Жазылым дағдысын қалыптастарудың маңызды тұстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазылым дағдысын қалыптастарудың маңызды тұстары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Осы жазылым дағдысын меңгеруде СТО технологиясының ұтымды жақтары мол деп ойлаймын. Осы бағытта қазақ тілін қосымша оқыту сабақтарына арнап, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға арналған мәтіндер бойынша сабақтар өткізудемін. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны  танымал адамдардың мынадай сөзі арқылы дәлелдеуге болады.

Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)

Мәтінмен жұмыс барысында үлгірімі жақсы оқушылар, мәтінің мағынасын тез айқындап, жанындағы үлгірімі төмендеу серіктестеріне түсіндіріп  үлгіріп жатқанын да көрдім. Сабақтың келесі бөлімдерінде «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, білімалушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

  • Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

  • Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

  • Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

  • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

  • Оқытушының уақытын үнемдейді

  • Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

  • Барлық  баланы оқытуға көмек береді;

  • Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;

.Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған жаттығу жиынтығы мен мәтіндерден бөлек жазылым дағдысын дамытатын қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Солардың бірнешеуін атап өтейік:                                          Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.

Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы , Топтастыру, Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.

Осы кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында  тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.

Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу» немесе «RAFT» стратегиясын Түртіп алу, ДЖИК СО , Талдау картасы  тәсілдерін қолдану тиімді деп ойладым.

    Ой толғаныс кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын қолданып жүрмңін.

Көбінесе орыс сыныбында тәлім алатын оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй жұмысына  жазуға кеңес беремін. Жазба жұмысын тексермес  бұрын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударамын.  Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Суммативті түрде  де бағаланады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп , дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн. Әдетте , ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады , ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.

Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы нәтиже береді. Тілдік қатысымды жетілдіретін шығарма,эссе жұмыстары оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, өздігінен ой қорытуға, шешім жасауға үйретеді Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

Қорытынды жасай келе айтарым, өз іс тәжірибемнен жаңа технологияларды қолданып өткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын, ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына септігін тигізетініне сенімдімін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2024
91
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі