Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазғы демалыс-жарқын әсерлер мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
№196 мектеп жанындағы жазғы алаң ашылуы жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жазғы демалыс – жарқын әсерлер мекені


Алматы қаласы Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектепте 2026 жылдың 1 маусым күні балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «ЭТНО Kids» жазғы алаңының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсімі Балаларды қорғау күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.


Мектеп ауласында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға барлығы 300 оқушы қатысты. Ашылу барысында ұйымдастырушылар мен топ жетекшілер өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, балалардың қауіпсіздігі мен белсенді демалысын қамтамасыз етті.


Бағдарлама аясында оқушылар үшін сауат ашу сабақтары, спорттық сайыстар, медициналық сауаттылыққа бағытталған танымдық сабақтар өткізілді. Әсіресе Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балмұздақ party» балалардың ерекше қызығушылығын тудырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Түскі астан кейін қатысушылар диско алаңына жиналып, көңілді әуен ырғағымен би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық жазғы алаң жұмысының басты нәтижесі болды.


«ЭТНО Kids» жазғы алаңы тек ойын-сауық ортасы ғана емес, сонымен қатар балалардың достық қарым-қатынасын нығайтып, жаңа ортаға бейімделуіне, бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беретін шығармашылық алаң болып табылады.


Алдағы күндері оқушылар үшін кинотеатрға бару, саябақта серуендеу және түрлі танымдық-мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне ықпал етеді.


Жаздың алғашқы күнімен басталған «ЭТНО Kids» жазғы алаңының жұмысы балаларға жаңа достар, жарқын естеліктер және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.


Жазғы алаң жетекшісі: Елшибекова Гулзат Есетовна



Изображение 1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12