Материалдар / Жазықтықтағы нүктенің координаталары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазықтықтағы нүктенің координаталары.

Материал туралы қысқаша түсінік
8 геометрия пәні бойынша мұғалімге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
847
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«З.Ахметов атындағы №16 орта мектебі»

Жазықтықтағы нүктенің координаталары.


Құзырлылық - бұл адамның белгілі бір мәселелер ауқымын шеше алу қабілеттілігі, ал қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы. Құзырлы мұғалім -оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білетін мұғалім. Сабақ табысты болу үшін «Оқушы үніне» құлақ асып, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылармен кері байланыс жасап отыру қажет. Нәтижесінде оқушы : -өмірдегі өзгерістерге бейімделе білуге; - қажет білім қорын өз бетімен алуды;
- алған білімін өмірде, түрлі проблемаларды шешуде қолдана білуді;
- өз бетімен сыни тұрғыда ойлай, сыни пікір айта білуге;

- алған білімді қоршаған ортада қайда, қалай қолдана алатынын қажеттігін сезінеді.

Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы нүктенің координаталары.

Сынып: 8 геометрия

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар, зерттеу, көз жеткізу, жұппен, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, маркер, слайдтық суреттер, фигуралар, сувенир, сандықша.

Мақсаты: кесінді ортасының координатасын формуласын білу, қолдану.

Міндеттері: - жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі туралы білімдерін кеңейту; - нүктенің координатасын салу іскерліктерін дамыту; - өз бетімен еңбектенуге, ізденуге ықпал ету; пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды топтастыру: Психолог И. Панариннің тест - сауалнамасы бойынша : 4 түрлі пішінді қалауларың бойынша таңдап алыңдар. Әр фигура нені білдіреді екен:
1-топ.Төртбұрыш - төзімді,өте еңбеққор, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.
2-топ.Үшбұрыш- көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.
3-топ.Тіктөртбұрыш - білуге құмар, жаңа идеяға жақын, ізденгіш жандар.
4-топ.Сопақ - өте мейірімді, өзгенің қайғысын, қуанышын бөлісуге даяр тұратын жандар.
Бүгінгі сабағымыздың нәтижелі болатынына сенімдімін, себебі өз қалауларыңмен алған фигуралар соның дәлелі. Кері байланыс бойынша өткен сабақ сұрақтарына жауап.

І. Қызығушылықты ояту. Сандықшаның ішінде не бар ? Жобалап көрейік... /Болжау стратегиясы/

Не екенін білу үшін «Суретші» ойыны

Жылқы. (14;-3), (6,5;0), (4;7), (2;9), (3;11), (3;13), (0;10), (-2;10), (-8;5,5), (-8;3), (-7;2), (-5;3), (-4;4,5), (0;4), (-2;0), (-2;-3), (-5;-1), (-7;-2), (-5;-10), (-2;-11),(-2;-8,5), (-4;-8), (-4;-8), (0;-7,5), (3;-5). Көзі (-2;7).

сандықшада - сувенир жылқы.

Үй тапсырмасы: оқушы шығармашылығы /координаталық жазықтықтағы нүкте жайлы/

Қорытынды: Жазықтықтағы нүктенің координатасы өмірде қолданыста.

ІІ Мағынаны тану. «Тұлғаны таны» ойыны. Портреттер бойынша сұрақ-жауап.

        1. Клавдий Птоломей грек астрономы - бэ ІІ ғасырында географиялық координатаны ендік пен бойлықты енгізген

  1. Готфрид Лейбниц неміс математигі - абцисса, ордината, координата сөзін алғашқы болып қолданған 17 ғасырдың соңында

  2. Гиппарх грек ғалымы - бэд 100 жыл бұрын географиялық координатаны санмен белгілеуді ұсынған

  3. Рене Декарт француз философы, математиг, физик- координаталық жазықтықты қолданған

Б) Кесіндінің ортасының координатасын табудың формуласын білеміз бе? Диаметрдің екі ұшының координатасын таба аламыз ба? Сурет бойынша табуға болады, сол арқылы формуланы өз бетімен қорытып шығарады.

DrawObject1 А(х11) , В(х2, у2) хо = 1 + х2 ) / 2 уо = 1 + у2 ) / 2 кесіндінің ортасының координатасын табу формуласы.

.

Сергіту сәті: иә, жоқ «математикалық диктант» Жоқ- қол көтереміз, иә - көтермейміз

Бір оқушы тақтада графикалқ диктант сызып тұрады.

1. өзара параллель екі ось координаталық жазықтықты құрайды

2. горизанталь ох осі- абсцисса деп аталады

3. Координаталқ осьтер жазықтықты ширектерге бөледі

4. Жазықтықтағы координатаны тек бір нүкте арқылы анықтауға болады /жоқ/

5. О нүктесі санақ басы ..

6. Нүктенің координатсы (+,+)болса, ІІ ширекте орналасады

ІІІ Ой толғаныс.

  1. Слайд бойынша нүктенің координатасын табуды бекіту.

  2. оқулықпен жұмыс №177. А(-3;4), В(2;-2) АВ кесіндісінің ортасының координатасын тап. ( -3+2 ) / 2 = -0,5 (4 – 2) / 2 = 1 Жауабы: (-0,5;1)

  3. РАФТ стратегиясы

Рөл

аудитория

формат

тақырып

оқушы

Бастауыш сыныпқа

Плакат, тірек сызба

Координаталық жазықтық

Інісі, сіңлісі

11 сынып ҰБТ

Формула, есеп

сынып жетекші

ата-ана

өтініш, эл пошта


4. Қорытынды: Нені үйрендім? Не таң қалдырды?

Бағалау. Сандықшадағы «алтынды» алу. Сары түсті қағазда: «Уақытты алтынға бағалайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта.» Мағынасын түсіндір.

Үйге тапсырма №173,№176, 60-63 бет

Кері байланыс: Астарлы әңгіме.

Бір дана адам болыпты.Шыжыған ыстық күні жолда оған құрылыс тастарын арбамен тасыған үш адамды кездеседі.Оларды тоқтатып жайларын сұрайды. Біріншісінен «Сіз күні бойы не істедіңіз?», деп сұрады. Ол күні бойы қарғыс атқан тастарды тасып жүрмін деді. Екіншіне: «Ал сіз күні бойы не істедіңіз?». Мен өз жұмысымды адал істедім- деп жауап қатты. Үшінші адам қуанышпен күлімсірей жауап берді: «Мен ғибадатхана құрылысына қатыстым!»деп.

Әркім өз жұмысын бағаласын. Бірінші адам сияқты кім еңбек етті? Адал жұмыс істеген кім? Ғибадатхана салумен айналысқан кім?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!