЕП. Мысалы: мысық – мамыр, етік – есік, көз – көрпе, терезе – тасбақа, емен – ескек, парта – піл.
г) 3, 4, 5, 6 әріптен тұратын сөздерді жазып шық. Мысалы: ата, шыны, шаңғы, шағала ғ) Жасырылған сөздерді тап, бір сөзбен ата: е, т, т, ә, п, і, б, ә, т, і, к, ш, к, е, і, п, и, ң, к, е, м, а (етік, тәпішке, бәтіңке, пима – аяқ-киім) т, а, е, ш, т, ң, е, ң, к, ү, с, р, т, е (таңертең, түс, кеш – тәулік)
д) «Араб хаты». Сөздерді дәптер бетінің оң жағынан бастап жазу. Бірақ сөздерді қалыпты түрде оқылу керек. Қысқа сөздерден, сөйлемдерден бастаған жөн. Мысалы: тас, бал, ара, көл, төрт, кесе, арба. Жүр ойнап доп балалар (балалар доп ойнап жүр)
Тілдік талдау мен жинақтаудың бұзылуы салдарынан пайда болған дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар
Тілдік талдау мен жинақтауды түзету бойынша жұмыстар сөйлемдегі сөздің санын, кезектілігін және орнын анықтау дағдысын қалыптастыруға алып келді.
«Корректуралық түзету» жаттығуы Бұл жаттығуға әріпі үлкен кітап қажет. Оқушы күнде бес минуттан көп емес уақыт жұмыс жасайды. Белгілі әріпті мәтіннен тауып сызып отырады. жаттығуды бір әріптен бастаған жөн, мысалы: «а», содан кейін «о», дауысты дыбыстардан кейін дауыссыз дыбыстар. 5-6 күннен кейін екі әріпке көшеміз, бір әріпті үстінен сызып, екіншісінің астынан сызу керек болады. Екі әріп жұп болуы қажет. Мысалы: «ұ/ү», «с/з», «б/п», «в/ф» және т.б. Кітапты бала оқымаған, таныс емес болғаны жөн.
«Дыбыстық талдау» жаттығуы (тапсырма сөзді алдын ала оқуынсыз жүргізіледі): - сөзге қара; - осы сөздің ортаңғы әрпіне қара (мысалы: ғ әрпі «сағат» сөзінде); - ортаңғы әріптің оң жағы мен сол жағындағы әріптерді ата (сол жақта «а», оң жақта «а»); - келесі әріптерді ата (сол жақта «с», оң жақта «т»); 20 - сөзді ата. Осылай бес-он сөзбен жұмыс жасағаннан кейін сөздік диктант алу керек.
Үлгіге қара (әріпті көрсету, сөзді көрсету), есіңде сақта, есіңде сақтағанды: - партаның бетіне саусақпен жаз; - айтып бер; - дәптерге жаз.
Суретке қарап белгілі сөз санына байланысты сөйлем құрау.
Сөйлемдегі сөздің орнын табу, сөзден белгілі дыбыстың орнын табу, сөзде қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс барын анықтау.
Мәтінді көшіріп жазу және бас әріп пен нүктенің астын сызу.
Сөзді буындарға бөл. Логопед балаға 2, 3, 4, 5, 6 буынды сөздерді айтады. Бала допты жерге ұріп сол сөзді буынға бөледі, содан кейін сөзді дәптерге жазады.
Суретте бейнеленген затты атап, буынға бөлу, сөздерді буын санына байланысты қатарға бөліп жазу.
Аграмматикалық дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар
Балаларды графикалық сызба бойынша сөйлем құрауға үйрету. Мен дүкенге бардым. — — — . Әсеттің әжесі бауырсақ пісірді. — — — — .
Сөйлемдегі қатені жөнде. Бала тереземен допты сындырды. Менің ағам кітаптан алған кітапхананы жоғалтып алды. Саңырауқұлақтан кейін жаңбыр өседі. Лақ қызға жем алып келді.
Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату, жазғызу. Тәтті алма, әдемі құлын, қызыл кілем
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Назира, жеді, бойы, бутерброд, жол. Нан, қойылады, алдымен, дастарқанға. Үшінші, біз, асханаға, кейін, ішуге, сабақтан, барамыз, тамақ.
Сызба бойынша сөйлем құра. кім? кіммен? қайда? не істеді? (анасымен, келді, кафеге, Асет)
Жалғау мен жұрнақтарды қойып шық. Көкөністер мен жемістер... жасалған тағам денсаулық... пайдалы. Себебі олар... құрамы... дәрумен көп.
Сурет бойынша әңгіме құрату.
Оптикалық дисграфияны түзетуге арналған тапсырмалар
Әріпті тап. - әріптерге мұқият қарап шық, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тап; - жасырылған «И» және «Й» әріптерін тап; - сызылған әріптерді ата. - дұрыс емес жазылған әріпті көрсет. - әріпке жетіспей тұрған элементін жаз; - таныс әріпті белгіле; - «Й» әрпі жазылған текшелерді ғана боя; - әріпті контур бойынша сызып шық.
Оптикалық дисграфияны түзету кезінде баланың пішін, түс, көлем ұғымдарын нақтылау жұмыстары жүргізіледі. Логопед түсі мен көлемі бойынша айырмашылығы бар геометриялық фигураларды көрсетеді (дөңгелек, сопақша, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш), балаларға түсі, пішіні және көлемі бірдей, пішіні мен түсі бірдей, пішіні мен түсі бірдей емес фигураларды табу ұсынылады.
Әріпті есте сақтап таяқшалардан жасау.
Белгілі әріп қанша элементтен тұратынын жазып көрсету.
Көп нүктенің орнына «а-о» әріптерінің тиістісін қой. (...сп...н, ...т, ...р...қ және т.б.).
Әріптер қатарын жалғастыр: у и у и и у и у и и ........
Сөздің құпия шифрын ашып, жаз: и – 2, ш – 3.
2не, 2нелік, 3ана, 3ыбын, 32е, 3ыр3а.
Берілген әріптердің ішінен И әрпін қызыл қарындашпен, ал Ц әрпін көк қарындашпен дөңгелетіп шық. И Н Т Л Ш Щ Ц П Ц И О И Ц Ц И И Ш Ц П Ц И У Ш Ч Щ Щ Ы Б Ш Ц Щ Э Д Ш Л Щ Щ И Ц Ф Ж Н Ц Ш И К У Ы Ц П И Е Р Ц Щ Ы И И И П Ш Н И Ц.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Корнев А.Н. Нарушение чтения и письма у детей. – СПб., 1997.
2. Лалаева Р.И. Логопедическая работа в коррекционных классах. – М., 2001.
3. Лалаева Р.И., Серебрякова Н.В., Зорина С.В. Нарушения речи и их коррекция у детей с задержкой психического развития. – М., 2004.
4. Лалаева Р.И., Венедиктова Л.В. Диагностика и коррекция нарушений чтения и письма у младших школьников. – СПб., 2004.
5. Ефименкова Л.Н., Садовникова И.Н. Исправление и предупреждение дисграфии у детей. – М.: Просвещение, 1972.
6. Ананьев Б.Г. Анализ трудностей в процессе овладения детьми чтением и письмом // Изв. АПН РСФСР. -1959. - Вып. 70.
7. Садовникова И.Н. Нарушения письменной речи и их преодоление у младших школьников. — М.: Владос, 2007, — 256 с.
Өмірбекова Қ.Қ., Тухышева А.С. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің жағдайы //Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Арнайы педагогика» сериясы «Ұлағат» баспасы.-№1.-44.- 2016ж.- 38бет.
Pay Ф.Ф. Устная речь глухих .- М.: Педагогика, 1973. -302 с
Боскис P.M. Теоретическое обоснование специального обучения языку .- М.: Просвещение, 1968. - 311с.
Основы логопедической работы с детьми / Под ред. Г.В. Чиркиной. — М.: Аркти, 2002. — 240 с.
Парамонова Л.Г. Предупреждение и устранение дисграфии.- Спб.- 2001. 13 Дайрабаев М. Шығарма жазу әдістемесі.- 1979.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз