Жазушы Ілияс Есенберлин «Қаһар» шығармасындағы мақал-мәтелдердің қолдану түрлері
-
Кіріспе
Оқырманның назарын өзіне қаратқан «Көшпенділер» атты еңбектің қазақ халқы үшін маңызы мен мәні үлкен. Жазушы қазақ халқының басынан өткізген мұң мен мұқтажын, қуанышы мен шаттығын айна қатесіз нақты, дәлме-дәл жазған.
Жазушы тілі стильінің өзіндік ерекшеліктері мен басқа жазушылардан айырмашылықтарға толы. Өйткені сөздің құдіретін терең сезе білген, мәнін түсіне отырып, оқырманға оймақтай ой тастайды. Жазушының қарымы халықтың бүкіл өткізген оқиғасын үш томдық трилогияға сыйғызған.
Оның болмысы санамызда тарихи жазушы ретінде сақталады және әдебиет сахнасында мәңгі қалатын, мәңгі оқылатын, мәңгі өзіндік ерекшелігімен талқыға ұшырайтын еңбектерімен қазақ әдебиетін бір сатыға көтерген жазушы.
2. Талқылау.
Қазақ халқы да, өзге халықтар сияқты, атам заманнан сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасы, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер- мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей[27, 7 бет].
Зерттеуші-ғалым С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» атты монографиялық еңбегінде мақал-мәтелдер жайлы былай дейді: «Тілдегі мақал-мәтелдер- мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескеркіші, ұлт өмірінің айнасы»[3, 3 бет].
Қазақтың өткен тарихынан сыр шертер мол мұраларының бірі саналатын мақал-мәтелдерді жинап, оның баспа бетінен шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Бұлардың ең алғашқы жанашырлары Ш.Уәлиханов пен В.В. Радлов болып есептеледі. Ш.Ибрагимов қазақтың мақал-мәтелдерін 1874 жылы, А.Васильев 1892 жылы, В.Катаринский «Қазақтың мақалдар жинағын» 1899 жылы Орынборда, Ф.Плотников Омбыда, Мелиоранский 1893 жылы жинаған мақал-мәтелдерін археология қоғамының Шығыс бөлімінің еңбектерінде жариялайды. М.Исаков жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы Қазан қаласында басылған, Ә.Диваев жинаған мақал-мәтелдер «Туркестанские ведомоства» газетінде жиі жарияланып тұрған[27, 3-4 бет].
Қазақ мақал-мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыда топтастырылуын зерттеген ғалым Ш.П.Қарсыбекова мынадай тұжырым жасайды:
«Этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұнына қарай да алуан түрлі. Мақал-мәтелдер- халық арасына өте көп тараған жалпы тіліміздің қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін құрамдық бөлшек. Олар- шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер- жалпы тұрақты тіркес саласының ең көлемді, қолдану аясы кең, мазмұны тиянақты тарауы болып есептеледі. Кезінде мақал-мәтелдерді айтушылар болған. Олар- ұлы ойшылдар, ақын-жыраулар, шешендер, дана билер, қазылар, қысқасы ақыл-парасат иесі, өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлері»[28, 3 бет].
Тіл біліміндегі мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым саласы паремиология деп аталады. Қазақ паремиологиясының қалыптасу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
-
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады(Ы.Алтынсарин, Ә.Диваеав, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, т.б.)
-
Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен кезеңі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. әдебиетші ғалымдар зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты, Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Б.Шалбаев, Ө.Айтбаев, т.б. тілші-мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.
-
ХХІ ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның зерттеу нысанына айналып, антропоцентристік бағытта қарастырылуда.
Зерттеушілер мақал-мәтелдер, яғни паремиялар предикативтік типтегі кешенді сөйлесімдік құрылымдар ретінде фразеологияның шеңберінде емес, тілтанымдық дербес пән- паремиологияның зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы қажет екендігін айтады.
Қарсыбекова Шолпан Пернеқұлқызы «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолинг»
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді «аталар сөзі», «даналық сөздер», «нақыл сөздер», «ақыл сөздер» деп атап, «Ақылың бар ма-ақылға ер, ақылың жоқ па-нақылға ер», «Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара», «Мақал-мәтел маржан сөз» деуі-халықтың берген әділ бағасы.Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай- тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады[3, 5 бет].Афоризмдерді мақалдан айыру қиын. Өйткені, көптеген афоризмдер мақал-мәтелдердің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық мақалы.
Ақын Мұзафар Әлімбаев афоризмге мынадай анықтама береді:
«Қанатты сөздердің қайнар көзі- халық тілі- мақалдар мен мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, әдеби тіл жазушылардың, оқымыстылардың тарихта өткен атақты қайреткерлердің өткір нақылдары, сөз байламдары».
Жалпы алғанда мақал-мәтелдерден афоризмді мынадай жақтарына қарап ажыратуға болатын сияқты:
а) афоризм әрқашан оқиғаны, затты, яғни өмірде болатын істің мазмұнын терең, өткір етіп береді. Сонымен қатар, афоризм қашанда оқиғаны тура мағынада да, ауыспалы мағынада да қолданыла береді. Дегенмен, мақал-мәтелдер, афоризмге қарағанда, оқиғаны образды түрде бейнелейді.
ә) мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше жанры ретінде қарастырылса, афоризм, көбіне, жазба әдебиетіне байланысты жасалып отырады.
б) мақалдар мен мәтелдер өмір құбылысының жақсы, жаман жағын бірдей көрсететін болса, афоризмдер өмір құбылысының, көбіне, жақсы жағын үлгі ретінде ғана баяндайды.
Шығармадағы мақал-мәтелдер
-
- Шырағым, ел тыныштығын жоғалтқан бір аласапыран заман болып кетті емес пе,- деді ақсақал уһілеп, -жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қытты сөйлесе мұсылман діннен шығады. [«Қаһар»,18-бет]
Жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қытты сөйлесе мұсылман діннен шығады. ауыс.Құлаққа жағымды, көңілге қонымды сөз тауып адамды өзіне баурай сөйлеу мен көңіл қалдыратын қопал сөздің парқы зор, тигізер әсері басқа-басқа; жылы сөзді адам тұрмақ, жылан екеш жыланда түсінеді, бойы иіп, адамға үйір болу мүмкін; көңіл қалдырар қопал сөз ұйып отырған мұсылман қауымын да «әйкәпірге» айналдырып, алыстатып жіберуі мүмкін. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 339-бет]
-
-Көрмес түйені де көрмес, -деген оның сәл ренжіген дауысын естіді:- бар қазақты өзіңе балама... Сен ақ патшаға қарсы шыққанмен , оны құшағын жайып қарсы алғандар аз ба? Олардың ұпайы түгел.[ «Қаһар», 22-бет]
Көрмес түйені де көрмес ауыс. Жаратылысынан еренсіз, айналасындағы дүниенің мән-жайына бейғам, бейжай, немқұрайды қарайтын адам үшін көз алдындағы дүниенің (заттың, малдың, құбылыстың) үлкен-кішілігі бәрібір; ол оның бірін де, тіпті түйедей үлкен хайуанның өзін де байқамауы мүмкін; бұл-дүниедегі мәнді-мәнсіз заттармен санаспау, көзін еілмеу деген сөз. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 368-бет]
-
Кезеген мылтық, жалаңаш мылтықтың түсі қандай зәрлі, Жоламан тобындағы кейбіреулер сескенейін деді. Бірақ амал бар ма, «қоянды қамыс, ерді намыс өлтірген» бұлар қарсы шығуға мәжбүр болды.[«Қаһар»,45-бет]
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді. 1. Аңшылар аулайтын аңдардың бірі- дала қояны. Оны ұстаудың қалыптасқан бір тәсілі- қыстың суығында мұзбен бірге қатып қалатын көл не, көлшік жердегі сояулап тастаған қалың қамыс сабақтарына қуып барып, арандату.2. ауыс. Адамның да, хайуанның да басын өлімге байлап беретін асыл да абзал мақсат болады дегенді аңғартады. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 409-бет]
-
Құшбегі қанша жылы сөйлеп шығарып салғанынан қарамастан, екеуі де бір сұмдықты сезген-ді. Кеңесе келіп, «есің барда еліңді тап» деген ақылды еске алып, Мәделіханмен сөйлескеннен кейін, бір сәт те кешікпей елге жүріп кетуді ұйғарды. [«Қаһар», 59-бет]
«Есің барда еліңді тап» Ауыс. Атамекеннен алыста жүріп қалған адамға айтылатын ақыл-кеңес; бойыңда қуат, ақыл-есің дұрыс, қаратймаған, қарып-қасер болмай тұрғанда өзің туып өскен елге қайта орал. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 295-бет]
-
Кең байтақ жерді алып жатқан үш жүзден құралған елдің ауызбірлігі күшті болғанын, үнемі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырғанын дәріптей келе.[«Қаһар», 71-бет]
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып .Ауыс. Бір қауымдағы адамдардыңтқандай да іс болмасын оған бір кісідей болып , қауымдаса, қарбаласа кіріскенде ғана ол нәтижелі болмақшы деген сөз. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 265-бет]
-
.Кенесары батыр қазақтардың өз тәуелсіздігінен айырылуының ең басты себебі- «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп қарайтын ел ағаларының ауыз бірлігі жоқтығынан деп білетін. [«Қаһар»,73-бет]
«Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» Ауыс. Жапатармағай жабылып, көпшілік болып, ортақтасқан тіршіліктен де жеке бастың, өз білгенінше істелінетін тірлігі нәтижелі болады деп есептеу, соны қалау, жеке меншік әрекетін оңаша тірлік деп ұнату, артық көру. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 443-бет]
-
Балық басынан шіриді, қазақ жерін ақ патшаға беріп отырған осы аға сұлтандар деп кектенеді Кенесары.[«Қаһар», 76-бет]
Балық басынан шіриді, Жаман аяғынан шіриді. 1. Шынында да, аудан алынып, күтімсіз тасталған балық бұзыла бастайды, оның бітеу денесінің басқа жерінен емес, ауыз, көзі, желбезегі, айқұлағы бар бас жағынан шіритіні байқалады.2.ауыс. мақал бүлінетін нәрсенің бір қатары, соның ішінде адам да, не бас жақтан, әғни қоғамдық тәртіптің ел билейтн басшы, бетімен кеткен адамдардың тарапынан бүлдірілуі мүмкін дегенді аңғартып тұр. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 237-бет]
-
Ал Шыңғыс шаш ал десе бас алатын қатал, әрі өжет, әрі батыл. Жәнәділ салпы ауыз қара.[«Қаһар», 95-бет]
Шаш ал десе бас алыпты. 1. Біреудің басындағы шашын ал деп жұмсаған адам өз кәсібін, ұстараның өткірлігін көрсеткісі келдіме, жоқ әлде әмір берген жағымпазданғысы келді ме, әлде қастандық істегісі келдіме, ол арасы беймәлім,, әйтеуір, біреудің шашын алудың орыны басын кесіп алу фактісін көрсетіп тұр. 2. Ауыс, асыра сілтеу әрекетіне бой ұру; іс деген нәрсені орындаудың орына олай істеуге боламайтын нәрсені де жүзеге асырып, қалыптасқан дәстүрді бұзу. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 539-бет]
-
Ожар төмен қарап күлімсірегендеу езу тартты.
-
Заманың түлкі болса тазы болып шал деген ғой біздікі. [«Қаһар», 104-бет]
-
Замының түлкі болса тазы болып шал. Ауыс. Заман ағымына қарай тіршілі ет: егер заман ағымы, түлкі тәрізді қулық-сұмдығы, айла-шарасы ол болса, сен де сол алтайы қызыл түлкіні қырдан қиып түсетін күлік те ұшқыр тазыдай жүйрік бол, амалыңды асырып, одан аларыңды алып қал дегенді аңғартады. «Ит түлігін түлкі ұнатпас» деген мақалда осы мағынаға қатысы бар. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 341-бет]
-
Кенесары «болды» дегендей қолын көтерді.
-Аталы сөзге арсыз тоқтамас. Абылай атама бабаларының істеген жақсылығын алдыма тартты ғой, қоя беріңдер,-деді.[«Қаһар», 126-бет]
Аталы сөзге арсыз ғана таласады. Аталы сөз-ата бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы халықтың көңілінде жатталып, жадында сақталып келе жатқан аталы сөздермен те сөз мәніне терең түсінбейтін надан, арсыз ұятсыз адам болмаса, таласпайды; олар-даналық заңы демекші. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы»,204-бет]
-
Алайда соңынан ерген батырлары оны ұлт қаһарманына айналдыруға тырысты. Ал Кенесары өзі болса «Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл» дегендей, әлі де ақ патшамен шын белдесіп күресуге күшінің жеткіліксіз екенін жақсы түсінді.[«Қаһар», 135-бет]
Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.1. о баста: ел ішінде өзінің әділдігімен аты шыққан Аз бидің айтқан сөзі ретінде кең тараған әңгіменің сюжеті негізінде қалыптасқан бұл мақал: Билік басына көтеріліп, би болған Аяздың өзіне-өзі: «аяз би, кеше кім болғаныңды, бұл билікке қалай жеткеніңді ұмытпа!»-деп ескеруінен қалған сөз; 2. Ауыс, әркім өң алдымен өзін-өзі, кеше кім еді, бүгін кім болып отырғанын, билік, мансапқа қалай қолы жеткенін, яғни өз өмір-болмысына сын көзбен қарап, өткенін естен шығармауын ескеріп тұр. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 217-бет.]
-
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», Қоңырқұлжа да тұқымның ауызданған салтынан аса алмаған.[«Қаһар»,137-бет]
Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны ілер.1. о баста бұл сөз бүркітші-саяткер тәжірибесінен туындаған: 2. Ауыс. Өткен ортада,отбасында жасқы тәрбие алған бала өсіп ер жеткенде, азамат болғанда сол тәрбиенің үлгі-өнегесін көрсетеді, соны істейді. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» мақалмен мағыналас. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», 526-бет]
-
Осыны неге түсінбейді бейбақ? Дос жылата айтады, дүшпан күлдіре айтады. Шын көңілден сұрап отыр ғой, не болса да шындықты алдына ашып салайын»(164-бет)
-
Бірақ қасқыр арыстан да, жолбарыс та емес, қанша көкжал болса да ауыл-аймақтан ұзай алмайды... одан кейінгі елім «сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі» дегендей заманының ықпалына қарай түлкі болмасқа амалы бар ма?
-
Батыр елден батыр ел туады. Бірақ әңгіме ода емес басқада. Көп қорқытады, терең батырады. Сол көптің қорқытатынын алдын ала болжаған қарт Асан Қайғы да түсінген.(166-бет)
-
-Бүгінгі жақсылықтарыңды қмір бақи ұмытпаспын, -деді жоламан қалың қабағын дүр көтеріп. –Алау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді деген осы. [46-бет]
-
Ал Жәнәділде бұл жігердің бірі де жоқ. Бір биеден ала да, құла да туады деген міне осы. Аға сұлтан екі баласын да жек көреді.(96-бет)
-
Кенесары қасқыр көрген бүркіттей түйіле қалды. -Қатын аулын батыр шаппас. Қайын атам жұрты демесе, өзің шап!(120-бет)
-
Ал Ақбөкенге Байтабынның жығылуы үлкен әсер етті. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған», жиырмадан аспай жатып атағы алты алашқа жайылған, әрі әнші, әрі сал, өзі төре Наурызбайды Ақбөкен жақын көруге құштар еді.(127-бет)
-
Бұл ауылдың жігіттерін Қоңырқұлжа бекіністі қорғауға алмаған, тоқал тыныштығын күзетуге қалдырған. Қазаны бөлектің-қайғысы бөлек. (146-бет)
-
Жә, сөзді бөлмей, артыңды қысып жайыңа отыр. Қатыныңның ақылымен қоңсы қонсаң, көршің жау шығады. Жәнәділ де алысқа кетпес, оған да шаруа табылар. (146-бет)
-
Ол тек мақсатын қарсы шықпасаң, Қенесары қандай күнәң болса да кешеді деп болжайды. «Ер шекіспей бекіспейді деген, шекістім-сен жеңдің деймін,-дейді ішінен Қоңырқұлжа,-міне қолым»(148-бет)
Қорытынды:
Қазақ афоризмдері жазба әдебиеті негізінде жасалып, жаңадан қалыптасып келе жатқан жас тұлға. Бірақ, қазақ афоризмі қазақ әдебиеті тарихында болмаған категория деуімізге болмайды. Өйткені, жазба әдебиеті кеш басталған қазақ әдебиеті сияқтыларда ауыз әдебиеті аса күшті дамығаны айқын. Ал ауыз әдебиеті тұсында афоризмдердің бәрі дерлік халық қазынасына айналып кеткені мәлім[3, 76-78 бет]. Оқырманның көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілік, патриоттық сезімін күшейтуге жол ашатын Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы мәңгіге өлмес, өшпес мұра болып қала береді.
Әдебиеттер тізімі:
-
Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері», , «TST-compani» баспасы, Алматы 2006, 360-бет
-
Есікепова К.Қ, Қанапина С.Ғ. «Мақал-мәтел тіліндегі концептілік құрылымдар»Қостанай. ҚМПИ, 2011.-143б
-
С.Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі(Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)», Қостанай. ТОО «Центрум», 2010.-180б.
-
М. Әлімбаев «Халық-ғажап тәлімгер» Алматы, Рауан, 1994,-144бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз